Санат: Қазақстан
-

КЕЗЕКТІ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ
12 қыркүйек күні Түркістан қаласында жалпы қалалық сенбілік өтеді. Барша қала тұрғындарын игі бастамаға белсенді қатысып, туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз. 12 қыркүйек 2026 жыл 09:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1290716?lang=kk
-

Қазақстанда 266-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Ақжар ауылында ерікті өртке қарсы құралым өз жұмысын бастады. Ол екі мыңнан астам тұрғыны бар Ақжар ауылы мен Жазық станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Өрт сөндіру бөлімдерінен шалғай…
-

ТҮРКІСТАНДА 143 КӨШЕДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту және көшелердің жағдайын жақсарту бағытында биыл 143 көшеде жалпы ұзындығы 110,7 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстардың негізгі бөлігі Шауғар, Бірлік және Сауран бөліктерінде атқарылуда. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жол жөндеу және сарқынды су жүйелерін жүргізіп жатқан мердігер компаниялардың басшыларымен көшпелі кездесу өткізіп, жұмыс барысын пысықтады.…
-

Түркістан киберкеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық прокурорлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін қалыптастыру алаңына айналды
11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің 5-отырысы өтті. Негізгі назар цифрлық технологияларды, криптовалюталарды және онлайн-платформаларды пайдаланумен байланысты есірткі қылмысының жаңа нысандарына, бірлескен тергеу жүргізуге және қылмыстық желілерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдануға аударылды. Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркия прокуратураларының басшылары, сондай-ақ ТМҰ…
-

Отбасының немесе үй шаруашылығының әл-ауқат деңгейі
Отбасының цифрлық картасында әлеуметтік-экономикалық деректердің жиынтығы негізінде айқындалады.Бағалау кезінде бір ғана көрсеткіш емес, отбасының қазіргі жағдайын неғұрлым объективті бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар деректер ескеріледі.Бұл ретте отбасының өмірлік жағдайындағы өзгерістерге және деректердің жаңартылуына қарай оның санаты да өзгеруі мүмкін.«А» және «В» санаттары нені білдіреді және оларды анықтау кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі? Осы сұрақтардың жауабын бейнематериалдан көріңіздер.…
-

Әлеуметтік қолдау деңгейі тек отбасы құрамына қарай анықталмайды
Әлеуметтік қолдау деңгейі тек отбасы құрамына қарай анықталмайдыЕкі отбасының құрамы мен бала саны бірдей болғанымен, олардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқат деңгейі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.Мысалыға екі отбасын алайық: әр отбасында екі ересек адам және төрт бала бар. Сырттай қарағанда, олардың отбасы құрамы бірдей. Алайда отбасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау кезінде оның құрамы мен бала санынан…
-

Әр отбасының материалдық және әлеуметтік жағдайы
Әр отбасының материалдық және әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Бір отбасының тұрақты жұмысымен табысы болса, енді бір отбасына өмірініңбелгілі бір кезеңінде мемлекет тарапынан көбірекқолдау қажет болуы мүмкін. Адамның өмір жағдайы бір қалыпта тұрмайды. Әртүрлі себептерге байланысты отбасыныңтұрмысы жақсаруы да, керісінше қиындауы да ықтимал. Сондықтан бағалау кезінде отбасының жалпықазіргі жағдайын және оның әлеуметтіктұрақтылық деңгейін сипаттайтынфакторларды кешенді түрде ескеру маңызды. Бұлотбасының…
-

Қарағандыда энергетикалық нысандардың жай-күйін дрондар тексеруде
🚁 Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті энергетикалық нысандарды тексеру барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда. 🔍 Дрондарды пайдалану электр беру әуе желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, түтін мұржаларын және басқа да қолжетімділігі қиын учаскелерді көзбен шолып тексеруге мүмкіндік береді. 📸 Аэрофото және бейнетүсірілім жабдықтардың техникалық жай-күйін егжей-тегжейлі бағалауға,…
-

Астанада қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын
Астана қаласында қысқы жылыту маусымына қажетті жылу қуатының резерві дайын. Елордада қолданыстағы жылумен жабдықтау нысандарын қысқа дайындау жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен қатар жылу көздерін жаңғырту және жаңа нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бүгінде елорданың орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне бес негізгі энергия көзі кіреді. Олар – ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3,…
-

БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан қаласында жаңа оқу жылының барысы мен білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына әзірлігі пысықталуда. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын бақылау мақсатында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар білім беру нысандарын аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты. Қала әкімі С. Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатына, М. Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебіне, Ө. Жәнібеков атындағы №27 ІТ мекеп-лицейіне…
-

«Алтай Өскемен» футбол клубы «Ұлытаудан» басым түсті
Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Алтай Өскемен» сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытау» командасымен кездесті. Матч қорытындысында шығысқазақстандық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алғашқы таймы голсыз аяқталғанымен, екінші таймда «Алтай Өскемен» футболшылары қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. 58-минутта Дарко Додев есеп ашты. Араға 14 минут салып, Сэйф Попов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның 88-минутында Сэйф Попов тағы бір гол…
-

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: – «Кітап оқитын мектеп» —…
-

1200-ден астам қарағандылық әскери қызметке аттанады
Қарағанды облысында 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының нәтижесі мен алдағы күзгі шақыру кезеңінің жұмыстары талқыланды. Жиынға Қорғаныс істері департаменті, полиция, облыстық басқармалар өкілдері сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Биыл күзде Қарағанды облысынан 1202 азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарлануда. Оның ішінде 670 адам Қарулы күштердің, 360-ы Ұлттық ұланның, 140-ы ҰҚК Шекара қызметінің…
-

Қазақстан Бар портымен және Будва муниципалитетімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда
Бар-Будва, 2026 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Черногориядағы Елшісі Дәулет Батырашев Бар теңіз портының өндірістік мүмкіндіктерімен танысып, «Luka Bar» A.D. компаниясының атқарушы директоры Александр Слабиджоревскиймен және Будва муниципалитетінің төрағасы Никола Йовановичпен кездесулер өткізді. Бар портына сапар барысында тараптар Қазақстан, Батыс Балқан елдері және Еуропа нарықтары арасындағы жүк тасымалдарын дамыту үшін Черногорияның көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану…
-

«Таза Қазақстан»: ШҚО әкімдігінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері демалыс күндері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, сенбілікке шықты. Тазалық жұмыстарына өңір әкімдігінің барлық басқармалары мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Олар Өскемен қаласының негізгі көшелері мен демалыс орындарын тазалап, жиналған қоқыстарды шығарды. (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1290705?lang=ru
