Санат: Қазақстан
-

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ ӨТТІ
Бүгін Отырар аудандық орталық ауруханасында сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында құжаттандыру саласында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен өткен шарада ақ қалатты абзал жандар тұрғындар мен қызмет алушыларға медициналық қызмет түрлерін көрсетіп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын…
-

ТӘРТІП ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және сәулеттік келбетін ретке келтіру мақсатында ауқымды рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Отырар ауданы орталығында арнайы жұмысшы топ мониторинг жүргізді. Топ құрамына әкімдік өкілдері, Төтенше жағдайлар бөлімі, СЭС, ішкі істер органдары мен прокуратура қызметкерлері енді. Рейд барысында мамандар ауданның эстетикалық ажарына нұқсан…
-

Таза Казахстан
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Первомай ауылдық округінде елді мекендерді жақсарту жұмыстары жалғасуда Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-pervomay/press/news/details/1196464?lang=kk
-

Кеше, 2026 жылдың 7 сәуірінде Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сербаев Мұхтар Ұбайтжанұлы іссапар аясында Маңғыстау облысының Қарақия ауданында аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында халықты инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы екпелермен қамту мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырылды. Кеңеске медициналық ұйымдардың басшылары мен жауапты мамандар қатысып, 2025 жыл қорытындысы және 2026 жылдың алғашқы екі айындағы эпидемиологиялық ахуал мен вакцинация көрсеткіштері талқыланды. Жиын барысында вакцинациямен қамтуды 95 пайыздан төмендетпеу, екпеден бас тартудың алдын алу, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі…
-

3-сынып оқушыларымен оқу пәніне деген қызығушылықты арттыруға және балаларды ертегілер әлемімен таныстыруға бағытталған «Ертегілер әлеміндегі шатасу» атты ойын бағдарламасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар сүйікті шығармалар беттерімен қызықты саяхатқа шықты. Балалар түрлі байқауларға белсенді қатысты: ертегі кейіпкерлерін тапты, онлайн-викторина сұрақтарына жауап берді, белгілі ертегілерді жалғастырды және жұмбақтар шешті. «Кейіпкерді сипаттамасы бойынша тап» және «Ертегілік шатасу» ойындары ерекше қызығушылық тудырды. Бұл кезеңдерде балалар тапқырлықтарын, зейінділіктерін және әдеби шығармаларды жақсы білетіндіктерін көрсетті. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті.…
-

Алматы қаласы мектептерінде PIRLS 2026 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өкізілуде.
Алматы қаласы мектептерінде PIRLS 2026 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өкізілуде. 📚 1 сәуір мен 15 мамыр аралығында қала бойынша 23 орта білім беру ұйымын қатысады. Бұл зерттеудің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалау және олардың мәтінді түсіну деңгейін халықаралық деңгейде салыстыру. PIRLS нәтижелері білім сапасын арттыруға, оқыту әдістерін жетілдіруге және оқушылардың оқу дағдыларын…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату туралы келісімді толық қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы…
-

АПТАЛЫҚ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті апталық аппарат жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округі әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және ағаш көшеттерінің өнімділігі мен көгалдандыру жұмыстарының жай-күйі қаралды. Алғашқы мәселе бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сыздық Батырбек…
-

Кітапханада белгілі қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың “Тағдыр” романына арналған әдеби сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты оқырмандарды автордың шығармашылығымен таныстыру, шығарманың мазмұнын ашу және Отаннан тыс жерде өмір сүрген қазақ халқының тарихи тағдырын түсіну болды. Кездесу барысында қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы білді. “Тағдыр” романы күрделі тарихи оқиғаларды, адамдардың тағдырын және олардың ұлттық бірегейлікті, тіл мен дәстүрді сақтау үшін күресін бейнелейді.…
-

Департамент басшысының орынбасары Алматы қаласы аумағында кенелерге қарсы өңдеу жұмысының бірінші кезеңінің басталуы туралы сұхбат берді
Ағымдағы жылдың 30 наурызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова «JIBEK JOLY» телеарнасына кенелерге қарсы өңдеу жұмысының бірінші кезеңінің басталуы туралы сұхбат берді. Толық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы біле аласыздар:https://youtu.be/yBnM8kJWXYc?si=dvgWHmibKTOHQT3W Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1196471?lang=kk
-

КЕНЕ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ
Көктем мезгілінің басталуымен Қазақстанда кенелердің белсенділік кезеңі басталады. Қазіргі таңда кене шағуына байланысты 478 адам дәрігерлерге жүгінген, алайда кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ. Қарапайым алдын алу шаралары ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі. Күннің жылынуына байланысты, әсіресе табиғат аясында кенелерге тап болу қаупі артады. Қазақстанда жұқтыру қаупі жоғары 7 эндемиялық өңір…
-

7 сәуірде біздің мектепте Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған “салауатты өмір салты — табысты болашақтың негізі” атты бірыңғай сабақ өтті.
Оқушылар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің сөзін көріп, өз денсаулығына саналы көзқарастың, профилактика мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады. Балалар қорытындыға келді: бұл күнделікті әдеттер — спорт, дұрыс тамақтану және күн тәртібі — табысқа жетуге көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kostryakov/press/news/details/1196473?lang=kk
-

Талдықорғанда 41 отбасы қоныс тойын тойлады
Бүгін Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы 41 отбасыға бір, екі және үш бөлмелі жаңа баспаналар табысталды. Пәтер кілттерін қала әкімі Ернат Бәзіл салтанатты түрде тапсырды. Жаңа баспана қаланың «Жастар-3» тұрғын үй алабы мен «Шығыс» шағын ауданынан берілді. Қала әкімі Ернат Бәзіл: – Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауының арқасында Талдықорған қаласында тұрғын үй…
-

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН КӨРДІ
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН КӨРДІОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай ауданға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге ауданда жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылады.Алдымен Жанқожа батыр ауылындағы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық мектептің жағдайын зердесоңғыледі. Мердігер…
-

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады Мемлекет басшысы Корея Республикасы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынына назар аударып, екіжақты ықпалдастық қарқынына жоғары баға берді. Президент Қазақстанның корей халқына және Корея Республикасының даму деңгейіне құрметпен қарайтынын атап өтіп, Астана екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі…
