Санат: Қазақстан
-
Жіті ішек инфекциясының алдын алу
Жіті ішек инфекциялары (бұдан әрі– ЖІИ)-бұл әртүрлі бактериялар, вирустар немесе қарапайым паразиттер тудыратын және интоксикация, іштің ауыруы, диарея және құсу мен бірге жүретін асқазан-ішек жолдарының аурулары. Диареядан, құсудан және іштің ауырсынуынан басқа, ЖІИ белгілеріне температураның жоғарылауы, әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің болмауы және кейбір жағдайларда дегидратация жатады. ЖІИ фекальды-оралды жолмен,яғни ластанған заттармен байланыста, ластанған тағамды немесе…
-
Қордай ауданында балаларға арналған спорттық эстафета ұйымдастырылды
12 маусым күні Қордай ауданының «Балауса» сауықтыру лагерінде Қордай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәртіп пен Заң» және «Қауіпсіз Қордай» акциялары аясында балаларға арналған спорттық эстафета өткізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, дене белсенділігін арттыру және патриоттық рухты қалыптастыру болып табылады. Эстафета барысында балалар түрлі…
-
Абай облысында Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысы өтті
Бүгін Семейде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, ҚР Атомдық энергия агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов, ҚР ҰҒА академиктері,…
-
Бұлақ ауылында Әлия Молдағұлованың рухына тағзым етілді
Батырдың туған жері – Қобда ауданы Бұлақ ауылындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шара Кеңес Одағының Батыры, тарихи тұлға Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ ҚР Парламент депутаттары, мерген қыздың туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар Отан үшін от кешіп, сұрапыл соғыста ерлікпен…
-
Ақтөбе өңірінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында тағылымды шара ұйымдастырылды. Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан өңірдегі Әлия Молдағұлова есімді қыз-келіншектер, 2025 жылы дүниеге келген Әлия есімді сәбилер және олардың аналарымен кездесті. Бұл – батыр қыздың есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі бастама. Кездесу барысында қатысушыларға…
-
“Таза Қазақстан” – Шоқай би Балканулы кесенесі
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарлама аясында «Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-сі Шоқай би Балканұлы кесенесінің аумағындаңы арамшөптерді шабу жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-ilias-omarov/press/news/details/1017008?lang=kk
-
Құрметті медицина қызметкерлері!
Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Медицина қызметкері күні – бұл сіздердің игі еңбектеріңізді, жоғары жауапкершілікті және өз ісіне берілгендікті мойындаудың символы. Сіздердің мамандықтарыңыз тек терең білім мен үнемі өзін-өзі жетілдіруді ғана емес, сонымен бірге күшті мінезді, шыдамдылықты, жанашырлықты және үлкен рухани жомарттықты қажет етеді.Сіздер бірінші болып көмекке келесіздер, адамдарға үміт сыйлайсыздар, денсаулықтарын қайтарасыздар, кейде…
-
ӨКІЛ АЛҚА МӘЖІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ
Ағымдағы жылдың 9 маусымында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысындағы өкілі Берікбол Байхожаев Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 2025 жылдың алғашқы бес айындағы қызметінің қорытындысына арналған алқа мәжілісіне қатысты. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта Омбудсмен аппараты мен өңірлік өкілдіктердің қатысуымен 2025 жылдың бес айындағы жұмыс қорытындысына арналған отырыс өтті. Есептік кезеңде құқық қорғау институтына азаматтардан…
-
13 маусым – Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері құрылған күні
Құрметті әскери қызметшілер мен ардагерлер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі – аумақтық әскерлердің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Аумақтық әскерлер — еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуда, ішкі тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келе жатқан құрылым. Осы ретте Қордай ауданындағы Гвардейский қалашығында орналасқан 40-шы әскери база қызметкерлерінің еңбегі ерекше атап өтуге…
-
Атырауда медицина қызметкерлері құрметке бөленді
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі медицина саласының дамуына үлес қосып, халыққа көмек көрсетуде аянбай еңбек етіп жүрген ақхалаттылар мен ардагерлерді марапаттады. Жиында облыс әкімі өзінің Алғыс хатын мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін дәрігерлерге табыстады. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін ардагерлерге және сала қызметкерлерінің кеудесіне тақты. Іс-шара барысында 10 абзал…
-
«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды
Форумға қатысу үшін Ресейден және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен делегациялар келді. Бұл шара мерейтойлық жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде атап өтілді. Форумның мақсаты — батырлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символына айналған мерген қыздың рухына тағзым ету. Шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мәдениет және ғылым саласының өкілдері,…
-
Тәртіп үшін өзара іс-қимыл: Жамбыл облысында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі жаңа форматта өтті
Жамбыл облысында облыс прокурорының төрағалығымен жергілікті атқарушы, арнайы және құқық қорғау органдары басшыларының, мәслихат депутаттарының, бизнесмендердің, үкіметтік емес ұйым белсенділерінің, журналистердің, еріктілердің, педагогтардың, спортшылардың және өңір тұрғындарының қатысуымен «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, есірткі мен алаяқтыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және осы…
-
Аудан әкімі кеңесшілермен кездесу өткізді
Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай қызметтің негізгі бағыттары бойынша кеңесшілермен кездесу өткізді. Диалогқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құқық қорғау қызметі, туризм, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт салаларына жетекшілік ететін кеңесшілер қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ағымдағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Аудан әкімі барлық бастамаларды мұқият тыңдап, одан әрі жұмыстың басым…
-
Суармалы судың тарифін енді Су ресурстары және ирригация министрлігі реттейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, суармалы судың тарифін реттеу құзыреті Ұлттық экономика министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілді. Ведомство енді каналдар арқылы су беру, егістікке су жеткізу және гидротехникалық құрылыстардың (реттелетін қызметтер) көмегімен жерүсті ағынын реттеу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осы жұмыстарды іске асыру үшін арнайы Тарифтік саясат департаменті құрылды. Қазіргі уақытта министрлік тарифтерді…
-
Павлодар ауданында шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өтті
Павлодар ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан әкімі, аудан прокуроры және Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілдерінің қатысуымен шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды:— жұмыскерлермен еңбек шарттарын ресімдеу,— еңбекақыны уақтылы әрі толық төлеу,— өндірістегі жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті сақтандыру. Шаруа қожалығы басшыларына еңбек заңнамасының негізгі…