Санат: Қазақстан
-

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІҢ КЕПІЛІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бүгін Қоңыр ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы тарапынан елді мекен аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, тұрғындарға аумақты таза ұстау және абаттандыру қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық – ортақ жауапкершілік. Ауылымыздың көркеюіне бірге үлес…
-

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында
Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі негізінде Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін жыл сайынғы алаң ретінде құрылды. Форумның ашылуында Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді. Президент маңызды іс-шараның Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған…
-

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
Теміржол өткелінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2026 жылғы 16 тамыз сағат 09:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін С.Датов көшесінің Жамбыл көшесімен қиылысындағы жол учаскесі көліктің барлық түрі үшін уақытша жабылады. Осыған байланысты қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Түсіністік танытып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауларыңызды өтінеміз. Ақпарат көзі :…
-

Ұлттық жобалар негізгі салалардағы нәтижелерді қамтамасыз етіп отыр – ҚР Үкіметі
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланың негізгі салаларын кең ауқымда жаңғырту туралы тапсырмаларын орындау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде «Келешек мектептері» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын жүзеге асыру аяқталды, «Қолжетімді интернет» пен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобалары бойынша жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ «Көмір генерациясын дамыту» жаңа ұлттық жобасы…
-

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Кірме теміржол жолының теміржол өткелінде асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 16 тамыз сағат 09:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін автобус маршруттарының қозғалыс сұлбалары уақытша өзгереді. Қозғалыс сұлбалары өзгеретін маршруттар: №4, №13, №14, №20, №30Д, №74 және №38. №4, №20 маршруттар:Сырым Датов көшесі → Жамбыл көшесі → Ружейников көшесі → Гагарин көшесі →…
-

«Қызметтік әдеп – мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаты»
Аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Е. Турсын қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулер мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін…
-

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді кімдер пайдалана алады? Беру үрдісі қалай жүзеге асырылады? Қазіргі уақытта салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін…
-

Бейжіңде Қазақстанның су саласындағы халықаралық бастамалары таныстырылды
Бейжің, 2026 жылғы 20 тамыз – Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында «Су: тұрақты даму және су бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, ғылыми-зерттеу институттары және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Іс-шараға ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстанның ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілдігінің, қазақстандық ғылыми-зерттеу ұйымдарының, сондай-ақ Қытай су…
-

Авторлық құқықты қорғау тақырыбына мақала
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1277381?lang=ru
-

Астанада көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейд күшейтілді
Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері 500-ден астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ең көп кездесетіндері — көші-қон заңнамасы талаптарын, жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті, абаттандыру қағидаларын сақтамау, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластау және басқа…
-

Халық игілігіне қайтарылған активтер
Толық бейнероликті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми YouTube арнасынан көріңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1277383?lang=ru
-

ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады
«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда. Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Болжау дәлдігі жел генерациясы нысандары үшін ерекше маңызды, өйткені өндірілетін электр энергиясының көлемі метеорологиялық жағдайларға тікелей байланысты. Атап айтқанда, құбылып тұратын әрі болжау қиындыққа түсетін желдің жылдамдығына…
-

Дөңгелек үстел!
Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел 19.08.2026 жылы Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалы, Алматы облысының Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының және Қарасай ауданы Прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті және проблемалық мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында атқарушылық құжаттарды орындау кезінде туындайтын мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен…
-

Маңғыстау облысында абаттандыру және экология саласында 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындардың ластануына, абаттандыру ережелерінің бұзылуына және қалдықтардың заңсыз жиналуына жол бермеу мақсатында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Жыл басынан бері облыстың қалалары мен елді мекендерінде, табиғи аумақтарда, көпшілік демалатын орындар мен туристік бағыттарда 930 рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері 7 484 әкімшілік құқық…
-

ШҚО-да 400-ге жуық стихиялық қоқыс орны жойылды
ШҚО-да “Таза Қазақстан” акциясы аясында 400-ге жуық стихиялық қоқыс орны жойылды. Стихиялық қоқыс орындарының пайда болуы — аумақтың тазалығына ғана емес, абаттандыру талаптарының сақталуына да қатысты мәселе. Шығыс Қазақстан облысында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында елдімекендер аумағын ретке келтіру бағытындағы жұмыс жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрақты негізде қоқыс…
