Санат: Қазақстан
-
Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырмақ
Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның жаңадан тағайындалған тең төрағасы, ӘР Премьер-Министрінің орынбасары Самир Шарифовпен кездесті. Кездесу барысында Әлім Байел Мемлекет басшыларының өзара сапарларының жиілігімен расталатын екі ел арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, Елші Әзербайжан тарапына үкіметаралық комиссия деңгейін көтеру жөніндегі қазақстандық…
-
Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына лицензиялау талаптары түсіндірілді
✅ Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында басшыларға білім беру саласындағы заңнама талаптары, мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындау тәртібі, сондай-ақ кадрлық құрамның, материалдық-техникалық базаның, санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының белгіленген нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету…
-
«Зияткерлік меншік құқықтың корғау» бөлімінің бас маманы К.Баспаулиевамен Қарақия ауданының кәсіпкерлеріне «Географиялық нұскамаға тіркелу» жөнінде семинар өткізді.
2026 жылдың 26 тамыз күні «Заң мен тәртіп»кағидатын ақпараттық ілгерлету мақсатындаМаңғыстау облысының әділет департаментінің«Зияткерлік меншік құқықтың корғау» бөлімінің басмаманы К.Баспаулиевамен Қарақия ауданыныңкәсіпкерлеріне «Географиялық нұскамаға тіркелу»жөнінде семинар өткізді. Өткізілген семинардыңбасты мақсаты- Қарақия ауданыныңкәсіпкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.Кәсіпкерлерге колданыстағы заңнамаға сәйкестолыққанды жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285426?lang=ru
-
СҚО полицейлері еңбек ұжымдарында интернет-алаяқтардан қорғанудың қарапайым ережелерін түсіндіруде
«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының атынан хабарласу – интернет-алаяқтар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қолданатын кең таралған тәсілдердің бірі. Кәсіпорын қызметкерлерінің өзіне мұндай қоңыраулар түспейді. Оларға алаяқтар ұялы байланыс операторларының, домофондарға қызмет көрсететін компаниялардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде хабарласады. Жалпы, СҚО-да интернет-алаяқтық фактілері азайып келеді: сегіз айда олардың саны 24%-ға төмендеген. Полицияның ауқымды профилактикалық жұмысы өз…
-
ТЖМ 2.0: 940 күндік жүйелі жаңғырту
2024 жылғы 6 ақпаннан 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін Шыңғыс Әріноа басқарды. Ұзақтығы 940 күнді құраған бұл кезең азаматтық қорғау жүйесін кешенді жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Өзгерістердің негізіне «ТЖМ 2.0» тұжырымдамасы алынды. Ол төтенше жағдайлардың салдарын жоюға ден қоюдан тәуекелдерді болжауға, қауіптердің алдын алуға және күштерді бірыңғай ақпараттық…
-
Венада Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай іс-шара өтті
2026 жылғы 2 қыркүйекте Вена халықаралық орталығында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және 2026 жылғы үш айтулы мерейтойға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) ашылуына 30 жыл және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Іс-шараны…
-
Аудан басшысы егін жинау науқанының барысын тексерді.
Аудан әкімі Кенеш Әлімжанов жұмыс сапары барысында Новосельское, Шуйское, Покровка, Полтавка және Борисовка елді мекендеріндегі ауыл шаруашылығы алқаптарына барып, егін ору науқанының барысымен және егістіктердің жағдайымен танысты. Покровкада «Арип Агро» шаруашылығы дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, майлы дақылдарды жинауға кірісті. Қазіргі уақытта алқаптарда күнбағысты жинауға дайындау үшін қажетті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ аудан әкімі сұлы үлпектерін өндіретін кәсіпорынға барды.…
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфир өтті
1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының ұйымдастыруымен тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирге Департаменттің Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Е.Б. Каратаев қатысып, білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат берді. Атап айтқанда, келесі мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме берілді: 🔹 «Білім беру ұйымдарының…
-
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар алимент өндіру және жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты мәселелерді көтерді. Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285420?lang=ru
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ МОДЕЛІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен ауыз сумен қамту саласындағы жұмыстар сараланған мәжіліс өтті. Жиында өңірдегі су жүйелерінің қазіргі жағдайы, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және саладағы кәсіпорындардың жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бүгінде Түркістан облысында 801 елді мекенге су тарату қызметі көрсетіледі. Оның 638-іне аудан және қала әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік…
-
Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды
Мемлекет Басшысының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Оның азаматтық қорғау органдарындағы кәсіби жолы 2002 жылдың тамыз айында басталды. Ведомстволық Академия курсантынан ТЖМ аппарат басшысына дейінгі үлгілі қызмет жолынан өткен Мұрат Сейтмолдаұлы басқарушылық тәжірибе жинақтады. Көп жылғы мінсіз қызметі барысында ол ведомствоның маңызды бөлімшелері…
-
21.08.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында, Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушылары және адвокаттардың қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
21.08.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету мақсатында, Маңғыстау облысының Әділет департаментінің «Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушылары және адвокаттардың қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңаөзен қаласындағы филиалында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді. Ақпарат көзі :…
-
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ Шымкентте 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. Дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы штаб құрамы бекітіліп, жылу шаруашылығы нысандарын маусымға әзірлеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Азат Қайнарұлы…
-
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ
Түркістан музыкалық-драма театрының әртістері Грузия елінің арнайы шақыртуымен Батуми қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетуде. Алыстан ат арылтып барған жас өнер ұжымы Илья Чавчавадзе атындағы мемлекеттік кәсіби драма театрының сахнасында ақын, философ Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізінде сахналанған «Абай. Қара сөз» пластикалық спектаклін көрермен назарына ұсынды. Қойылымның алғашқы көрсетіліміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан…
-
VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АУДАРЫСПАҚТАН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан жоғары нәтиже көрсетуде. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының үш спортшысы да өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 70 келіге дейінгі салмақта Сайлау Мұхамеджан барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленсе, 90 келіге дейінгі салмақта Дарын Өткелбай тартысты бәсекеде үздік шығып, жарыс чемпионы атанды. Ал…
