Санат: Қазақстан
-

Бас қолбасшының бақылауында: Ұлттық ұланның Жетісудағы әскери бөлімі тексерілді
Жетісу облысының орталығындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін атқаратын 5514 әскери бөліміне Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков арнайы атбасын бұрды. Ол ең алдымен жаңадан салынатын әскери қалашықтың жобасымен танысты. Бұдан кейін 1 және 2-батальондарды, сондай-ақ 3-жедел мақсаттағы ротаны аралап, жеке құрамның жауынгерлік қызметі мен күнделікті тұрмысын көрді. Мұндағы сарбаздар күн сайын қала көшелерінде…
-

33 жылдан кейін Арқалық әуежайы іске қосылды
Бүгін Торғай халқы үшін үлкен қуаныш. 33 жылдан кейін Арқалық әуежайы қайта іске қосылды. Қаңырап бос қалған ғимарат заманауи болып жаңартылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайтарылған заңсыз активтерді ел игілігіне беру саясатының нақты нәтижесі. Алғашқы жолаушылар рейсінде біздің Ұлттық арнаның түсірілім тобы да бар. Самал Қабышева, тілші: Дәл қазір біз Астанадан Арқалыққа қарай ұшып…
-

Назар аударыңыздар! ⚡️⚡️⚡️Алаяқтық туралы ескерту!
Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан “некені тіркеу мерзімін ұзарту қажеттігі» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және алаяқтық сипатқа ие екендігін ескертеміз.Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін…
-

Күзде 23 мыңға жуық қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады
Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Оның аясында қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті. 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың ішінде 12 000-нан астам адам – Қарулы күштер,…
-

Қазақстанда ауыл мектептеріне арналған ұлттық ЖИ-білім беру платформасының пилоттық жобасы іске қосылды 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ауылдық шағын жинақты мектептердің білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның алғашқы қатысушылары Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектеп болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Ауыл мектептерінің оқушыларына сабақтарды Астана қаласының жетекші педагогтері өткізеді. Ол үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының базасында арнайы студия жабдықталған. Мұғалім сабақты тікелей эфирде өткізіп, ауыл мектептерінің оқушылары оған цифрлық платформа арқылы қосылады. Мектептерде оқушыларға онлайн және офлайн оқытуды үйлестіре жүргізетін жергілікті педагогтер көмектеседі. Платформа тікелей оқытуды, заманауи білім беру контентін және жасанды интеллект құралдарын біріктіреді. Бұл формат ауыл мектептері оқушыларының білікті педагогтердің сабақтарына қолжетімділігін арттырып, қала мектептері мен шағын жинақты ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны әзірлеу барысында жасанды интеллект саласындағы әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі, доктор Кай-Фу Лидің ұсынымдары ескерілді. 21-25 тамыз аралығында Астанада педагогтерге арналған бес күндік ALFA Kazakhstan Teacher Training Camp тренингі өткізілді. Мұғалімдер жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеу және бірлескен оқыту моделі бойынша дайындықтан өтті. Жоба Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Q.AI және 01.AI компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша платформа оқыту нәтижелері мен педагогтер мен оқушылардың кері байланысы негізінде жетілдірілетін болады. Алдағы уақытта жобаны еліміздің басқа да өңірлері мен мектептеріне кеңейту жоспарланып отыр.
Қазақстанда ауыл мектептеріне арналған ұлттық ЖИ-білім беру платформасының пилоттық жобасы іске қосылды 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ауылдық шағын жинақты мектептердің білім беру процесіне жасанды интеллектті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның алғашқы қатысушылары Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектеп болды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Ауыл мектептерінің оқушыларына сабақтарды Астана…
-

Ақмола облысы Әділет департаментінде ӘРПК нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 31 тамызда Ақмола облысы Әділет департаментінде Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Досан Елнур қатысты.Семинар барысында ӘРПК нормаларын қолданудың өзекті мәселелері және осы саладағы жиі…
-

Асхат Шахаров Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров семсерлесуден Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдады. Кездесу барысында өңір басшысы спортшыны халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерімен құттықтап, оның жетістігі Ақтөбе облысының семсерлесу спорты үшін маңызды белес екенін атап өтті. «Облысымызда семсерлесу спорты жақында ғана дами бастағанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде тарихи нәтижеге қол жеткіздік. Азия және әлем чемпионы…
-

