Санат: Қазақстан
-

📌 Еңбек құқықтарының сақталуы және еңбек қауіпсіздігі – басты назарда
Департамент қызметінің шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторы Оксана Пономареваның «Софкар» ЖШС кәсіпорнында еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайларын жасау мәселелеріне зерделеу жүргізді. Сонымен қатар, жұмыс берушінің еңбек қатынастары саласында белгіленген талаптарды сақтауы және жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі…
-

1 қыркүйек Білім күні
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! 🌸 Жаңа оқу жылы әр шаңыраққа қуаныш, береке мен жаңа жетістіктер әкелсін! Ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық тілеймін. Ал оқушыларға жаңа білім, биік белестер, жарқын жеңістер және сәтті оқу жылын тілеймін! 📖✨ Әр баланың арманы орындалып, мектеп қабырғасындағы әр күні қуанышқа толы болсын!Жаңа…
-

Семейде жылыту маусымына дайындық аясында 41,9 км жылу желілері жөнделді
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті Семей қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілерінің жағдайына мониторинг жүргізуде. 2026 жылға 53,7 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 41,9 км желі жөнделді, бұл жоспарланған көлемнің 78%-ын құрайды. Аумақтық департамент қызметкерлері жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуын…
-

⚜️ Ақтөбеде жаңа №81 мектеп ашылды
⚜️ Ақтөбеде жаңа №81 мектеп ашылды Білім күні «Алтын Орда» шағынауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа №81 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 🏫 900 оқушыға арналған заманауи білім ордасы барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған. Мектепте заманауи оқу кабинеттері…
-

Нұркен Кобжанов Бұқар жырау ауданындағы “Жайлы мектептің” ашылуына қатысты
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Ғабиден Мұстафин атындағы кентте (Нұра станциясы) жаңа заманауи мектептің салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шараға Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д.С. Жиенбаев, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары С.С. Бекенбаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, педагогикалық ұжым, оқушылар мен кент тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында облыстық мәслихат төрағасы оқушыларды, ата-аналар мен педагогикалық…
-

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ Бүгін Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. Аталған шара Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – жас…
-

Қала әкімі адам өмірін құтқарған азаматқа алғыс білдірді
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Жайық өзенінің рұқсат етілмеген жерінде суға батып бара жатқан адамға дер кезінде көмек көрсеткен атыраулық азамат Нұрлан Жолдыбаевты арнайы қабылдады. Кездесуге қала әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары қатысты. Қабылдау барысында Шәкір Кейкінұлы азаматтың өз басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірін құтқару жолындағы батыл әрекетін ерекше атап өтті.– Дана халқымыз «Жақсының…
-

Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік…
-

Салауатты болашаққа қадам: Атырауда 150-ге жуық жасөспірім спорттық шараға қатысты
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Dosboxing» академиясы және Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес төрағасының екінші орынбасары, блогер Андрей Котовтың қатысуымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен бокстан ашық жаттығу өткізілді. Кәсіби жаттықтырушылар қатысушыларға бокстың негізгі әдіс-тәсілдерін үйретіп, практикалық жаттығулар өткізді.…
-

Білім күні Шұбарқұдықта Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп ашылды
Білім күні Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп өз жұмысын бастады. 600 оқушыға арналған заманауи білім ордасында сапалы білім алуға барлық қажетті жағдай жасалған. Мектепте 22 оқу кабинеті, екі спорт залы және акт залы жабдықталған. Сонымен қатар информатика және IT кабинеттері, пәндік кабинеттер, зертханалар, зерттеу және практикалық сабақтарға арналған мамандандырылған кеңістіктер бар.…
-

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Білім күнімен құттықтауы
Бүгін – 1 қыркүйек, күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы да басталды. Барша оқушы, студент, ата-ана және ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтаймын! Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын мен де мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырын тыңдап, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған едім. Арада қанша жыл өтсе де, мектептегі сол күндер, ұстаздардың өнегесі мен…
-

«Полицей болғым келеді»: Өңірдің бас полицейі болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті
Атырау облысы полиция департаментінде жасөспірімдердің полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Полицей болғым келеді» іс-шарасы өтті. Іс-шараға болашақта полицей болуды армандайтын жасөспірімдер қатысты. Кездесу барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев балалармен пікір алмасып, олардың полиция қызметі туралы ойлары мен қызығушылықтарын тыңдады. Естелік сыйлықтар табысталды. Жас жеткіншектер департаменттің тыныс-тіршілігімен танысып, полицейлердің күнделікті…
-

Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерлері келісілді
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерлері келісілді: Асанғали Таир Болатұлы бағалы қағаздар нарығында басқарушы органының басшысы, басқарушы органының мүшесі лауазымына (2026 жылғы 28 тамыздағы №338/РЦБ/Т хаттамасы). Тлеубаева Айгуль Жалгасовна бағалы қағаздар нарығында бас бухгалтерінің орынбасары лауазымына (2026 жылғы 31 тамыздағы №339/РЦБ хаттамасы). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1283810?lang=ru
-

Риддер жыл бойы таулы туризмді дамыту әлеуетін арттыруда
Риддердің Қазақстандағы таулы туризмнің негізгі орталықтарының бірін қалыптастыруға барлық алғышарттары бар. Таулы жер бедері, қарлы маусымның ұзақтығы және бірегей табиғаты туристік саланы жыл бойы дамытуға жағдай жасайды — қысқы спорт түрлерінен бастап жазғы белсенді және экологиялық демалысқа дейін. Бүгінде қалада 42 туристік нысан тіркелген. 2026 жылдың бірінші тоқсанында Риддерге шамамен 11 мың турист келген, оның…
-

«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА ИЕСІЗ ЖӘНЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АЛЫП ТАСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Байқоңыр ауданында Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында иесіз қалған және ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған автокөлік құралдарын анықтау және эвакуациялау бойынша жоспарлы іс-шараларды жүзеге асырылуда. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты негізгі назар білім беру ұйымдарына іргелес орналасқан аумақтарға аударылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің маңындағы қараусыз қалған барлық автокөліктер арнайы тұрақтарға…
