Санат: Қазақстан
-

Астанада халықаралық AI-кино фестивалі өтеді
Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 алаңында 1-3 қазан күндері жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдердің халықаралық фестивалі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім түскен. Ұсынылған жұмыс саны бойынша Қазақстан екінші орынға ие болды.AAIFF 2026 Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына…
-

Берекелі отбасы – берік мемлекет
Отбасы күні қарсаңында Жалағаш ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы жұбайларымен бірге «Берекелі отбасы – берік мемлекет» тақырыбында ұйымдастырылған жас отбасылар форумына қатысты. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған түрлі сайыстар мен қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Форумның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау. Берекелі отбасы – қоғамның берік…
-

Қазақстан мен Корея Республикасы арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желісі бойынша жалпы сомасы $401,9 млн болатын 15 құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қатысуымен «Астана Моторс» ЖШС мен Hyundai Motor Company арасында жаңа Hyundai Tucson моделін өндіру туралы құны $67 млн болатын келісімге қол қойылды. Hyundai Motor Company…
-

Тәртіп пен заңдылық – басты назарда
Ұлытау облысы Полиция департаментінде жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қызметке кірісер алдында арнайы патруль қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктері мен жетондарының, сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтарының болуын тексереді. Заңдылық талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады. Тәртіп пен заңдылық – полиция қызметінің негізі. Әрбір қызметкер өз ісімен…
-

Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік қолдауды уақытылы көрсетуге көмектеседі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың мемлекеттік қолдауға деген ықтимал қажеттілігін алдын ала анықтап, бірқатар мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи құрал Отбасының цифрлық картасын дамытып жатыр. Бүгінде Отбасының цифрлық картасында 6,2 миллионнан астам отбасының шамамен 20 миллион мүшесі туралы мәлімет жинақталған. Жүйе SmartData Ukimet ақпараттық-талдау платформасында жұмыс істейді және…
-

Мемлекеттік қызметтің имиджі
Нуркасынова Айдана Нурбековна – Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жас маманы.Айдана 2004 жылғы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында дүниеге келген. 2025 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.Студент кезінен бастап ол өзінің кәсіби болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстыруды ұйғарды. Ол үшін мемлекеттік қызмет – жай ғана мамандық емес, алған білімін…
-

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мамандар даярлау жүйесі дамып келеді
Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мамандар даярлау жүйесін халықаралық білім беру тәжірибелері мен заманауи цифрлық құралдарды қолдану арқылы дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), ХЕҰ-ның Халықаралық оқу орталығы (ITCILO), «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы, кәсіподақтар және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық…
-

⚜️Тырысқақ туралы не білуіміз керек?
Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Адамнан адамға тырысқақтың берілуі сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады, негізінен су арқылы беріледі. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады. …
-

Көлік министрлігінде құқықтық мәдениет мәселелері бойынша семинар өтті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Заң мен тәртіп аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында семинар-лекция өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау және қоғамда адалдық құндылықтарын нығайту. Семинар-лекцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибраһимұлы Ибрагимов өткізді. Ғалым өз…
-

17 өңір, 2,5 мың спортшы, 10 спорт түрі: Ақтөбеде ауыл жастарының басты спорт додасы салтанатты түрде ашылды
V Жазғы ауыл жасөспірімдер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі «Мұз айдыны» ғимаратында өтті. Ауқымды спорттық шарада облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, Ақтөбе облысы үшін осындай ауқымды жарысты қабылдау үлкен мәртебе әрі жоғары жауапкершілік екенін алға тартты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық денсаулығын жақсарту мәселесіне айырықша назар аудару қажеттігін атап өткен…
-

Алматы облысында таулы аймақтағы туристік нысандарға баратын жолдар жөнделуде
Алматы облысының Райымбек ауданында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр. Инфрақұрылымның жаңаруы Шалкөде, Шұбартал, Байынқол және Көккемер жайлауына кедергісіз жетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында тұмса табиғатты тамашалауға келетін туристер саны да артады. Кәсіпкерлікті дамытып, жергілікті халықтың табысын арттыруға оң ықпал етеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, Көккемер жайлауындағы сұлулығы…
-

Қызылорда облысындағы 181 көл жүйесін сақтауға 880 млн текше метрден астам су жіберілді
«Қазсушар» РМК-ның Қызылорда филиалы өңірдегі көл жүйелерін, шабындықтар мен жайылымдарды сақтау мақсатында жыл сайын табиғатты қорғау бағытында су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері филиал экологиялық мақсатта 881,4 млн текше метр су жіберді. Оның ішінде Жаңақорған ауданына – 82,4 млн текше метр, Шиелі ауданына – 72,3 млн текше метр, Қызылорда қаласына – 73 млн текше…
-

Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің қатысуымен көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңінде роталық-тактикалық топтар белгіленген аудандарға марш жасады. Әскери қызметшілер лек құрамында қозғалысты ұйымдастыру, бөлімшелерді басқару және белгіленген бағыт бойынша тәртіпті сақтау мәселелерін пысықтады. Марш барысында жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігіне, әскери техниканың дайындығына,…
-

«Үшеуі де менің еңбек жолымды жалғап келеді»: астаналық әке ұлдарымен бір салада жұмыс істейді
Астананың тазалығы мен көркеюіне күн сайын үлес қосып жүрген Темірхан Пірімбеттің еңбек жолын бүгінде үш ұлы жалғастырып келеді. «Астана Тазалық» компаниясында арнайы техника жүргізетін әке балаларын адал еңбек етуге баулып, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Бір отбасының бірнеше мүшесінің коммуналдық салада еңбек етуі – әке жолының ұрпаққа жалғасқанын көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Темірхан…
-

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Екібастұз қалалық мәслихаты шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден құралады. Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұрады. Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы сайлау туралы Конституциялық заңның нормасымен анықталады. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық…
