Санат: Қазақстан
-

Аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлы Тынымгеревтің аудан тұрғындарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандан тұрғындарын құттықтауы
Құрметті Қобдалықтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі ұрпақтың туған елге адал қызмет ету дәстүрін жалғастырып келе жатқан айрықша мереке. Отан қорғау – әр азамат үшін қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Халқымыз қашанда антына берік, еліне адал азаматтарды жоғары бағалаған. Бүгінде…
-

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» республикалық профилактикалық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау…
-

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті
7 мамыр күні Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО ТЖД басшылығы мен құтқарушылар қатысты.Сонымен қатар, шараға ұйым басшылары, әскери құрылымдардың командирлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары да қатысты.Кеңес Одағының Батыры, «Халық Қаһарманы», Қазақстан…
-

Астанадағы «Кестелі орамал» концертінде соғыс жылдарының әндері шырқалды
Отан қорғаушылар күніне орай елордадағы Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «Кестелі орамал» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Кеш барысында көрермендерге халықтың өткен ғасырдағы тарихы, соғыс жылдарындағы рухани беріктігі мен бейбіт өмірдің қадірі өнер арқылы көрсетілді. Кештің ерекшелігі – шығармалардың мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек жетекшілік ететін «Қорқыт» этно-ансамблінің жанды…
-

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Құрметті жерлестер! Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!7 мамыр – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн.Егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы.Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы…
-

Астанада Жеңіс күні қарсаңында жүздеген жас жеңілатлетикалық эстафетаға қатысты
Жеңіс күніне орай және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық Триатлон парк аумағында дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жарысқа Астанадағы жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, колледж оқушылары мен мектеп оқушылары қатысты. Эстафета жүздеген жастың басын қосты. Ұйымдастырушылар жалпы ұзындығы 2,4 шақырым болатын динамикалық трасса әзірледі. Қашықтық 14 кезеңге бөлініп, әр…
-

ТЖМ әскери қызметшілері Отан қорғаушылар қатарында
Қазақстан ТЖМ қарамағында өңірлік қағидат бойынша орналасқан азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері бар. Орталық өңірге Қарағанды қаласындағы 52859 әскери бөлімі, оңтүстік өңірге Ұзынағаш ауылындағы 28237 әскери бөлімі, шығыс өңірге Семей қаласындағы 68303 әскери бөлімі, батыс өңірге Ақтөбе қаласындағы 20982 әскери бөлімі, солтүстік өңірге Ақкөл қаласындағы 55209 әскери бөлімі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар екінші құтқару батальондары…
-

СҚО полицейлері Петропавлдың Бас алаңындағы салтанатты шеруге қатысты
Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін әскери және құқық қорғау құрылымдарының бірлігін көрсетті. Полиция департаменті атынан саптық шеруге облыстық ПД аппаратының, Петропавл қаласы полиция басқармасының және жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлерінен құралған әрқайсысы 48 адамнан тұратын үш саптық топ қатысты. LED-экранда қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту…
-

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай, «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Dara» қыздар мектебінің оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне танымдық экскурсия өткізілді.
Экскурсия жоғары қызығушылық тудырды: қатысушылар тарихи экспонаттармен мұқият танысып, гидке мазмұнды сұрақтар қойып, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты. Іс-шара барысында орындалған патриоттық әндер ерекше әсер сыйлап, кездесудің маңыздылығын арттыра түсті. Шараның маңызды сәттерінің бірі — қыздардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын 🇰🇿 мақтанышпен ұстауы болды. Бұл олардың ұлттық құндылықтарға, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін…
-

Астанада соғыс жылдарының жәдігерлері қойылған көрме мен дөңгелек үстел өтті
Елордадағы Достық үйі ғимаратында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Дөңгелек үстел аясында қонақтарға соғыс жылдарынан сақталған жәдігерлер көрмесі ұсынылды. Экспозицияда каскалар, оқтар, пулемет таспалары және сол кезеңге тиесілі өзге де артефактілер қойылды. Сонымен қатар келушілер…
-

Абай облысында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр
Семейдегі «Спартак» стадионында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, көрнекті спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 6 облысы мен 4 қаласынан 12 команда (Qazaqstan tv (Астана қаласы), «Абай облысы» (Абай облысы), Aqmeshit (Қызылорда облысы), Атырау (Атырау облысы), Kazmedia (Астана қаласы), Qareket (Жетісу облысы), «Семей» (Семей қаласы), Сетанта…
-

СҚО полицейлері мерекені Қарасай мен Ағынтай батырлар ескерткіші жанында қарсы алды
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов, бөлімше басшылары, жеке құрам және ведомство ардагерлері Қарасай мен Ағынтай батырлар ескерткіші алдындағы алаңға жиналды. Тәртіп сақшылары облыс және Петропавл қаласының басшылығымен бірге қазақ халқының даңқты батырлары — ел қорғаған қаһармандарға гүл шоқтарын қойды. Жерлестердің ерлігіне тағзым етіп қойылған гүлдер — олардың…
-

СҚО полицейлері квадроциклдерге мінеді
Отан қорғаушылар күніне орай Солтүстік Қазақстанда жедел қызметтердің автопаркі жаңартылды. Облыс бойынша жедел уәкілдердің, криминалистердің, тергеушілер мен анықтаушылардың қызметіне әртүрлі үлгідегі 80 «Kia» және «Hyundai» автокөлігі берілді. Сонымен қатар, СҚО-да патрульдік полиция қызметкерлері алғаш рет «V-Twin» маркалы 4 квадроцикл алды. Жол талғамайтын техника автокөлік бара алмайтын аумақтарда қызмет атқаруға арналған. Екі квадроцикл Петропавл қаласы полиция…
-

ШҚО-да батыр Ер Жәнібекті еске алуға арналған XX республикалық семсерлесу турнирі өтіп жатыр
Шығыс Қазақстанда Ер Жәнібек есімін ұлықтауға арналған XX республикалық семсерлесу турнирі өтіп жатыр. Жарысты өткізу бастамасын Ер Жәнібектің ұрпақтары көтерген. Турнирдің өтуіне ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО Семсерлесу федерациясы мұрындық болды. Ашық турнирде юниорлар мен кадеттер өз шеберліктерін паш етуде. 2-8 мамыр аралығында болатын дода облыс орталығындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика…
-

Тәуелсіз Қазақстанның армиясы
Қазақстан армиясы өзінің 34 жылдық тарихында қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және «Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы» Жарлықтарға қол қойды. Қазақстан Орталық Азияда республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау тәсілдерін айқындайтын әскери доктрина қабылдаған алғашқы мемлекет болды.…
