Санат: Қазақстан
-

Ізденіс (іздестіру) жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат алуды E-Gov порталы арқылы қалай алуға болады?
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/1262521?lang=ru
-

Ақтөбеде электромобильдерді зарядтау станцияларының желісі дамып келеді
Бүгінде қала аумағында 15 зарядтау портымен жабдықталған 11 электр зарядтау станциясы жұмыс істейді. Электр зарядтау станцияларының басым бөлігі жанармай құю кешендерінің, сауда нысандарының, автосалондардың және қоғамдық тамақтану орындарының аумағында орналасқан. Зарядтау инфрақұрылымының желісін одан әрі кеңейту мақсатында басқарма мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайдың жетекші компанияларымен…
-

Астанада Қ. Мұхамедханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Астанада 24-27 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралығында жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1262523?lang=kk
-

Астанада газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
Астанада газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Басқарманың үйлестіруімен, аудандық әкімдіктер, ТЖД, МПС және өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, жұмыс топтары құрылып, газ жабдықтары қолданылатын нысандарға шығу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы айда Басқарма тарапынан 23 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама беріліп, 15 әкімшілік айыппұл салынды. Нұсқамалар…
-

ТЖМ кадрлық процестерді цифрландыруда!
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бастапқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеу үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында «tjm-qabyldau.emer.kz» порталын іске қосты. Енді қызметке үміткерлер құжаттарын онлайн тапсырып, іріктеудің барлық кезеңін қашықтан бақылап, нәтижелер туралы жедел хабарлама ала алады. Порталдың мүмкіндіктері: – құжаттарды онлайн қабылдау; – деректердің толықтығы мен сәйкестігін автоматты тексеру; – кандидаттың жеке кабинеті арқылы…
-

ШҚО-да бюджетке түсетін салық түсімдері артты
Алты айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 284 млрд теңге салықтық түсім түсіп, жоспар 102,4%-ға орындалды. Бұл жоспардан 6,6 млрд теңгеге артық. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет кірісі 78 млрд теңгеге немесе 37,8%-ға өсті. ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын жариялады. Бюджеттің негізгі кірісі қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге…
-

ШҚО-да туристік бағыттарға апаратын 215 шақырым жол жаңартылады
ШҚО-да туризмді дамытуға серпін беретін жол жобалары іске асырылып жатыр. Биыл Үлкен Нарын, Бұқтырма су қоймасының жағалауы, Сібе көлдері мен Марқакөлге апаратын автомобиль жолдары ретке келтіріліп жатыр. Жалпы қамтылып отырған учаскелердің ұзындығы 215 шақырымды құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтанов мәлімдеді. Өңірде…
-

Ағымдағы жылғы 24-27 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінде Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 24-27 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінде Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1262514?lang=ru
-

ШҚО-да экономикалық қылмыстарды тергеу аясында мемлекетке 2,1 млрд теңге залал өтелді
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың басынан бері мемлекетке келтірілген 2,1 млрд теңге көлеміндегі шығын өтелді. Сонымен қатар күдіктілердің мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлімдеді. Оның айтуынша, ең резонансты қылмыстық істердің бірі – «Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы…
-

Өскеменде қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған ауқымды семинар өтті
Өскемен қаласында халықтың және шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды білім беру семинары өтті. Іс-шара «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен BCC Live бірлесіп ұйымдастырылды. Семинар спикері ретінде қаржы сарапшысы Дмитрий Казанцев сөз сөйледі. Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың жеке және кәсіпкерлік қаржысын тиімді басқару дағдыларын дамыту, қаржылық жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және…
-

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін нақтылау
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-muktikol/press/news/details/1262506?lang=ru
-

Биыл шығыста 630 шақырым жол жөнделеді
Биыл ШҚО-да 630 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бастаманы іске асыру үшіг 57 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 37 млрд. жуығы республикалық, 20 млрд. теңгесі жергілікті маңызы бар жолдарға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтанов мәлімдеді. Өңірде ірі инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге…
-

АСТАНАДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ДОНОРДАН ЖҮРЕКТІ ТРАНСПЛАНТАТТАУ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛДІ
Астанада кезекті донорлық үдеріс сәтті ұйымдастырылып, соның арқасында жүректі трансплантаттауды ұзақ уақыт күткен пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медицина орталығы» ШЖҚ МКК базасында әлеуетті донор анықталды. Донордың отбасы келісім бергеннен кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі…
-

Өкілдік қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамалық өзгерістер» тақырыбындағы онлайн-вебинарға қатысты
Адам құқықтары жөніндегі орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамалық өзгерістер» тақырыбындағы онлайн-вебинарға қатысты. Вебинар барысында қатысушыларға заңнамаға енгізілген өзгерістер таныстырылып, оларды қолдану ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара…
-

Шетелдік журналистерді құрылтай сайлауына жариялау үшін аккредиттеу туралы
Құрметті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын жариялауға ниетті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері үшін аккредиттеу басталғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік журналистер Қазақстан Республикасының аумағында кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу болған…
