Санат: Әлем
-

Алматыда алғаш рет Almaty Glow Ride ауқымды түнгі велошеру өтті
23 мамыр күні Алматыдағы Астана алаңында қалалық белсенділікті дамыту, бұқаралық спортты насихаттау және «ұйықтамайтын қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында алғаш рет Almaty Glow Ride түнгі велошеруі ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық-қалалық іс-шараға әртүрлі жастағы шамамен 4000 адам қатысып, маусымның ең жарқын оқиғаларының біріне айналды. Велошерудің кешкі форматы мегаполис тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, Астана алаңы бірнеше…
-

Шымкентте құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл штабының бірлескен отырысы өтті.Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың, прокуратураның өкілдері, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Онлайн форматта ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов пен ведомство өкілдері қосылды. Күн тәртібінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,…
-

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда
Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік жалғасуда. Сенбілік барысында қала көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, шашылған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылып, арықтар мен аулалар ретке келтірілді. Экологиялық акцияға қала тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдары және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысуда. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау,…
-

Еліміздің барлық мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын.
Еліміздің барлық мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтаса, 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері. Білім беру саласындағы маңызды бастамалардың бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Жоба аясында еліміз бойынша 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бүгінде «Келешек…
-

Ардақты ұстаздар! Құрметті оқушылар мен мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді оқу жылының сәтті аяқталуымен және Соңғы қоңырау соғылуымен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Биылғы оқу жылында Төлеби ауданында 3 «Келешек» мектебі пайдалануға берілді. Биылғы оқу жылында ауданымызда барлығы 1818 түлек…
-

⚜️Қызылшаның алдын алу
Қызылша – бұл балалардың жұқпалы ауруы, вируспен тудырған. Қызылша жөтелмен, мұрынның ағуымен, тамақ ауруымен, безгегімен және терідегі қызыл дақты бөртпелермен көрінеді. Бөртпе алдымен бетте пайда болады, әсіресе оның көп бөлігі құлақтың артында және шаш сызығының бойында. Келесі бірнеше күн ішінде бөртпе қолға, денеге, содан кейін жамбас, жіліншік және аяққа таралады. Қызылшамен ауыратын науқас…
-

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды
Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында алғаш рет арнайы ЛОР-хирургиялық операциялар жасала бастады. Енді мұндай жоғары мамандандырылған оталар Қазақстанның барлық өңірінен келетін балаларға тұрақты түрде жоспарлы негізде жүргізіледі. Алғашқы оталардың бірі — мұрын қалқасындағы тесікті жабу және бір мезгілде септопластика жасау бойынша реконструктивтік ота болды. Балаға мұрын ішіндегі ақауды жою үшін эндоназальды әдіспен ота…
-

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАГ) 44-пленарлық апталығы аяқталды
Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАГ) 44-пленарлық апталығы аяқталды. Іс-шараға ЕАГ-қа мүше мемлекеттердің делегациялары, FATF, FATF үлгісіндегі өңірлік топтар, халықаралық ұйымдар мен байқаушылар қатысты. Жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері талқыланды. Жасанды интеллект технологияларының ықпалын зерделеуге, сондай-ақ 2026–2027 жылдарға арналған ұлтаралық тәуекелдерді…
-

Жедел әрекет ету орталығының жұмысы жетілдірілуде
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты.Орталық шұғыл жағдайлар мен коммуналдық мәселелерге қатысты өңір халқынан келіп түсетін өтініштерді жедел қабылдап, өңдеумен айналысады.Мекеме 2019 жылы құрылған және оның құрамына 112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі мен 109 – Бірыңғай байланыс орталығы біріктірілген. Мұнда 75 қызметкер жұмыс істейді.Бүгінде «Көмек-112» және «Көмек-109» жүйелері толық іске қосылып,…
-

Алматы GITF 2026 көрмесінде үздік мәдени туристік бағыт атанды
Алматы 21–23 мамыр күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан GITF 2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың дерегіне сүйенсек, ауқымды іс-шараға әлемнің 55 елінен және өңірлерінен өкілдер келіп, 1000-нан астам туристік ұйым мен компания бас қосты. Көрмеде Алматы ұлттық нақыштағы стендпен таныстырылып, қазақ мәдениетінің элементтері мен заманауи мультимедиялық шешімдер арқылы ұсынылды. Қала делегациясы туристік бағыттарды,…
-

Сандардағы отбасылық құндылықтар: СҚО-ның Отбасы күніне арналған статистикасы
Жыл сайын 15 мамырда БҰҰ құрған халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Осы күн қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы өңір бойынша арнайы статистика дайындады. Мәселен, 2025 жылы облыста 4 675 неке тіркелді. 2026 жылдың басынан бастап тағы 750 жұп қарым-қатынастарын ресми түрде рәсімдеді. Некені тіркеудің ең көп саны…
-

Жобалар бағыты – қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаланы көгалдандыру, жол құрылысы және су шаруашылығы нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.«Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы жасыл желекті көбейтуге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.Өткен жылы 46 100 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, «KazStroyCapital» ЖШС «Қорқыт ата әуежайы” аумағына, орталық көшелер мен саябақтарға 779 мың біржылдық және 33,8 мың көпжылдық гүл…
-

«Дін саласындағы мемлекеттік саясат: жергілікті жерлердегі тәжірибе мен міндеттер»
2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бастамасымен 2026–2030 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту тұжырымдамасын түсіндіру аясында «Дін саласындағы мемлекеттік саясат: жергілікті жерлердегі тәжірибе мен міндеттер» тақырыбында екі күндік семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға дін саласындағы мамандар, аудандар мен Петропавл қаласының терроризмге қарсы комиссияларының хатшылары, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы…
-

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атынан Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесінің кітапхана қорына кітаптар табыс етті.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атынан Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесінің кітапхана қорына кітаптар табыс етті. Бұл іс-шара сотталғандардың рухани және зияткерлік тұрғыдан дамуына, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ пенитенциарлық жүйедегі ағартушылық қызметті қолдауға бағытталған. Табыс етілген кітаптардың қатарында құқықтық…
-

ҚР ІІМ Ұлттық ұланға көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. 2026 жылғы 22 мамыр мен 30 маусым аралығында құқықтық тәртіп әскерінің қатарына шамамен 7 мың адамды шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қайрат Ақтановтың төрағалығымен өткен көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру…
