Санат: Қазақстан
-
Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беру тәртібі туралы түсіндірме
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыскерлерге (басқа да әлеуметтік демалыстармен қатар) жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Скринингтік зерттеулерден өту үшін берілетін демалыс жыл ішінде қатарынан үш жұмыс күні ретінде де, сондай-ақ күнтізбелік жыл бойы бөліп-бөліп те берілуі мүмкін.…
-
Құрметті Орал қаласының тұрғындары! «Батыс су арнасы» ЖШС хабарлайды
«Батыс су арнасы» ЖШС хабарлайды: Бегелдинов – Доспанов көшелерінің қиылысындағы диаметрі 400 мм су құбырында болған апатты жоюға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Осыған байланысты, 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Балауса шағын ауданында, Бегелдинов көшесінде және Әзербайжан көшесінде ауыз су беру уақытша тоқтатылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1256243?lang=ru
-
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою ережелері
📌 Абай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін еске салады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен ерекше назар аударуды талап ететін нақты талаптар бекітілген: 🔹 Кім және қалай жояды?300 қаптамаға (данаға) дейін: Жоюды ұйымның өзі жүзеге асырады. Ол үшін басшы…
-
«Жасыл» экономикаға бастар жол: Қарақыстақ су электр стансасының үлесі
Қазіргі таңда әлем елдері экономиканы дамытуда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауға басымдық беріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі энергетикадан жаңартылатын қуат көздеріне кезең-кезеңімен көшу – Қазақстан үшін де стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Бұл тек электр энергиясын өндірудің баламалы тәсілі ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік…
-
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Fari Cakes» кондитерлік өнімдер дайындайтын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшысы Құлманова Фариза Сайлаубайқызы аудан әкіміне өндіріс барысын таныстырып, цехтың жұмысы, өнім түрлері және алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бүгінде цехта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Fari Cakes» кәсіпорнында кондитерлік өнімдердің…
-
Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық олимпиадаға қатысуда
Колумбияның Букараманга қаласында мектеп оқушылары арасында физикадан 56-шы Халықаралық олимпиада (International Physics Olympiad, IPhO 2026) өтуде. Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып, биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда. Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды. Оқу-жаттығу жиындарының…
-
Сенім түсіністіктен басталады: учаскелік инспектордың тұрғындармен жұмыс тәсілі
Оның басты міндеттерінің бірі – тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың мәселесін тыңдау, түсіну және қажетті көмек көрсету. Полиция майоры Гүлaхмед Исмаилов өз жұмысында осы қағиданы басшылыққа алады. 13 жылдық қызмет жолында ол Ақтау қаласының 2-шағынауданы тұрғындарымен сенімді қарым-қатынас қалыптастырды. Бүгінде тұрғындар оны тек полиция қызметкері ретінде ғана емес, кеңес беріп, көмек көрсете алатын сенімді адам…
-
2026 жылғы 7 шілдеде Обаған ауылында «Мирас» шаруа қожалығының қызметкерлері балалар ойын алаңындағы жарық шамдарын ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар балалар мен ауыл тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылды.
2026 жылғы 7 шілдеде Обаған ауылында «Мирас» шаруа қожалығының қызметкерлері балалар ойын алаңындағы жарық шамдарын ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар балалар мен ауыл тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1256232?lang=ru
-
🎉 136 БАЛЛ – ТАБАНДЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ!
Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының түлегі Мәлік Эленора Ұлттық бірыңғай тестілеуде 136 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Эленора – оқу озаты, білімге құштар, еңбекқор әрі мақсатшыл шәкірт. Ол облыстық және республикалық пәндік олимпиадалардың екі дүркін жеңімпазы ретінде білім мен ғылым жолындағы табандылығын талай мәрте дәлелдеді. Жас түлекке алдағы білім жолында…
-
Қазалыда жуық арада екі спорт кешені пайдалануға беріледі
Қазалы ауданында Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында салынып жатқан спорт кешендерінің құрылысы қарқын алуда. Қазіргі таңда екі заманауи спорт кешенінің құрылысы толық аяқталып, оларды пайдалануға беру алдындағы соңғы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл қаңтар айында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 398,5 млн. теңгеге Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аталған…
-
Қоныс аудару және жұмысқа орналасу мүмкіндігін енді онлайн бағалауға болады
migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аудару мүмкіндігін қарастырып жүрген азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Платформа қоныстандыру өңірлеріндегі қабылдау шарттарымен танысуға, сондай-ақ ресми жұмысқа орналасуға сұранысқа ие мамандықтардың өзекті тізімін көруге мүмкіндік береді. Пайдаланушылар өздерін қызықтыратын өңірді таңдап, сол аймақтағы бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй жағдайлары және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын өзге де мүмкіндіктер…
-
Құрметті ауыл тұрғындары! Ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Құрметті ауыл тұрғындары! Ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі шарттары: Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Несие мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы жобалары бойынша – 7 жылға дейін. Қаражат жеке кәсіпті дамытуға, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен жабдықтарды сатып алуға және басқа да бизнес-жобаларды іске асыруға беріледі. Міндетті шарттардың бірі – кепілмен қамтамасыз ету.…
-
Астанада балалардың құқықтарын қорғау басқармалары басшыларына арналған алғашқы республикалық оқыту семинары басталды
Астана қаласында өңірлік деңгейде балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін қалыптастыруға арналған алғашқы республикалық оқыту семинары басталды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтуде. Үш күндік оқытудың негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері бойынша бірыңғай түсінік қалыптастыру, олардың қызметін…
-
«Өз құқығыңды біл» акциясы аясында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кездесу өтті
Қала прокуратурасының үйлестіруімен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Өз құқығыңды біл» акциясы шеңберінде Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Е.Т. Ибраимов еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында еңбек қатынастары саласындағы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндіріліп, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру…
-
Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді
2026 жылғы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасына (European Geography Olympiad, EGeo) 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның 9 оқушыдан құралған ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, команданың барлық мүшесі жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстанның Еуропалық география олимпиадасына қатысу…
