Санат: Қазақстан
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚҰРМЕТТІ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Жезқазған қаласы әкімдігінің «Жезқазған қаласының кейбір қайталанған және атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша ұсыныстарды Жезқазған қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысы негізінде Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өткізетінін хабарлайды.…
-

Өз сайлау учаскеңізді қалай табуға болады?
Өз сайлау учаскеңізді қалай табуға болады? Азаматтардың өз сайлау учаскесін табуына мүмкіндік беретін арнайы онлайн-сервистер іске қосылды. Ол үшін ұсынылған сервистердің бірінде тұрғылықты өңірі мен ЖСН енгізу жеткілікті: https://sailau.e-zhetisu.kz/ https://t.me/sailau_zhetysu_bot Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1277832?lang=ru
-

Тұрақты тұруға және қандас мәртебесіне қалай рұқсат алуға болады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1277801?lang=ru
-

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗИЕВ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шымкенттің Абай ауданында көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған жаңа жол учаскесі пайдалануға берілді. Қазиев көшесінің Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі жалғасы бойынша құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Жоба Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылдың ақпан айында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Корпорация Береке А» ЖШС арасында мемлекеттік…
-

Ноғайты ауылындағы ФАП: 1167 ауыл тұрғыны үшін медициналық көмек қолжетімді бола түсті
Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ноғайты ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылғалы бері тұрғындарға 5 мың медициналық қабылдау жүргізілді. ФАП-тың ашылуының арқасында ауылдың 1 167 тұрғыны аудан орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің толық спектрін ала алады. Жаңа нысан қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пациенттерді қабылдау, диагностика жүргізу және профилактикалық іс-шараларды өткізуге арналған…
-

Жамбыл облысының оқушылары білім сапасы бойынша үздік нәтижелер көрсетті
Жамбыл облысының оқушылары 2025-2026 жылдардағы оқу жылында халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларында жоғары нәтиже көрсетіп, өңір қоржынына 369 медаль салды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, республикалық ғылыми жобалар конкурсында облыс командасы 17 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленіп келеді. Сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер…
-

Рахат ауылдық округіне қарасты елді мекендерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көшелерді сапалы жарықтандыру мақсатында жанбай қалған шамдарды ауыстыру, жарықтандыру жүйесіндегі ақауларды түзету, сондай-ақ механикалық зақымданған және майысқан бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Рахат ауылдық округіне қарасты елді мекендерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көшелерді сапалы жарықтандыру мақсатында жанбай қалған шамдарды ауыстыру, жарықтандыру жүйесіндегі ақауларды түзету, сондай-ақ механикалық зақымданған және майысқан бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1277836?lang=ru
-

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLІХ сессиясының трансляциясы
https://www.youtube.com/live/yj41ML0dAmY?si=UeWNIO78YxArff6V Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1277803?lang=ru
-

Рахат ауылдық округіне қарасты Азат және Өрікті ауылдарында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа екі аялдаманың құрылысы басталды.
Рахат ауылдық округіне қарасты Азат және Өрікті ауылдарында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа екі аялдаманың құрылысы басталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1277837?lang=ru
-

Бес жылдық ынтымақтастық: IMBC мамандардың жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесін атап өтті
Халықаралық мұнай-газ машина жасауын дамыту орталығының (IMBC) бес жылдығына орай Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың нәтижелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бес жыл ішінде Энергетика министрлігі, IMBC және ірі мұнай-газ компаниялары отандық тауар өндірушілердің ірі операторлардың сатып алуларына қатысуын кеңейту, өндірісті оқшаулауды дамыту, сондай-ақ мемлекет, бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы өзара…
-

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰНЫ 6 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ТЕГІН ЖАСАЛДЫ
Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханада жоғары технологиялық нейрохирургиялық операциялар пациенттерге тегін жасалуда. Жақында 38 жастағы әйелге ми тамырының аневризмасына байланысты эндоваскулярлық операция жасалды. Мұндай емнің құны 6 млн теңгеден асады, алайда медициналық көрсетілімдерге сәйкес пациентке операция тегін жүргізілді. Науқас ұзақ уақыт бойы басының қатты ауырғанына шағымданған. МРТ тексеруі нәтижесінде ми тамырынан аневризма анықталған. Дәрігерлер ашық…
-

Қалалық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылдың 25 тамызында жергілікті уақытпен сағат 10:00-де қалалық әкімдік ғимаратында (Т.Ахтанов көшесі 50 (17 каб) өтеді. Күн тәртібі: Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 382 «Ақтөбе қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 2. Басқа да мәселелер. Қажетті…
-

Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау және жұмыс берушілерге квота бөлу тәртібі жаңартылды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін жаңартты. Енді қызметкер қабылдайтын ұйымдар субсидияланатын жұмыс орындарын ашу үшін бұрынғыға қарағанда икемдірек талаптармен қатыса алады. Сонымен қатар бұл бағыттағы барлық негізгі рәсім электронды форматқа көшіріліп, жұмыс берушілерге қойылатын талаптар нақты әрі түсінікті етілді. Кімдер қатыса алады? Субсидияланатын жұмыс орындарын мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде ұйымдастырады. Мұндай жұмыс орындарын ашуға коммерциялық заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, әлеуметтік кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволары мен бағынысты ұйымдары өтініш бере алады. Сондай-ақ дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 50 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар да қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері де бұл тізімде бар. Бұл ретте жұмыс берушілердің әр санатына қойылатын талаптар мен жұмыс орындарының саны әртүрлі. Яғни барлық жұмыс берушіге бірдей талап қолданылмайды, олардың қызмет түрі мен мәртебесіне қарай жеке тәртіп белгіленген. Сонымен бірге жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлығына ортақ бірқатар талап бар. Олар кемінде 12 айдан бері жұмыс істеп келе жатқан болуы керек. Сондай-ақ ол банкроттық рәсімінде болмауы, экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы заң талаптарын сақтауы және бұған дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары аясында жасалған шарттарды тиісінше орындауы қажет. Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыс бағдарламалары, инфрақұрылымдық мемлекеттік сатып алулар немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда субсидияланатын жұмыс орындары ашылмайды. Бұл талап бір шығынның мемлекеттік бюджеттен екі рет қаржыландырылуына жол бермеу үшін енгізілген. Яғни мемлекет қаржысы бір жұмыс орнына немесе бір шығынға бірнеше бағдарлама арқылы қайталанып жұмсалмауға тиіс. Осы арқылы бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану көзделеді. Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына байланысты белгіленеді. Үкіметтік емес ұйымдар үшін республикалық маңызы бар қалаларда 1-ден 10-ға дейін, ал өңірлерде 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орнын ұйымдастыруға болады. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдар Үкіметтік емес ұйымдардың ресми дерекқорында тіркелген болуы қажет. Коммерциялық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер қожалықтары және әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған. Бұл санатқа жататын жұмыс берушілердің жалақы бойынша қарызы болмауға тиіс. Олар соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты аударып келген болуы керек. Сонымен бірге бағдарламаның алдыңғы кезеңдеріне қатысқан азаматтарды тұрақты жұмысқа қабылдауы қажет. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де 1-ден 5-ке дейін субсидияланатын жұмыс орны қарастырылған. Ал ауылдық әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты бөлек тәртіп қолданылады. Олар үшін субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауылдағы халықтың санына қарай белгіленеді. Мұндай жұмыс орындарының саны ауыл тұрғындарының жалпы санының 2 пайызынан 5 пайызына дейін болуы мүмкін. Барлық рәсім электронды түрде жүргізіледі Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудағы негізгі өзгерістердің бірі – осы процестің толық цифрландырылуы. Енді жұмыс берушілерді іріктеу, азаматтарды ашылған жұмыс орындарына жолдау және қажетті құжаттарды тексеру электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар Электрондық еңбек биржасы арқылы іске асады. Рәсімдерді цифрландыру қағаз құжаттарға деген қажеттілікті азайтып, өтініштерді тезірек қарауға жол ашады. Сонымен қатар процестің ашықтығын арттырып, шешім қабылдаудағы адами факторды барынша шектеуге мүмкіндік береді. Осылайша, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың жаңартылған тәртібі жұмыс берушілерге қойылатын нақты талаптарды, олардың санатына қарай сараланған тәсілді және негізгі рәсімдерді толық цифрландыруды көздейді. Бұл өзгерістер субсидияланатын жұмыс орындарын нақты қажеттілікке қарай бөлуге, жұмыс берушілер мен бағдарламаға қатысушылар үшін рәсімдердің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbek/press/news/details/1278065?lang=kk
-

Тұрғындармен жиын
Рузаевка ауылында Юбилейная көшесінде орналасқан қараусыз қалған және қираған үйлерді ұстау мәселесі бойынша тұрғындармен жиын өткізілді. Іс-шараға Рузаев ауылдық округінің әкімі, учаскелік полиция инспекторы және жұртшылық кеңесінің төрағасы қатысты. Жиын барысында қараусыз қалған үйлер мен іргелес аумақтардың санитарлық жағдайы, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы объектілерді тиісті жағдайға келтіру жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі мәселелері талқыланды.…
-

Жауапкершіліктен жалтару үшін нөмірді төңкеріп қойған: елордалық полицейлер құқық бұзушыны анықтады
Елордада қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен көлік құралын пайдалану фактісін анықтады.Тексеру барысында полиция қызметкерлері «Shacman» маркалы жүк көлігін тоқтатты. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі төңкеріліп орналастырылғаны анықталды.Жүргізуші көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен…
