Санат: Шымкент
-

Құрметті аудан тұрғындары! Құрбан айт құтты болсын!
Құрметті аудан тұрғындары! Құрбан айт құтты болсын! Сізге және отбасыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Әр шаңыраққа қуаныш пен жылулық, молшылық пен тыныштық орнасын. Құрбан айттың қасиетті күндері жүректеріңізге иман нұрын сыйлап, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1228798?lang=ru
-

Талдықорғанда ерекше күтімді қажет ететін бала жоғалды: полиция тұрғындардан көмек сұрайды
2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 19:50-де «102» арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз. Белгілері: бойы шамамен 120 см, үстінде Өрмекші адам бейнеленген ақ футболка, қара трико және көк сланцы болған. Шығыс шағын ауданында жедел түрде…
-

ШЫМКЕНТТІК ТАҒЫ БІР ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 23 ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Үздік оқушы – 2025» конкурсының жеңімпазы, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлегі Тамерлан Сыздықов жоғары академиялық нәтиже көрсетті. Түрлі деңгейдегі білім додалары мен іріктеулердің қорытындысы бойынша ол шетелдік 23 жоғары оқу орнының шақыруына ие болды. Мектеп түлегіне шақыру жолдаған оқу орындарының ішінде АҚШ, Гонконг, Австралия және Испания, Италия, Түркия мен Ұлыбритания…
-

Астанада дрон арқылы экологиялық құқық бұзушылық анықталды
Елордада тазалықты сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Жыл басынан бері қоқысты заңсыз төгу, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері бойынша шамамен 20 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтарды анықтауда заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аударылуда. Мәселен, Байқоңыр…
-

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 417/29 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 417/29 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2, 3…
-

Алматы қаласы спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өтт
Алматы қаласы спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-sports/press/news/details/1228806?lang=ru
-

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына…
-

Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес 2026 жылғы сәуірде туризм саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының жұмысын үйлестіретін тұрақты ведомствоаралық алаң ретінде құрылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.…
-

Көлік полицейлері азаматтарды теміржол көлігі нысандарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады
2026 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 22 376 азаматты жауапкершілікке тартты. Мұндай құқық бұзушылықтар теміржол көлігі нысандарындағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі болып қалып отыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көлік полицейлері теміржол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, халық арасында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қабылданып…
-

ГЕРМАНИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада остеоартрозды емдеудегі эндоваскулярлық катетерлік эмболизация (ЭКА) әдісіне арналған халықаралық шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға Германиядан келген профессор Аттила Ковач қатысып, Алматы, Қарағанды және Шымкент қаласының мамандарымен тәжірибе бөлісті. Практикалық бөлімде дәрігерлер түрлі феморальды қолжетімділік тәсілдерін көрсетіп, Шымкент қаласының 3 тұрғынына тізе буынындағы ауырсынуды азайтуға бағытталған ота жасады. Шеберлік сағаты барысында ЭКА…
-

ШҚО СПОРТШЫСЫ БАТУТ ТРАМПЛИНІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОС КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ
Батут таянышы мен трамплинінен (батуттық гимнастика) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында және 7-ші Азия біріншілігінде (Age Group) Шығыс Қазақстан облысының спортшысы жоғары нәтиже көрсетті. Айтулы құрлықтық додада бақ сынаған дарынды спортшымыз Адал Манат халықаралық аренада ерекше шеберлігімен көзге түсті. Тартысты өткен сындардың қорытындысы бойынша Адал Манат жекелей бағдарламаның финалында үздік өнер көрсетіп, Азия чемпионатының күміс…
-

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша танымдық іс-шаралар
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті арасындағы үшжақты меморандум аясында 1 және 3 курс студенттеріне арналған білім беру акциясы өтті. Тәжірибелік сабақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында басталып, өндіріс үдерісінде аммиак секілді күшті әсер ететін улы заттарды қолданатын «Caspian Beverage Holding» компаниясының аумағында жалғасты. Кездесу барысында…
-

Каратал өзенінен іздеу жұмыстары барысында жасөспірімнің мәйіті табылды
26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігіне…
-

Әулиекөл ауданында жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактісі тоқтатылды
Әулиекөл ауданында жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактісі тоқтатылды Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланып көлік басқару фактісін тоқтатты. Көлік тізгінінде өңірдің 36 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік құралын көрінеу жалған мемлекеттік нөмірлермен басқарған. Аталған факті бойынша полиция әкімшілік іс қозғап, автокөлік полиция бөлімінің мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Полиция жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану…
-

Қазақстанда 2026 жылдың екінші жартыжылдығында пилотсыз такси іске қосылады
2026 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан пилотсыз таксидің пилоттық жобасын іске қосу алаңына айналады, бұл бағытта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Yandex Qazaqstan және inDrive компанияларымен бірлесіп, инфрақұрылымды кешенді түрде дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іске қосуға дайындық белсенді жүруде, ал Yandex Qazaqstan мамандары техникалық базаны қалыптастыруға кірісіп те кетті: мамандандырылған гараждар жабдықталуда, автономды автомобильдер паркі…
