Санат: Қазақстан
-
Апталық шолу
7.09 Ақмола облысы Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді. 8.09 Астана Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов саланы цифрландыру мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді. 9.09 Астана Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК…
-
Әкелер жүгіріп, аналар велосипед тепті: Астанада 100-ге жуық отбасы жарысты
Астанада Отбасы күніне орай «OTBASY DUATLON 2026» отбасылық жарысы оныншы рет өтті. 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан сайысқа қатысушылар 4,2 шақырымдық қашықтықты жүгіру мен веложарыс арқылы еңсеріп, балалар үш жас санаты бойынша бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Отбасылық дуатлонның биылғы бәсекесінде балалар үшін үш санат (8-9, 10-11 және 12-13 жас) белгіленді.Жалпы…
-
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Отбасы күніне арналған құттықтауы
Адамның дүниеге көзқарасы мен азаматтық болмысы ең алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алады. Қара шаңырақтағы ата-ананың мейірімі мен өнегесі әр перзенттің өмірлік ұстанымын қалыптастырып, алға қойған асқақ мақсаттарына ұмтылуына жол ашады. Мен балалық шағымды, әкенің ақылын, үйдегі қарапайым тіршілікті, отбасыммен бірге өткізген қымбат сәттерді жиі еске аламын. Ауылда өстік. Үйдегі тіршілікке ерте араластым. Әкем –…
-
Астана #Otbasym2026 жалпыұлттық челленджіне қосылды
Әлеуметтік желіде отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және ізгі дәстүрлерді дәріптеуге арналған #Otbasym2026 жалпыұлттық челленджі өтіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Бастамаға елорда тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, жастар мен спортшылар, мектеп және колледж оқушылары, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ басқа да белсенді қала тұрғындары қатысып жатыр. Челленджге қатысушылар…
-
ШҚО әкімі өңір халқын Отбасы күнімен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір халқын Отбасы күнімен құттықтады: Құрметті шығысқазақстандықтар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өміріндегі ең қымбат дүниелер көбіне қарапайым сәттерден құралады. Балаңыздың сөзін тыңдау, ата-анаңызға телефон шалу, жақын адамыңызды құшақтау – осындай қарапайым сәттерден сізді жақсы көріп, әрдайым күтетін үйдің жылуы қалыптасады. Бала ең алдымен отбасында сенімге, мейірімділік…
-
Қазақстанда 266-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Ақжар ауылында ерікті өртке қарсы құралым өз жұмысын бастады. Ол екі мыңнан астам тұрғыны бар Ақжар ауылы мен Жазық станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Өрт сөндіру бөлімдерінен…
-
Қарулы күштер әскери қызметшілері Отбасы күнін атап өтті
Қазақстанда әр жылдың қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Әскери қызметші үшін отбасы – оның басты тірегі әрі күш-қуат беретін сенімді ортасы. Осыған байланысты Қарулы күштерде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл бағыттағы міндеттер тәрбие құрылымдарының офицерлері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі мамандарға жүктелген. Әскери қызметтің ерекшелігі мен жағдайларын…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Отбасы күні құтты болсын! Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі әр адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы мен парасат-пайымы жастарға өмірлік бағдар болады, жанашыр жандардың қолдауы…
-
Целиноград ауданында Қоянды ауылы әкімінің сайлауы басталды
Бүгін Целиноград ауданында Қоянды ауылы әкімінің сайлауы өтуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, дауыс беру құқығына ие ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасауда. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Сайлау науқанына бір аумақтық және үш учаскелік сайлау комиссиясы тартылып, олар Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарының сақталуын,…
-
Бір сала, бір мақсат, бір отбасы
Отбасы – адамға күш беріп, қуанышта бірге қуанып, қиындықта қолдау көрсететін ең жақын орта. Ал өмір жолы мен кәсіби қызығушылығы бір арнада тоғысқан жандардың отбасы өзіндік ерекшелігімен қалыптасады. Бексұлтан Ибадулла үшін азаматтық қорғау саласындағы қызмет – қалыптасқан кәсіби жол. Ал жұбайы Гүлнар Әбітаева бұл салаға жақында ғана қадам басқан. Жолдасының күнделікті қызметін көріп,…
-
«Таза жағалау»: Қазақстан аймақтарында кең ауқымды экологиялық акция өткізілді
12 қыркүйекте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты өзен жағалаулары мен су қоймаларын қоқыстардан тазарту, су айдындарының тазалығын сақтау және табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауды насихаттау болды. Акцияға шамамен 38 мың адам қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, еріктілер, қоғам белсенділері және аймақ тұрғындары тазалық жұмыстарына қатысты.…
-
ТЖМ басшысы Елек өзеніндегі жаңа құтқару станциясын ашты
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Ақтөбе қаласында облыстық жедел-құтқару жасағының құтқару станциясын ашты. Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты. Станцияның құрылысы облыстық бюджет қаражаты есебінен 2026 жылғы тамыз-қыркүйек айлары аралығында жүргізілді. Құтқарушылар мұнда тәулік бойы кезекшілік атқарып, Елек өзенінің ағысымен…
-
Қазақстан Елшісі Черногория Премьер-министрімен екіжақты күн тәртібін талқылады
Подгорица, 2026 жылғы 10-11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Черногория Премьер-министрі Милойко Спаичпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Черногория арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылады. Аталған кездесуде Қазақстан мен Черногория мемлекеттері басшыларының кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар көлік және…
-
Зерделеу жұмыстары жүргізілді
Сарысу аудандық мәслихатының перспективалық жоспарындағы қаралған мәселелерге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық мәслихат аппаратының басшысы мен мәслихат аппаратының жауапты мамандары Жаңатас қаласының әкімдігі мен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жаңатас қаласы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Төлебаев, аудан…
-
Қазақ киносының күнінде Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтіп жатыр
Қазақстанда көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін Алматыда тақырыптық көрме ашылып, «Менің атым Қожа» фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. 17 қыркүйекке дейін режиссердің фильмдері еліміздің алты қаласында қайта көрсетіледі. «Уақыт пен экран үндестігі: Абдолла Қарсақбаевқа 100 жыл» көрмесіне суретші М.Фролова-Багрееваның Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің желісімен салған…