Цифрлық сот орындаушысы
2026 жылдың 27 тамызында Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысының Талғар ауданы бойынша филиалының қызметкерлеріне цифрлық сот орындаушысы және «Тараптар кабинеті» мобильдік қосымшасы тақырыптарында түсіндіру дәрісі өткізілді. Іс-шара барысында аталған цифрлық сервистердің мүмкіндіктері, оларды пайдалану тәртібі, атқарушылық іс жүргізу бойынша ақпаратты онлайн режимде алу және…
-

⚜️Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – жіті трансмиссивті табиғи-ошақты жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – вирусты сақтаушы және тасымалдаушы иксодты кенелер. Вирустың уақытша резервуары жануарлар (ірі мүйізді мал, қой, ешкі), табиғи биотоптарда – қояндар, кірпілер, құстар. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қодырғышы трансмиссивті (кене шағуы арқылы), байланыс және ауа-тамшылы жолдармен беріледі. Адам зақымдалған кененің шағуы арқылы, малды қырыққанда және…
-

Әділет кеңес береді акциясы өткізілді
26.08.2026 жылы Алматы облысының Әділет департаменті, Алматы облысы Іле ауданының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілері қатысты.Іс-шара барысында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және іске асыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық…
-

Сандықтау ауданы әкімінің Білім күнімен құттықтауы
Құрметті оқушылар, ата-аналар және ұстаздар!Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!1 қыркүйек — әр адам үшін маңызды күн. Бірінші сынып оқушылары үшін жаңа кезең басталса, түлектер үшін — жауапты оқу жылы, ал ұстаздар үшін — үлкен, әрі маңызды еңбектің жаңа жылы.Оқушыларға қызықты жаңалықтар, сапалы білім және жаңа жетістіктер тілеймін! Ұстаздарға —…
-

«Шахтер – ерлік пен еңбектің символы» танымдық сағаты
30 тамыз – Шахтерлер күніне орай Мәдениет үйінде «Шахтер – ерлік пен еңбектің символы» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында шахтер мамандығының маңызы, кеншілердің қажырлы еңбегі мен кәсіби ерлігі туралы тағылымды ақпараттар берілді. Кеншілердің еңбегі – ел экономикасының дамуына қосылған зор үлес екені атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1284014?lang=ru
-

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Білім күніне арналған жазбасы ⤵️ Бүгін – 1 қыркүйек, күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы да басталды. Барша оқушы, студент, ата-ана және ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтаймын! Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын мен де мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырын тыңдап, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған едім. Арада қанша жыл өтсе де, мектептегі сол күндер, ұстаздардың өнегесі мен балалық шақтың ыстық естеліктері жүректе сақтаулы. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Мектептер жаңарды, білім беру жүйесіне жаңа технологиялар енді. Бірақ өзгермейтін бір нәрсе бар. Ол – ұстаздың бала өміріндегі орны мен білімнің адам тағдырындағы маңызы. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазір – білімнің дәуірі. Білімі озық жұрт даму көшінің алдына шығады» деп, білім мен ғылым саласының дамуына әрдайым ерекше басымдық беріп келеді. Біздің озық ойлы ұлтқа айналуымыздың негізі – терең білімде жатыр. Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Сондықтан осы сәттен бастап әр оқушыға Мемлекет басшысы атап өткендей, қарапайым сәлемдесу мәдениетінен бастап кітап оқуға, ізденуге, білімге құштар болуға дейінгі дағдыларды бойына сіңіріп, еңбекті қадірлеуді, үлкенді сыйлауды, туған жерін құрметтеуді үйретуіміз қажет. Бұл – баршамыздың ортақ міндетіміз. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілеймін. Ал мектеп бітіруші түлектерге өз болашағын айқындап, үлкен өмірге нық қадам басуды тілеймін. Білім күні құтты болсын!
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Білім күніне арналған жазбасы ⤵️ Бүгін – 1 қыркүйек, күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы да басталды. Барша оқушы, студент, ата-ана және ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтаймын! Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын мен де мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырын тыңдап, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған едім. Арада…
-

Азаматтарды қабылдау
2026 жылдың 25 тамызында Алматы облысы Әділет департаменті басшысы Ж.Самашев азаматтарға қабылдау өткізді.Қабылдау барысында азаматтар заңды тұлғаларды тіркеу мәселелесі бойынша құқықтық кеңес алды.Іс-шара халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1284016?lang=ru
-

Білім күні – жаңа бастамалардың бастауы
1 қыркүйек – Білім күніне орай полиция қызметкерлері оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Білімге ұмтылған әр балаға жарқын болашақ, биік белестер және сәтті оқу жылы тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1284004?lang=ru
