Санат: Әлем
-

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 5 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалын» мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай «USTAZFEST – 2026» фестивалі өтті. Мерекелік шара аясында ұстаздар қолөнер бұйымдары, химиялық тәжірибелер, STEM жобалары мен кітапхана көрмесін тамашалады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген фотозоналар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Фестивальді аудан әкімі Нұрым Бекежанұлы…
-

Есірткіге қарсы спорт: Семейде 80 жасөспірім веложарысқа қатысты
Семейде Абай облысы Полиция департаменті облыстық әкімдікпен бірлесіп, 13–14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында веложарыс ұйымдастырды. Жарысқа 80 жасөспірім қатысып, өздерінің төзімділігін, белсенділігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді спортқа баулу. Спорт — денсаулыққа бастар жол, ал есірткіден бас…
-

Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі…
-

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті
Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Даулов әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, жұмыс істемейтін және білім алмайтын жастарды анықтау, оларды қоғам өміріне белсенді араластыру, кәсіптік білім алуға бағыттау, сондай-ақ тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне назар аударылды.Сонымен қатар,…
-

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі Құрылтай отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутат Наталья Рамазанованың Цифрлық отбасы картасын қалыптастыру тетігі туралы қойған сауалына жауап бере отырып, отбасы санатын (А, В, С, D және Е) айқындау кезінде бүкіл отбасы мен үй…
-

“Ассаламағалейкум, Аяжан деші”: Семейде қонақүйде жанжал шығарған тұрғын бес тәулікке қамалды
Оқиға 12 қазан күні сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешенінде болған. Қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні қабылдаудан бас тартқан. Бұған наразы болған ол жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескертулерге қарамастан, ол қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастырған. Полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы Аяжан Жұманқұлова болып шықты. Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны…
-

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдар мен бейінді қызметтер өкілдерінен құралған мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шара шеңберінде топ бұрын отбасылық-тұрмыстық жанжалдар фактілері бойынша шақыртулар тіркелген азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барды. Азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, оларға қолданыстағы заңнаманың талаптары мен құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, әлеуметтік және…
-

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Қазіргі уақытта сол жағалауға 25 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Мұнда 136 көпқабатты тұрғын үй, 20…
-

Неліктен полицейлер граффитиді бояп өшіреді?
Егер қабырғада бояу баллонымен жазуды өшіріп жүрген полицейді көрсеңіз, біліңіз: ол есірткі жарнамасын жойып жатыр. Мұндай жазулар жай ғана сурет емес. Олардың артында есірткі тарататын интернет-ресурстарға апаратын сілтемелер жасырынуы мүмкін. Бұл жарнамалар баршаға, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге де көзге түседі. Абай облысында есірткіге қатысты граффитилерді жою жұмыстары кең көлемде жалғасуда. Қыркүйек айынан бері осындай…
-

САРЫАҒАШ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА ТОП ЖАРҒАН СПОРТШЫЛАР ҚҰТТЫҚТАЛДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен аудан спортшыларын қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Халықаралық жарыстарда Шерзод Давлетов пен Балнұра Жұмабаева дзюдодан әлем чемпионаттарының күміс жүлдегерлері атанды. Ал Ақтөбе қаласында өткен ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында аудан спортшылары дзюдо, қазақ күресі және үстел теннисінен алтын медальдарға ие болды. Сонымен қатар,…
-

Жасанды интеллект пен экология салаларында жаңа стандарттар енгізіледі
Қазір елде алты бағыт бойынша ұлттық стандарттарды әзірленіп жатыр. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл өзгерістер қай салаларды қамтитынын атап өтті. Мәселен, қоғамдық қауіпсіздік саласында ғимараттар мен құрылыстардағы бейнебақылау жүйелеріне, оның ішінде оларды жобалауға, орналастыруға және пайдалануға бірыңғай талаптар белгілейтін стандарт…
-

AҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАMА
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөнінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін, шарттық негізде ұсынылатын…
-

Астанада TransLogistica Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесі басталды
Бүгін EXPO халықаралық көрме орталығында 29-шы Қазақстандық «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты. Көрме халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және көлік-логистика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған. Ол мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік компаниялардың, салалық бірлестіктер мен сарапшылардың басын қосады. Биыл көрмеге әлемнің…
-

Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
Талдықорғанда 2026 жылдың тоғыз айында 2803 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың жартысына жуығы тұрақты, ал қалғандары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта қалада 319 бос жұмыс орны бар, ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 мыңға жуық. Бүгінде азаматтарды еңбекке тарту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 834…
-

Ұлттық мектеп лигасы аясындағы волейбол жарысы
2026 жылғы 13 қазанда Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында Ұлттық мектеп лигасы аясында 4–5 сынып оқушылары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа аудан мектептерінен 9 команда қатысып, жас спортшылар өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін және командалық бірліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша: I орын – Михайловка жалпы орта білім беру мектебі II орын – №2 жалпы орта білім беру мектебі…
