Санат: Қазақстан
-
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы 2025 жылғы 25 маусымда өтті. Отырысты Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірлік өкілі А.Ж. Байдуллина жүргізді. Іс-шараға сарапшылар А.А. Тоқсанбаева, Д.Ж. Анапин, С.Н. Қазыбаева және К. Нұрлин қатысты. Жиында репродуктивті жастағы әйелдер мен жыныстық жетілу кезеңіндегі қыздардың денсаулығына қатысты мәселелер талқыланды.…
-
Қазақстан мен Үндістан өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестірді
Нью-Дели, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Қазақстандағы Үндістан Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында Үндістан инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ екі…
-
Көп инвестиция – аз кедергі. Абай облысындағы «прокурорлық сүзгінің» тиімділігі
Президенттің тапсырмасына сәйкес, прокуратура органдары инвестициялық жобаларды жер телімдерін бөлуден бастап, өндірісті іске қосуға дейін сүйемелдеп, заңдылықты қамтамасыз етіп, қысымнан қорғайды. Бас прокуратура «прокурорлық сүзгі» механизмін енгізді – тексерулер, қызметті тоқтату, лицензияларды қайтарып алу немесе келісімшарттарды бұзу тек Бас прокуратураның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл механизм 1000-нан астам заңсыз…
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңының 8-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 “Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті” РММ бұйрығымен бекітілген “сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі…
-
«Прокуратура есіктерін ашады!»
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Өскемен қаласындағы колледж студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және заңгерлік мамандыққа қызығушылықты дамытуға бағытталды. Кездесудің негізгі тақырыптары ретінде жасөспірімдер қылмысының және кәмелетке толмағандарға қатысты…
-
Қазақстан СІМ-де Ұлыбритания Елшісімен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өтті
Астана, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личті оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. Министрдің орынбасары К.Личке Астанада өткен төрт жылдық қызметі барысында екіжақты ынтымақтастықтың дамыуына қосқан елеулі үлесі мен табысты өзара іс-қимылы үшін алғыс білдіріп, ҚР Президенті…
-
V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: areket yaqyty» стратегиялық серіктестігі аясында Ұлттық фронт-кеңсе ұйымдастырған V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебі өз жұмысын аяқтады. Аталмыш мектеп 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында елімізде волонтерлік қоғамдастықты қалыптастыруға арналған маңызды алаң ретінде танылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды әлеуметтік маңызы бар…
-
500 жуық балаларға музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді
Бүгін Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне Талдықорған қаласының әр мектебінен, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы келген 500 оқушыға музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды. «Жетісу табиғаты», «Археология», «Этнография», «Кеңес дәуірі» және «Ерлік пен Даңқ» залдарын аралап, өткен күннің куәсі саналатын жәдігерлер таныстырылып, туған өлкенің тарихы, салт-дәстүрі…
-
Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өтіп жатқан «Заң және тәртіп» апталығы аясында ІІМ Басқару академиясының ашылуына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жарияланған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы өтті. Премьер-министр Олжас Бектенов құттықтау сөзінде жаңа оқу орны Президенттің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және кадрлық әлеуетті жаңғырту жөніндегі жүйелі саясатының аясында жүзеге асырылып отырған аса қадам екенін атап өтті. Соңғы…
-
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Отырысқа сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) өңірлік топтарының жетекшілері қатысты. Кеңес барысында 2025 жылға арналған алдын алу сапарларының қорытындысы бойынша ҰАТ қатысушыларының Шоғырландырылған баяндамасын әзірлеу мәселелері, сондай-ақ 10 жыл ішінде мемлекеттік органдар тарапынан баяндамаларда көрсетілген ұсынымдардың орындалуына жүргізілген талдау қаралды. Жыл…
-
Омбудсмен: 2024 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шамамен 6 млрд теңге бағытталды
Женевада өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-сессиясы аясында ұйымдастырылған сайд-ивент барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерді қолдау шаралары туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, елімізде дағдарыстық көмек көрсету жүйесі жетілдіріліп келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін 74 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, олардың 61-інде әйелдер мен балаларға…
-
Қостанай облысы – «Таза Қазақстан» бағдарламасын табысты жүзеге асырып жатқан өңірлердің қатарында
Экология, абаттандыру және аумақтардың тұрақты дамуы – Мемлекет басшысы айқындаған басты басымдықтардың бірі. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру ерекше маңызға ие. Бұл бастама жүйелі түрде іске асырылып жатқан өңірлердің бірі – Қостанай облысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, өңірдің…
-
Ақмола облысы полиция департаментінің киберполицейлері “ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері” форумына қатысты
“Заң және Тәртіп” апталығы аясында, Көкшетауда “Болашақ” оқушылар сарайында ауқымды іс-шара өтіп, жергілікті атқарушы органдарды, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғамның белсенді мүшелерін біріктірді. Полиция департаментінен бастықтың бірінші орынбасары полковник Ерлан Акбаров, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Досым Жапаров және аймақтың CiberPol қызметкерлері болды. Форумға қатысушылар талқылаған мәселелер бүгінде бұрынғыдан да өзекті. Бұл әртүрлі пирамидалар, қолма-қол…
-
«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Қостанайда «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды мәдени және білім беру бастамалары арқылы нығайтуды көздейтін «Әділ қоғам» жобасы Қостанай облысында да өз жұмысын бастады. Игі бастама «Заң мен тәртіп» апталығы шеңберінде іске асырылып, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді арттыруға бағытталды. Жоба аясында түсіндіру іс-шаралары, ашық пікір алмасу алаңдары, білім беру форматтары мен мәдени кездесулер өткізу жоспарланған. 24…
-
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстан аграрлық саясатының басты басымдығы
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков аграрлық секторда тұрақты өсім байқалып отырғанын мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4%-ға артып, 1,3 трлн теңгені құрады. 2024 жылы Қазақстан 26,7 млн тонна көлемінде рекордтық астық жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.…