Санат: Қазақстан

  • Санкт-Петербургте Абай күніне арналған іс-шара өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 20 тамызда Санкт-Петербург қаласындағы В. Маяковский атындағы кітапханада ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, студенттер, кітапхана оқырмандары және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Абайдың әдеби және рухани мұрасы, оның философиялық және адамгершілік идеялары кеңінен талқыланды. Студенттер ақынның…

  • НҰРЛАН ӘБДІРОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды байқау үшін Қазақстанға келген халықаралық байқаушылар миссияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтатын болсақ, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Осман Местеннің басшылығымен Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы миссиясымен…

  • ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ҚЫТАЙМЕН АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КҮШЕЮДЕ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    📍Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында халықаралық байланыстарды нығайту жұмыстары жалғасуда.📍Осы мақсатта Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов бастаған ауданның ауыл шаруашылығы саласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Қорғас қаласында өткен «Жасыл агротехнология» форумына қатысты.📍17-19 тамыз күндері ұйымдастырылған халықаралық форум Қытай Халық Республикасының Агро-техникалық университеті мен…

  • Алматыда алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының мониторинг нәтижелері талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматыда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қаладағы медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуі өтті. Жиында алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) ұйымдарының қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылып, сондай-ақ иммунопрофилактика мәселелері қаралды. «Алматы қаласы бойынша мониторинг нәтижелері» тақырыбында баяндаманы Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының стратегиялық даму жөніндегі директор орынбасары Амина Оразбаева жасады. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті…

  • 2026 жылғы 20 тамызда Чапаево ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Іс-шараға Қызылжар ауылдық округі әкімдігі аппаратының ұжымдары қатысып, электр беру желілерінің тіректерінің бойында ағаштарды кесуден кейін қалған бұтақтарды жинау және аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.Тазалық жұмыстары барысында аумақ абаттандырылып, санитарлық жағдайы жақсартылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-kyzylzhar/press/news/details/1277745?lang=ru

  • Тұмабұлаққа газ келді: ауыл тұрғындарының тұрмысы жеңілдейді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Тұмабұлақ ауылына табиғи газ берілді. 65 жыл бойы көмір мен отын пайдаланып келген ауыл тұрғындары енді көгілдір отынға қол жеткізді. Газды іске қосу рәсімінде бұл жоба ауыл тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндік беретіні атап өтілді. Тұмабұлақта газ жағылған алғашқы үйлердің бірі – Ақсауле Симатованың шаңырағы.…

  • Комиссия отырысы өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығында мүгедектігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй және мүліктік құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелерімен қатар Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері, жұмыс тобына сарапшы ретінде қосылған «Балалардың құқығын қорғау орталығы» КММ директорының м.а.…

  • Ербол Қарашөкеев Байзақтағы әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын тексерді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданына барып, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын зерделеді.   Жұмыс сапары «Ново-Михайловский» каналын қайта жаңғырту жобасымен танысудан басталды. Суару жүйесі 800 гектар алқапты қамтиды. Ислам даму банкі арқылы қаржыландырылған жобаны 2026-2027 жылдары…

  • Жастарға қоғамдық-саяси өмірде ерекше орын берілуде: Құрылтай сайлауы қарсаңында Прагадағы қазақстандықтармен кездесу

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Прага қ., 2026 ж. 19 тамыз – Прагада Қазақстан дипломаттарының Чехияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандық азаматтармен кездесуі өтті. Ашық пікір алмасу барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері, оның ішінде конституциялық реформаның іске асырылу барысы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жаңа жоғары өкілді орган – Құрылтайды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кездесуде саяси жүйені одан әрі…

  • Елімізде Еңбек күніне орай ауқымды форум өтеді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні мейрамы аталып өтеді. Биыл осы мерекеге орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп форум өткізуді жоспарлап отыр. Еңбек күні – елдің дамуына үлес қосып жүрген әр маманның кәсіби қызметін бағалап, адал жұмыс пен шеберліктің маңызын дәріптейтін күн. Былтыр Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы»…

  • Құқықтан айырылған қарағандылық қайтадан көлік тізгінінде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Құқықтан айырылған қарағандылық қайтадан көлік тізгінінде. Қарағанды облысында көлік басқару құқығынан айырылған 24 жастағы тұрғын қайтадан рөлге отырған. Қарағанды–Шахтинск автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Honda Civic автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол белгіленген шектеуді елемей, қайтадан көлік басқарған. Құқық бұзушының көлігі арнайы…

  • Кәсіптік төлем: артық құжат жинаудың қажеті жоқ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    55 жасқа толып, зиянды еңбек жағдайында ұзақ жыл жұмыс істедіңіз бе? Енді жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін кәсіптік төлемді алу үшін артық құжат жинап, мекеме аралаудың қажеті жоқ. Төлем проактивті түрде, цифрлық форматта рәсімделеді. Жүйе қажетті талаптардың орындалуын автоматты түрде тексереді. Ал сізге банк шотын таңдау туралы SMS-хабарлама келеді. ▶️ Бұл қалай жұмыс істейді? Толығырақ…

  • Жалақы төлеу мәселелері – ерекше бақылауда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментінде жеке кәсіпкердің жалақыны төлемеу мәселесі бойынша жүгінген азаматтарды қабылдау өткізілді. Кездесу барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасында көзделген құқықтары, еңбек құқықтарын қорғау тәртібі және қалыптасқан жағдайды шешу үшін одан әрі атқарылатын іс-қимылдар түсіндірілді. Өз кезегінде Департамент аталған мәселені белгіленген құзыреті шегінде жұмысқа алды. Жұмыс берушілердің назарына жалақыны уақтылы және…

  • Зейнетақы мөлшері Қазақстанда неге байланысты?

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Зейнетақы төлемдерінің мөлшері барлық азаматтар үшін бірдей емес. Ол жеке тәртіппен айқындалады және еңбек өтіліне, зейнетақы жүйесіне қатысуына, табыс мөлшеріне, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты болады. Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек қызметінің әртүрлі кезеңдері және азаматтың зейнетақы құқықтарын растайтын мәліметтер ескеріледі. Сондықтан еңбек қатынастарын уақтылы ресімдеу және міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аудару болашақ зейнетақымен қамсыздандыру…

  • Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты. «Мерейлі отбасы» байқауы – адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін айшықтауға бағытталған маңызды жоба. Байқау елімізде 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бүгінде Абай…

Exit mobile version