Санат: Әлем
-

Атырауда «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде
Атырау өңірінде материалдық емес мәдени мұраны сақтау, зерделеу және кеңінен дәріптеуге бағытталған «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде. Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар «Нұрлы тал» этноауылында бас қосып, ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің түрлі үлгілерімен танысты. Этноауылда ұлттық ән-жырлар орындалып, қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі ұлттық ойындар көпшілік назарына ұсынылды. Аймақтық семинарға Қазақстанның материалдық емес мәдени…
-

🔹️АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріліп, оларды қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды. Аудан әкімі тұрғындарды жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша апта сайын қабылдайды. 📍 Жазылу үшін: Мәртөк ауданы әкімі аппаратының…
-

15 қазанда Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтеді
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары! 15 қазан күні Әуезов ауданының әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі өтеді. Күні: 15 қазан 2026 жыл, бейсенбіУақыты: 10:00Мекенжай: №153 мектеп (Сәдуақасов көшесі, 27) Кездесу барысында аудан тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен өтініштер тыңдалады. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1310334?lang=ru
-

Қазақстан Қарулы күштері үшін 200-ден астам әскери дәрігер даярланып жатыр
Еліміздегі және шетелдік медициналық жоғары оқу орындарында 200-ден астам болашақ әскери дәрігер білім алып жатыр. 2027 жылы Қарулы күштердің әскери-медициналық бөлімшелеріне бакалавриат, интернатура және резидентура бітірген 40-қа жуық түлек қосылмақ. Болашақ мамандардың басым бөлігі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында білім алады. Мұнда 150-ден астам болашақ дәрігер әскери даярлықтан өтуде. Оның ішінде 80-нен астам қыз бар.…
-

Маңғыстауда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында меморандумға қол қойылды
Маңғыстау облысында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың рухани-танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама қолға алынды. Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан…
-

Ақмола облысы Бельгия және Австралиямен әріптестікті дамытып келеді: экспорт, инвестиция және жаңа өндірістер
Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешен және сирек жер металдарын өңдеу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың қатысуымен өткен Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі аясында өңір әкімі Марат Ахметжанов бельгиялық Linagro NV және Scaldis-Ruien NV компанияларымен үшжақты келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Степногорск қаласында құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын…
-

Алматы полициясының қызметкері жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды
Жанар Дегенбай ел чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының марапатына ие болды. 2026 жылдың 7–10 қазаны аралығында Тараз қаласында ересектер арасында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен келген ерлер мен әйелдер бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы,…
-

Маңғыстаулық суретшілер Моңғолияға халықаралық арт-экспедиция ұйымдастырды
Маңғыстау облысының алты кәсіби суретшісі ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық арт-экспедициясы аясында Моңғолияға барды. Жоба көшпелі өркениеттің тарихы мен мәдениетін зерделеуге, суретшілер арасындағы халықаралық шығармашылық байланысты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды. Сапар барысында суретшілер Ұлан-Батыр қаласында, Тэрэлж ұлттық паркінде, Архангай аймағында, Орхон алқабы мен Гоби шөлінде пленэр өткізді. Шығармашылық жобаға моңғол…
-

29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді
29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатында Қазақ халқының қолөнерінде ши тоқу ,оларға түрлі-түсті боялуармен орауды және өрнектеп безендіру ісінің қыр-сырын білетін Күміс Қосайқызы өзінің анасынан алған тәлім тәрбиесін айта отырып, көрермендерге өзінің ши тоқу өнерін көрсетті.Сонымен қатар, аталған шеберлік сағатына көрермендер болып Маңғыстау туризм колледжінің 2…
-

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтап, жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Биыл өңірдің жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 532,5 мың тоннаны құрайды. Бүгінге дейін оның 299,9 мың тоннасы жеткізіліп, қамту деңгейі 56 пайызға жетті. Өткен аптамен салыстырғанда жеткізілген көмір көлемі 25 мың тоннаға артқан.…
-

Астанада екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті
Астанада екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті 13 қазанда Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың «Жасанды интеллект, жоғары білім және ғылыми зерттеулер: Қазақстан мен Бельгия ынтымақтастығының перспективалары» тақырыбында Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті. Іс-шараға екі елдің бейінді министрліктерінің өкілдері, Қазақстанның 18 және Бельгияның 11 жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу…
-

Еурохаттама: жол-көлік оқиғасын полиция шақырмай және әкімшілік жауапкершілікке тартылмай рәсімдеуге болады
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жеңіл жол-көлік оқиғаларын полиция шақырмай, сотқа жүгінбей және әкімшілік жаза қолданылмай рәсімдеу мүмкіндігін еске салады. Еурохаттаманы рәсімдеу шарттары: ЖКО-ға тек екі көлік қатысуы; Екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полисі болуы; Келтірілген залалдың 100 АЕК-тен аспауы; Оқиғаның мән-жайы, кінәлі тарап және зақымдар бойынша келіспеушіліктің болмауы; Зардап шеккендердің және өзге мүлікке келтірілген залалдың болмауы. Еурохаттаманы «Europrotocol», «DTP.kz»,…
-

Семейдегі «PANA» қонақ үй кешенінде қаламгерлер бөлмесі ашылды
Былтыр желтоқсан айында Семей қаласында «Туған жерге туыңды тік» форумы аясында 1890 жылы салынған тарихи ғимарат жаңғыртылып, «PANA» қонақ үй кешені пайдалануға берілген болатын. Бүгін осы ғимаратта қаламгерлер бөлмесінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, осы жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан кәсіпкер Сырымбек Тау, жазушы-драматург Роллан Сейсенбаев, Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов,…
-

Құндылықтарға негізделген тағылым: Астанада колледж кураторлары бас қосты
Астана қаласында «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» «Құндылықтарға негізделген тағылым-тәрбие негіздері: сценарий мен әзірлеме үлгілері» тақырыбында ашық алаң өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл жылдық жоспарға байланысты «М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» базасында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Тағылым мен тәрбие – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізі», «Адал азамат күнделікті әрекет айнасы:…
-

Суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау: Астанада 300 мыңға жуық оқушы экосағатқа қатысты
Астанада 2026-2027 оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында экологиялық тәрбиеге арналған экосағаттар әр айдың үшінші аптасында өткізіледі. Жаңа бастама аясындағы алғашқы сабақ 14 қыркүйекте «Су – Қазақстанның байлығы: бағала, қорға, сақта!» тақырыбымен өтіп, оған елорданың барлық орта білім беру ұйымдарынан 300 мыңға жуық оқушы қатысты. Эко сағаттар балалардың табиғи ресурстарды үнемдеу, қоршаған…
