Санат: Қазақстан
-
Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды
2012 жылы Павлодар қаласындағы саяжай алқаптарының бірінің аумағынан зорлықпен қаза болған белгілері бар егде жастағы әйелдің мәйіті табылған. Қылмыстық іс ұзақ уақыт бойы ашылмаған қылмыстар қатарында болды. Алайда адам өлтіруге қатысы бар тұлғаны анықтау бойынша жұмыс тоқтатылған жоқ. Прокурорлардың және тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының жүргізген жұмысының, сондай-ақ криминалистикалық зерттеудің заманауи әдістерін қолданудың нәтижесінде…
-
«Таза Қазақстан»: Обаған ауылында тазалық жұмыстары жалғасуда.
2026 жылдың 3 қыркүйегінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Обаған ауылында аумақты абаттандыру мен тазалау жұмыстары жүргізілді. Шара барысында қоғамдық орындарды, жол жиектерін тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазалап, ретке келтірді. Тазалық — өзімізден басталады! Ауылмыздың тазалығы мен көркіне бірге үлес қосайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1285170?lang=ru
-
Алматыда GT SPORT FEST фестиваліне байланысты Төле би көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда Қала күніне орай 6 қыркүйекте GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді. Осыған байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 6 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Фестивальге қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыру және…
-
Облыс әкімі өңірдегі тазалық жұмыстарын жандандыруды тапсырды
Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов пен Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов баяндады. Биыл 4 сәуірден бастап облыстың барлық елді мекендерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Сенбіліктерге 315 мыңнан астам…
-
Ембідегі 1905 жылы салынған Жем теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңғыртылған Ембі қаласындағы Жем теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. «Жем теміржол вокзалы – өңірдің маңызды көлік нысаны әрі жолаушылар инфрақұрылымының негізгі буындарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда теміржол…
-
Болат Ақшолақов “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өңірде бизнесті дамыту мәселелерін талқылады
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев бастаған делегациямен жүздесті. Қос тарап іскерлік климатты жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және аймақтағы инвестициялық белсенділікті одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Кездесуді облыс әкімі ашып, “Атамекен” палатасымен ынтымақтастықтың өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бұл кәсіпкерлермен тікелей диалог арқылы жүйелі сипаттағы кедергілерді дер…
-
Астанада сөмкесін жоғалтқан туристке туристік полиция көмектесті
Ақтаудан Астанаға келген туристің сапары келеңсіз жағдайға ұласа жаздады. Әйел елордаға ұшып келіп, қала аралауға шыққан. Сағат 10:00 шамасында «Бәйтерек» монументі маңында құжаттары, бағалы заттары мен ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алған.Турист сөмкесінің жоғалғанын Астанадан шығып, басқа қалаға барғаннан кейін бір-ақ байқаған. Сөмкені өз бетінше табу қиын болатынын түсінген әйел «102» арнасына хабарласып, көмек сұраған.Астана қаласының…
-
Мониторинг жұмыстары
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Баянды ауылы әкімі аппаратының мамандары тұрғын үйлерге және ауыл аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында белгіленбеген орындарға қатты тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс материалдарын тастау фактілері анықталып тұрғын үй иелеріне тиісті әкімшілік хаттама жасақталды. Таза ауыл – баршамыздың ортақ…
-
Жетібай ауылында қараусыз қалған ескі үйлер бұзылуда
«Таза – Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетібай ауылында абаттандыру және елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Ауыл аумағында ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары ұйымдастырылуда. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – ауылдың сәулеттік келбетін жақсарту, қараусыз қалған нысандардан аумақты тазарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекеннің тазалығын…
-
Әкімдік отырысы өтті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиында облыстың елді мекендерінің қала құрылысы құжаттамасын әзірлеудің жай-күйі мен орындалуы, инфрақұрылым нысандарының мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету және бейімдеу, сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды.…
-
Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1285163?lang=ru
-
Атырау облыстық филармониясына жаңа автобус сыйға берілді
Атырау облыстық филармониясына жаңа автобус сыйға берілді «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ демеушілігімен Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұжымына жаңа автобус берілді. Салтанатты шарада КҚК Бас директорының Қазақстан Республикасы Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин филармония ұжымына автобустың кілтін табыстады. Алдағы уақытта 50 орындық Yutong ZK6128H автобусы өнерпаздардың облыс аумағындағы және еліміздің өзге өңірлеріндегі…
-
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барды. Сапар барысында шетелдік қонақтар фронт-офистердің жұмысымен, өтінімдерді қабылдау және дайын құжаттарды беру процесімен, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығын арттыруға бағытталған заманауи…
-
Жұлдыз Сүлейменова білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыстады
Оқу-ағарту министрлігінде білім саласының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр Жұлдыз Сүлейменова сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздардың еңбегін әрдайым жоғары бағалап, педагог мәртебесін арттыруға ерекше мән береді. Бүгін табысталған мемлекеттік және ведомстволық наградалар – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен білім саласын дамытуға қосқан үлестеріңізге берілген жоғары баға. Өскелең…
-
САПАР БОЛАТ — САМБОДАН ЧЕМПИОН
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында самбодан +98 келі салмақта өнер көрсеткен Сапар Болат қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдеге ие болды. Спортшымыз тартысты белдесулерде шеберлігі мен жігерін көрсетіп, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды. Барлық видео материалдар: https://t.me/+-ZRQoj56tS1mY2My Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1285149?lang=ru
