Санат: Қазақстан
-

📍Ақсу-Аюлы, Шет ауданы, Қарағанды облысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1282660?lang=ru
-

Жамбыл облысында мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі артып келеді
Жамбыл облысында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейін арттыру және балабақша жүйесін цифрландыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бүгінде өңірдегі 661 мектепке дейінгі ұйымда 66 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Соңғы жылдары мемлекеттік қолдау мен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиенің қолжетімділігі айтарлықтай артқан. Қазіргі таңда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызға…
-

Құрық ауылының жағажай аумағында «Таза Қарақия» МКК қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жағажай аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық тазалығы мен көркейтілуіне ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – табиғи ортаны қорғау, жағажай аумағын таза әрі көрікті ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама.…
-

Жаппай тағамнан улану: себептері мен алдын алу шаралары
Жаппай тағамнан улану – бір тағам өнімін немесе дайын тағамды тұтынған бірнеше адамның қысқа уақыт ішінде бірдей белгілермен ауыруы. Мұндай жағдай көбіне тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауынан туындайды. Тағамнан улану адам денсаулығына зиян келтіріп, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Тағамнан уланудың негізгі себептерінің бірі – тағам өнімдерінің микробтармен немесе олардың токсиндерімен ластануы.…
-

Отбасылармен профилактикалық жұмыс: балаларға күтім жасау және ата-аналарға қолдау көрсету
Отбасын қолдау орталығының мамандары қорғаншылық және қамқоршылық бөлімімен бірлесіп, сүйемелдеуде тұрған отбасына барды. Бару барысында баланың тұрмыс жағдайы зерделеніп, заңды өкілімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді. Отбасын сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және бақылауда тұр. Мұндай барулардың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету…
-

Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын: анықталған бұзушылықтардың 95%-ы жойылды
Облыста 2026-2027 оқу жылына дайындық барысын бағалау бойынша санитариялық мониторинг аяқталды. Мониторинг барысында аумақтық бөлімшелердің мамандары 312 мектепті, 286 мектеп асханасын және 9 мектеп-интернатты қамтыды. Тексеру нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың жекелеген бұзушылықтары анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты басшыларға оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді. Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 95% жойылды. Қалған нұсқамалардың орындалуы жауапты мамандардың…
-

Жамбыл облысында білім беру инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда
Жамбыл облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту және оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 2025 жылы өңірде 14 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 10 жаңа мектеп және 4 мектепке жапсарлас құрылыс нысаны бар. Аталған жұмыстардың нәтижесінде апатты мектептер, үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы және тозығы жеткен білім…
-

Халыққа құқықтық қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған меморандумға қол қойылды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі мен Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы арасында халыққа құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев төрағалық етіп, жиынға арнайы келген қонақтарды таныстырып өтті. Екіжақты ынтымақтастықты дәріптейтін кездесуге Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев, төраға…
-

ЖАҢАЛЫҚТАР МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы
ЖАҢАЛЫҚТАР МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы Материал 1. Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды…
-

Жания Бекмухамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен үстел теннисінен беделді WTT Youth Contender сериялы турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында айқын басымдық танытты. Жарыс барысында спортшы Словения, Үндістан, Сингапур және Хорватия елдерінен келген қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Финалдық кездесуде Бекмухамбетова Сингапур спортшысы Хуан Кристалдан басым түсіп, матчты 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Жанияны жеңісімен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1282651?lang=ru
-

Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: “Автомобиль көлігіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары”.
Жеңіл автокөліктерде болатын өрттер жүргізушілердің тек өрт қауіпсіздігі талаптарына жеткілікті дайындалмағанын ғана емес, сонымен қатар өртті жою кезіндегі іс-әрекеттерді де толық білмейтінін көрсетеді.Өртті дер кезінде анықтап, оны жою шараларын бірден қабылдау өте маңызды. Өрттің шығуына дейін оған себеп болатын белгілер байқалуы мүмкін. Олар: бензиннің иісі, күйген оқшаулағыштың иісі, капот астынан түтіннің шығуы.Өрттер көбінесе электр сымдарының…
-

АУДАНДЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін №7 орта мектебінде «Білім сапасы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы басымдықтар» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің конференциясы өтті. Жиында өткен оқу жылындағы жетістіктер сараланып, жаңа оқу жылындағы білім саласының негізгі міндеттері мен басым бағыттары талқыланды. Білім сапасын арттыру, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – басты назарда. Өз кезегінде аудан әкімі…
-

МАЙ АУДАНЫНДА 2023 ЖЫЛҒЫ 28 ҚЫРКҮЙЕКТЕ САҒАТ 10:00-ДЕ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1282655?lang=ru
-

Жамбыл облысында мәдениет нысандарының инфрақұрылымы жаңғыртылуда
Жамбыл облысында мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және тұрғындарға мәдени қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірде 507 мемлекеттік мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Оның 16-сы облыстық басқармаға, 491-і қала және аудан әкімдіктеріне қарасты. Мәдениет мекемелерінің қатарында 203 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 облыстық драма театры, облыстық филармония, 2 кинотеатр және…
-

Семей полигоны: тарихи тағылым мен ұрпақ аманаты
Бүгін 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне орай «Семей полигоны: тарихи тағылым мен ұрпақ аманаты» атты тарихи-танымдық кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев төрағалық етіп, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, оның халыққа және қоршаған ортаға тигізген зардаптары, сондай-ақ ядролық сынақтарға қарсы қоғамдық қозғалыстың маңызы туралы сөз қозғады. Кездесудің негізгі мақсаты…
