Санат: Қазақстан
-

Астанада жүзуден әлем кубогының соңғы кезеңінің ашылу салтанаты өтті
Астанада жүзуден World Aquatics Swimming World Cup 2026 әлем кубогының қорытынды кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған беделді халықаралық турнирге әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы жиналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Турнирдің ашылу салтанатына World Aquatics халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн әл-Мусаллам, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі…
-

«Адал азамат» – заңға бағынуға, адалдыққа, жауапкершілікке және адам құқықтарын құрметтеуге негізделген қағидат
«Адал азамат» – заңға бағынуға, адалдыққа, жауапкершілікке және адам құқықтарын құрметтеуге негізделген қағидат. Бейнероликте азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі түсіндіріледі: азаматтар заңдарды сақтап, өзгелердің құқықтарын құрметтейді, ал мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріп, олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Егер құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, өтінішті e-Otinish арқылы жолдай аласыз. Құқықтарыңызды қорғауға жәрдем алу үшін Адам құқықтары…
-

МӘС комиссиясына жолдау үшін қажетті құжаттар
Медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) өту немесе қайта куәландыру үшін азамат белгіленген нысандағы өтінішті ұсынуы қажет. Өтінішке қоса төмендегі құжаттар талап етіледі: Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат. № 031/у нысанындағы МӘС қорытындысы. Оның қолданылу мерзімі қол қойылған күннен бастап бір айдан аспайды. № 033/у нысанындағы жеке оңалту бағдарламасының медициналық бөлігі — медициналық…
-

Білім беру ұйымдарында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының профилактикасы
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2026 жылғы 8 қазандағы №297/573 бірлескен бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 13 қазанда ZOOM платформасында «Білім беру ұйымдарында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының профилактикасы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен эпидемиолог мамандары, білім бөлімдерінің басшылары және білім…
-

Қазақстанның Киберқылмыс туралы Будапешт конвенциясына қосылуына арналған ресми рәсім Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде өтті
Страсбург, 2026 жылы 15 қазан – Еуропа Кеңесінде Қазақстанның Киберқылмыс туралы конвенцияға (Будапешт конвенциясы) қосылуына арналған ресми рәсім өтті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Сайтбеков Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы А.Берсеге Қазақстан Республикасының Киберқылмыс туралы конвенцияға (Будапешт конвенциясы) қосылуы туралы құжаттарды табыс етті. Конвенцияны ратификациялау туралы тиісті заңға Мемлекет басшысы осы жылғы 12 қазанда қол…
-

Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі
Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі Қазақстанда 1 қазанда 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бұл күн мереке күндерінің тізбесіне енгізілді. 1 қазанда Победа ауылында ауыл тұрғындарының аға буыны құрметке ие болды. Мәдениет, бюджет саласы қызметкерлерінің және көркемөнерпаздар қатысушыларының күшімен мерекелік шай кеші ұйымдастырылды, концерттік нөмірлермен жергілікті…
-

Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Биыл өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы құны 30,2 млрд теңгені құрайтын20 жоба іске асырылып жатыр. Оның 14-і бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қалған жобалар бойынша дайындық шаралары жалғасуда. Жобалар аясында сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет – инженерлік желілердің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендетіп, олардың…
-

Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі…
-

Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады?
Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Мәселен, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспанасының болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары назарға алынады. ▪️C санатына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасылар жатады. ▪️D санатындағы отбасылардың қаржылық жағдайы қиындау болады. Олардың табысы төмен, тұрақты жұмысы мен жеке баспанасы болмауы мүмкін. Сондай-ақ мерзімі өткен несиелері…
-

«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде. Платформаның негізгі мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру. «Balazhan» балалар мен олардың отбасылары туралы ақпарат жинауға қатысты жаңа талаптар енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және әртүрлі ақпараттық…
-

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖИІ ЖІБЕРЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
Жылжымайтын мүлік пен көлікті сату кезіндегі ЖТС: жиі жіберілетін қателерЖылжымайтын мүлікті немесе көлік құралын сатқан кезде құн өсімінен табыс туындап, ЖТС төлеу міндеттемесі пайда болуы мүмкін. Бұл сыйға немесе мұраға алынған мүлікке де қатысты.Салықтың есептелуі мүліктің түріне, оны иелену мерзіміне және сату құнына байланысты.Қандай жағдайларда салық төлеу қажет және декларацияны қалай тапсыру керек? Ақпарат көзі…
-

Тікелей эфирдің салдары: Талдықорғанда TikTok-та бейәдеп сөздер айтқан әйелге айыппұл салынды
Жетісу облысының полиция қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында полицейлер TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының 35 жастағы тұрғыны Ерменбетова Анеля Маратовна тікелей эфир барысында алкогольдік ішімдік ішіп, бейәдеп…
-

Жетісуда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Оған прокуратура және полиция органдарының өкілдері, облыстық білім және балалардың құқығын қорғау басқармаларының басшылары, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиында балалар қауіпсіздігін және құқығын қамтамасыз ету, мектептердегі…
-

Астанада қандай сумен жабдықтау нысандары салынады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан салынатын сумен жабдықтау нысандары туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Қаланы дамыту барысында инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлеміз. Жылумен, электрмен жабдықтау, кәріз, нөсер суын ағызу және сумен жабдықтау нысандарын салып, жаңғыртып жатырмыз. Қаланың сумен жабдықтау мәселесіне толығырақ тоқталып өтейін. Мәселен, 2024 жылы су тұтыну көлемі тәулігіне…
-

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ
Облыстық ақпараттық-насихат тобының Әйтеке би ауданына жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық сұрақ-жауап сессиясы форматындағы форум өтті. Шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды. «Ашық диалог» алаңы форматында өткен форумға 200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында: * ардагерлер мен қоғам белсенділері; * белсенді жастар мен ҮЕҰ…
