Санат: Қазақстан
-
Меркі ауданына пресс-тур: ауданның әлеуметтік және өнеркәсіптік әлеуеті таныстырылды
2025 жылғы 1 тамызда Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан пресс-тур Меркі ауданында жалғасты. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ауданының маңызды әлеуметтік және өнеркәсіптік жобаларымен танысты. Іссапардың мақсаты – тұрғындардың әл-ауқатын арттыратын бастамалардың жүзеге асу барысымен таныстыру. Журналистер алдымен Белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысты. Мекеме өз жұмысын 2024 жылы жұмысы бастаған.…
-
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті
2025 жылғы 2 тамызда Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне бейжай қарамайтын мыңдаған азаматты біріктірді. Сенбілікке барлығы 28 977 адам қатысты. Оның ішінде 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 ерікті және 15 534 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына…
-
Түркістан облысында автобусқа алаяқтыққа қарсы жадынамалар ілінді
Түркістан облысы полиция департаменті интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында тұрғындар арасында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру. Шара барысында облыс аумағында 550-ден астам қоғамдық көлікке интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары жазылған парақшалар орналастырылды. Бұл парақшаларда жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері мен олардан сақтану…
-
Түркістан облысында генерал Өмірзақ Болсамбеков ІІО ардагерлерімен кездесті
Түркістан облысының полиция департаментінде Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті. Іс-шараға облыстың ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері мен ІІО еңбек сіңірген ардагерлер қатысты. Ішкі істер министрлігі жанындағы ардагерлер ұйымы 1992 жылдан бастап жұмыс істейді және бүгінгі күнге дейін республика бойынша 42 филиалы…
-
Ақмола облысында жеті сотталған рақымшылық бойынша босатылды
Ақмола облысында барлығы 500-ден астам сотталған ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылыққа ұшырайды, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. Ақмола облысында жеті сотталған рақымшылық бойынша босатылды Ақмола облысында барлығы 500-ден астам сотталған ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылыққа ұшырайды, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде ел Конституциясының 30 жылдығына…
-
Макинск өзгеріп келеді: Бұланды ауданында теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда
Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласында теміржол вокзалының ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл нысан жолаушылар инфрақұрылымын жаңарту бойынша республикалық ауқымды бағдарлама аясында жаңартылып жатыр. Алдағы айларда вокзал толықтай жаңаша кейіпке енеді. Құрылыс жұмыстарының барысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында танысты. Жалпы республика бойынша 125 вокзал жаңғыртылмақ. Соның 16-сы – Ақмола облысында,…
-
Қорғаныс министрлігінің әскери колледждеріне құжаттарды қабылдау басталды
ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылатын бес білім беру мекемесі бар. Бұлар – Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж, Шымкент қаласындағы Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж, Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери…
-
Ақсу ферроқорытпа зауытында экологияны жақсартуға арналған заманауи қондырғы іске қосылды
ERG құрамына енетін «Қазхром» компаниясының Ақсу ферроқорытпа зауытында №42 пешке арналған жаңа газтазарту жүйесі пайдалануға берілді. Бұл жүйе өндіріс кезінде пайда болатын шаңның 99,5%-ын ұстап, қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың көлемін едәуір азайтады. Соның нәтижесінде өңірдің ауасы тазара түседі. Жобаның құрылысына 7 миллиард теңге инвестиция салынды. Жабдықтар Германия мен Чехия елдерінің жетекші өндірушілерінен – Siemens пен…
-
ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АУРУХАНАЛАРЫ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
Жыл сайын тамыздың бірінші аптасында атап өтілетін Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығына орай Қазақстанда балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханаларының желісін құру жөніндегі жоба басталды. Бүгін Астана медицина университетінде (АМУ) Республикалық кеңесте Денсаулық сақтау министрінің, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мамандарының, бас штаттан тыс педиатрлардың және басқа да мамандардың қатысуымен ҚР ДСМ/ЕТДҚ/ДДҰ «Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасында ана…
-
СУ айдындарындағы ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТА!🌊🚨
Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен қала әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп, “су айдындарындағы қауіпсіздік жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруда”. ✅ Қауіпті аумақтарда рейдтік жұмыстар; ✅ Түсіндірме және ескерту жұмыстары; ✅ Қауіпсіздік белгілері мен ақпараттық жадынамалар орнатылуда. Мақсат — азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау! Құрметті тұрғындар! Судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! #СудағыҚауіпсіздік #ТЖҚызылорда #ҚауіпсізЖаз #Қауіпсіздік Ақпарат көзі :…
-
Ұлттық ұлан сарбазы Абайдың 50 өлеңін жатқа біледі
Абай күні қарсаңында Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздар рухани мұраны ұлықтауды ұмыт қалдырған жоқ. Мегаполистің тыныштығын күзетіп жүрген қатардағы жауынгерлердің арасында Абай шығармашылығына жастайынан құмар болып өскен жігіттер бар. Солардың бірі – қатардағы Бақытжан Артықбай. Бала күнінен әдебиетке әуес болған Бақытжан бастауыш сыныптан бастап Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жаттап өскен. Кейін республикалық Абай…
-
Аудан әкімі аудан прокуроры Д. Асқармен бірге жұмыс сапары аясында Ақадыр ауылындағы су құбыры мен су тарту желілерінің құрылысының барысымен танысты.
Аудан әкімі аудан прокуроры Д. Асқармен бірге жұмыс сапары аясында Ақадыр ауылындағы су құбыры мен су тарту желілерінің құрылысының барысымен танысты. Жобаның мердігері – «ConsultInvestStroy» ЖШС. Жалпы құны 711,5 млн. теңгені құрайды. Сапар барысында жұмыстың сапасы мен мерзімінің сақталуы мәселелері қаралды. Сондай-ақ, аудан әкімі Еңбекбірлік ауылына барып, бақылау-биологиялық модульдік станция қажеттілігі үшін жүргізіліп жатқан ұңғымаларды…
-
Ақтөбеден келген балалары бар отбасы Ақмола облысындағы тасжолда қалып, полицейлер көмекке келді
Ақмола облысы полиция департаментінің Instagram-аккаунтына Ақтөбе қаласының тұрғынынан әсерлі хабарлама келіп түсті. Әйел Екатеринбург — Алматы тас жолында отбасына көмекке келген полицейлерге алғысын білдірді:“Полицейлер Евгений Дикке және Нурхан Амангелдиновқа біздің отбасымыздан үлкен алғыс білдіремін. Трассаның 921-ші шақырымында, Жақсы ауданына жақын жерде біздің көлік бұзылды. Полицейлер оны жөндеуге көмектесті. Сіздерге үлкен рахмет, оларға мансаптық өсуді және…
-
Атырау облысында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 14,2% ұлғайды
Атырау облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында өнеркәсіп саласы оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров мәлімдеді. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 6 айда 6,9 трлн теңгеге жетіп, 14,2 % артқан. Соның ішінде мұнай өндіру көлемі 31 миллион тоннаны құрап, былтырмен салыстырғанда 18,9…
-
Зеренді ауданының Билер кеңесімен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауданның дамуы, әлеуметтік-экономикалық бастамалар және қоғамдық маңызды мәселелерді шешудегі билердің қатысуы жөнінде түрлі өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу соңында ауданның Құрметті азаматы Тлекен Аманбайұлы жиналғандар атынан әкімге ақ батасын беріп, елге қызмет ету жолында сәттілік тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1044770?lang=kk