Санат: Қазақстан
-

Қанттың зияны: ағзаға және денсаулыққа әсері
Қант — күнделікті тамақтану рационымызда жиі кездесетін өнімдердің бірі. Ол тек кәмпиттер мен басқа да тәттілердің құрамында ғана емес, сонымен қатар газдалған сусындарда, нан-тоқаш өнімдерінде, тұздықтарда және дайын тағамдарда кездеседі. Қантты қалыпты мөлшерде тұтыну теңгерімді тамақтанудың бір бөлігі болуы мүмкін, алайда оны шамадан тыс пайдалану денсаулыққа кері әсерін тигізуі ықтимал. Тәтті тағамдарды көп тұтынған кезде…
-

№79 мекемесінде сотталған азаматтар арасында қазақ музыка өнерінің көрнекті композиторы, “вальс королі” атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған “Әні барда – өзі бар” атты музыкалық кеш ұйымдастырылды
Ашық аспан астында өткен мәдени шара барысында қатысушылар композитордың ел жүрегінен орын алған әндерін жанды дауыста орындап, домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Кеш бағдарламасына ұлттық өнерді дәріптейтін би қойылымдары да енгізілді. Қатысушылар “Ана туралы жыр”, “Арыс жағасында”, “Ақ ерке – Ақ Жайық”, “Қуаныш вальсі” секілді Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндерін орындады. Музыкалық кештің негізгі мақсаты…
-

Абаттандыру қағидаларын сақтау
📅 Ағымдағы жылдың 25 тамызында Нежин ауылдық округі әкімі аппаратының маманы учаскелік полиция инспекторы Исмагулов С.Т.-мен бірлесіп, Буденное ауылында абаттандыру қағидаларын сақтау мәселелері бойынша тұрғындар арасында профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға абаттандыру қағидаларының негізгі талаптары түсіндіріліп, тазалықты сақтау және іргелес аумақтардың тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-nezhin/press/news/details/1280796?lang=ru
-

Діни экстремизм мен терроризм профилактикасындағы өзекті мәселелер қаралды
Облыстық терроризмге қарсы комиссия жанындағы жұмыс тобының кезекті отырысы өткізіліп, онда діни экстремизм мен терроризм профилактикасы соның ішінде облыста тіркелген деструктивті діни ағым ұстанушыларды оңалту және спорттық ортада ұйымдастырылған профилактикалық шаралардың нәтижелері қаралды. Сондай-ақ отырыс барысында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың мектеп үлгісін сақтау және білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Жұмыс тобы отырысының…
-

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Сайлау күні дауыс берушілерге бір күндік тіркеу рәсімі қолжетімді болады
23 тамыз, Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс беру үшін сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеуге тұра алады. Бұл қызметті сайлау учаскелерінде халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді. Дауыс беру күні еліміз бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Соның 221 учаскесінде ХҚКО қызметкерлері азаматтардың бір күндік тіркеуін…
-

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫ МІНДЕТТІ ЦИФРЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енеді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген немесе Қазақстан аумағына әкелінген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс. ББҚ-ның міндетті қадағалану жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, тауар нарыққа…
-

“МАҚТААРАЛ” ЕКІНШІ РЕТ ОБЛЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысында әуесқой футбол командалары арасында өткен облыс чемпионаты өз мәресіне жетті. Екінші рет ұйымдастырылған дүбірлі додада Мақтаарал ауданының намысын қорғаған «Мақтаарал» командасы қарсыластарынан басым түсіп, чемпиондық атақты екінші мәрте иеленді. Облыстық чемпионаттың шешуші кезеңіне Түркістан облысының 3 қаласы мен 14 ауданынан жасақталған құрама командалар қатысты. Тартысты бәсекеде үздік сегіздік қатарынан көрінген мақтааралдық футболшылар финалға…
-

ДЕПАРТАМЕНТ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, олардың еңбек саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылдың 26 тамыз күні Департаменттің ұйымдастыруымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен өткізілген қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесіне жеке назар аударылып, қолданыстағы еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер берілді. Нәтижесінде…
-

Қазақстандық ғалымдар құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді арпаның жаңа сортын шығарды
Қазақстандық ғалымдар жаздық дәнді арпаның жаңа «Батырхан» сортын шығарды. Шаруашылыққа пайдалылығы бойынша жүргізілген бағалау нәтижесінде сорт оң бағаланып, мемлекеттік сорт сынағына берілді. Сонымен қатар селекциялық жетістікке патент алу жөнінде өтінім берілді. Жаңа сорт Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіне тән агроклиматтық және топырақ жағдайларын ескере отырып әзірленген. «Батырхан» жоғары әрі тұрақты өнімділігімен, дәнінің ірілігімен, жатып қалуға және…
-

Тассай ауылындағы көшпелі әкімдік отырысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-district/press/news/details/1280776?lang=ru
-

Балабақшадағы Энтеробиоз
Энтеробиоз — жұқпалы паразиттік ауру, бүкіл әлемде кең таралған аурулардың бірі. Аурудың қоздырғышы — ішек құрты. Ол адамның аш ішегінде және тоқ ішектің жоғарғы бөлімінде паразиттік тіршілік етеді. Энтеробиоздың берілу факторларының негізгісі — ішек құрттарының инвазиялық жұмыртқалары түскен лас қолдар, сондай-ақ ластанған ойыншықтар мен тұрмыстық заттар. Мүмкін болатын механикалық тасымалдаушылар: жануарлар (жүні), шыбындар және тарақандар. Инфекция…
-

ІІМ: 14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды
Павлодар облысында 14 жыл бұрынғы болған қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды. Қазақстанның жаңа Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде белгіленген. Полиция үшін басты міндет – шындықты анықтау және қылмыс жасаған адамды жауапкершілікке тарту. Қылмыс бұрын жасалғанына қарамастан, бұл жұмыс тоқтамайды. Өткен…
-

Оралда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды
Оқиға кешкі уақытта қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Осы уақытта ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Армат Абылғалиев үйінде болған. Кіреберістен көмек сұраған дауыстарды ести сала, ол дереу пәтерінен сыртқа шықты. Баспалдақ алаңында әскери қызметші қатты қорқып тұрған баланы кездестірді. Бала бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде…
-

Жаңа Бюджет кодексінен цифрлық экономикаға дейін: Президенттің тапсырмалары бойынша Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері
Мемлекет басшысының 2024 және 2025 жылдардағы Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестициялар, цифрландыру және әлеуметтік саясат саласындағы шаралар кешенін жүзеге асыруда. Негізгі міндеттер жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларында бекітілген. 2024-2025 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспарларда 180 іс-шара көзделген. Олардың кейбіреулері толығымен аяқталды, қалғандары қарқынды жүзеге асуда және қатаң белгіленген мерзімде орындалады. Бұл жұмыстардың іс жүзіндегі…
-

Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтауы керек: Денсаулық сақтау министрлігі оқу жылы қарсаңында ата-аналарға ұсынымдар берді
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін ата-аналарға балалардың қалыпты ұйқы режимін алдын ала қалпына келтіру ұсынылады. 6–12 жастағы мектеп оқушылары тәулігіне 9–12 сағат, ал 13–18 жастағы жасөспірімдер 8–10 сағат ұйықтауы қажет. Толыққанды демалыс баланың зейінін шоғырландыруына, жаңа ақпаратты жақсы меңгеруіне және оқу күні бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтауға көмектеседі. Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау…
