Санат: Қазақстан
-

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет
Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру маңызды.Ата-аналарға балаларға жолдан өту тәртібін түсіндіріп, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, бағдаршам сигналдарына назар аудару және жол бойында телефонға алаңдамау қажеттігін үйрету ұсынылады.Сондай-ақ автокөлік жүргізушілері балалар мекемелері мен мектептер маңында жылдамдықты төмендетіп, ерекше сақтық танытуы қажет.Жол қауіпсіздігі – сізден басталады Ақпарат…
-

Еңбек министрлігінің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жұмысын бастады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі IV шақырылымдағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыста Кеңестің жаңа құрамының жұмыс тәртібі мен негізгі бағыттары айқындалып, министрлікпен өзара іс-қимылдың басымдықтары белгіленді. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев және Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының мүшелері қатысты. Оның барысында Кеңес…
-

Қазақстан халқының тілдері күні
5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдері күні. Бұл күн ұлы қазақ ағартушысы, ғалым-лингвист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен де байланысты.Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің, жазуының, білім беру мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Оның мол мұрасы Қазақстан тарихында ерекше орын алады.Осы атаулы күнге орай Оқушылар шығармашылық сарайында тілдер мен Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған танымдық бағдарлама…
-

Конституциялық Сот: бәсекелеспеу туралы шарт еңбек ету бостандығына құқықты бұзбайды
Конституциялық Сот жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бәсекелеспеу туралы шарт жасасуды реттейтін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 29-бабының 1 және 2-тармақтарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады. Өтініш иесі еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін шектеулер белгілеу мүмкіндігі еңбек ету бостандығына және кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарды қозғайды деп есептеген. Конституциялық Сот Еңбек кодексінің 29-бабы шеңберлік сипатқа ие екенін…
-

«Таза Қазақстан»: Жетісуда үш экопарктің тағы біреуі іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және Жетісу облысында туризмді дамыту мақсатында үш экопарк құру жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі – Талдықорған қаласындағы «Тасбақа» экопаркі өткен демалыс күндері ресми түрде ашылды. Атап айтқанда, бірінші кезеңінің аясында экопарк аумағында табиғи ландшафтын өзгертпей абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Еске салсақ, бұған дейін Сарқан ауданындағы «Қойтас» саябағына экопарк мәртебесі…
-

Қазақстанда автомобиль жолдарындағы электр көліктерін қуаттандыру станцияларының желісі кеңейіп келеді
Бүгінгі таңда еліміздің негізгі автомобиль бағыттарының бойында Қазақстанның 13 өңірінде орналасқан 62 электр көліктерін қуаттандыру станциясы (ЭҚС) жұмыс істейді. Оларды дамыту өңірлер арасында қатынайтын электромобиль иелері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Станциялардың ең көп саны Алматы және Жамбыл облыстарында — 12-ден, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарында — 8-ден орналасқан. ЭҚС Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қостанай,…
-

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов саланы цифрландыру мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді. Ақпараттық жүйе Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында әзірленді. Ол су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың…
-

Маңғыстауда 536 км электр желісіне күрделі жөндеу толық аяқталды
Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына энергетикалық инфрақұрылымды дайындау аясында электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл 536 км электр желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар толық көлемде орындалды – 536 км немесе 100%. Сонымен қатар, 2 қосалқы станцияға, сондай-ақ 77 тарату пунктіне, трансформаторлық қосалқы станцияға және кешенді трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу…
-

Халық саулығы жолындағы қалтқысыз қызмет
Адам өмірінде таңдаған мамандығының өзіндік орны бар. Ал оны жүрек қалауымен таңдап, ұзақ жылдар бойы адал атқару — үлкен жауапкершілік пен еңбекті талап етеді. Досполова Гүлсара Курашевна да санитариялық-эпидемиологиялық қызметке 36 жылдан астам ғұмырын арнаған білікті мамандардың бірі. Гүлсара Курашевна 1982 жылы Қарағанды медициналық институтын «санитариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Нұра аудандық санитариялық-эпидемиологиялық…
-

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 1 тамыздағы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелері
Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың тамызынан бастап 2026 жылдың шілдесін қоса алғанда 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері…
-

БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын еске салады. Бұл шешім 2025 жылғы 31…
-

«Алматыбасжоспар» тұрғындардың өтінішін қабылдайтын байланыс орталығын іске қосты
Алматы тұрғындары Бас жоспар бойынша тікелей түсіндірме ала алады Алматының Бас жоспары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру және қала тұрғындарымен тікелей байланыс орнату мақсатында «Алматыбасжоспар» тұрғындардың өтінішін қабылдайтын байланыс орталығын іске қосты. Жаңа байланыс форматының негізгі міндеті – қала тұрғындарына Алматының дамуы, Бас жоспардың негізгі ережелері және оның нақты аумақтарға ықтимал әсері туралы түсінікті әрі сенімді…
-

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін басқарма басшысы Бақыт Аязұлы Бетбаевтың азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында азаматтар өздерінің жеке мәселелері бойынша өтініштері мен сұрақтарын жеткізіп, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды. Басқарма басшысы әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірмелер берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1287092?lang=ru
-

Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды
Қордай ауданы полиция қызметкерлері жүргізген “Мотокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ауданда 62 электрлі үш дөңгелекті мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркелмеген. Қалған 12 мотокөлік тіркеуде тұрғанымен, олардың пайдаланылу тәртібінде заң бұзушылықтар болған. Аталған мотокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Жалпы облыс аумағында іс-шара басталғалы бері…
-

Баспасөз аңдатпасы
2026 жылғы қыркүйектің 16 күні сағат 11-00-де, 15-00-де «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ) офлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Өткізілетін мекенжайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темирбаев көшесі, 30 үй. Іс-шараның тақырыбы: «Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға арналған invest.enpf.kz порталы». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы жинақтарының бүкіл…
