Санат: Әлем
-

№12 Жер комиссиясы
24 қыркүйек 2026 жылы аудандық әкімдіктің Акт залында жер учаскелерін беру жөніндегі кезекті жер комиссиясы отырысы өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karkar-zemotdel/press/news/details/1310158?lang=ru
-

Осакаровка кентінде көшелер бойындағы арықтарды арамшөптерден, тұрмыстық қоқыстардан және басқа да қалдықтардан тазарту жұмыстары жалғасуда
Тазарту жұмыстарын қоғамдық жұмысшылар жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін шамамен 8 шақырым арық тазартылды. Бұл жұмыстар көктемде қар еріген кезде судың арықтар арқылы кедергісіз ағып, көшелер мен тұрғын үйлердің маңына жиналмауы үшін қажет. Осылайша тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Арықтарды тазарту жұмыстары жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka/press/news/details/1310160?lang=ru
-

«Таза Қазақстан» – тазалық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі!
Ақшоқы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.Іс-шараның басты мақсаты – ауыл аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Таза әрі көрікті ауыл қалыптастыру әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген жанашырлығы мен жауапкершілігінен басталады. Осындай…
-

«AQ-DALA – 2026»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысында дүниежүзілік мақта күніне орай «AQ-DALA – 2026» салтанатты іс-шарасы өтті. Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округіндегі «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мақта алқабында өткен іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, өңір тұрғындары мен еңбек адамдары қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда адал еңбек пен еңбек адамының мәртебесін арттырудың маңызын үнемі айтып келеді. Бүгінгі шара «Адал…
-

Жітіқара ауданы әкімінің халықпен есептік кездесуін өткізу туралы
Құрметті Милютин ауылының тұрғындары! “Жітіқара ауданы Милютин ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 16 қазанда сағат 16:30 -да Милютин негізгі орта мектебінің ғимаратында Жітіқара ауданының әкімі А.А. Жаныспаевтың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-milyutin/press/news/details/1310163?lang=ru
-

Таза Қазақстан – ортақ міндет Таза Қазақстан жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясындағы қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унверситеті жанындағы Жастар аллеясына 65 түп ағаш отырғызылды.
Таза Қазақстан – ортақ міндет Таза Қазақстан жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясындағы қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унверситеті жанындағы Жастар аллеясына 65 түп ағаш отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-saralzhyn/press/news/details/1310164?lang=kk
-

ӨКІЛ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№68 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесіне (Тергеу изоляторы) барып, күдікті және айыпталушы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Жеке қабылдау барысында басты назар күдікті айыпталушы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, соның ішінде ұстау жағдайларына,…
-

АСТАНАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ТӨРІНДЕ КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Астана қаласында ҚР Ұлттық музейінде «Отырар-Түркістан: ортағасырлық ирригация және егіншілік мәдениеті» атты республикалық бірлескен көрмесінің ашылуы өтті. Көрме ғалымдар, мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері мен жастардың басын қосты. Көрмені «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Ақмарал Ибраева…
-

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 13 қазанда «Орталық Азиядағы жастардың құқықтары» тақырыбында гибридті форматта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының өңірлік мүшелері онлайн форматта қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жастар арасындағы диалогты нығайту және…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУДА ЖҮГІРУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «SAIRAM-SU TRAIL 2026» атты халықаралық тауда жүгіру жарысы өтті. Додаға Қазақстанның бес облысынан, Орталық Азия мен ТМД елдерінен, Ресей және АҚШ-тан келген 700-ге жуық кәсіби спортшы мен әуесқой азаматтар қатысты. Қатысушылар тау бөктерінде 5 және 8 шақырымдық қашықтықтарды бағындырды. Жарыс тәжірибелі спортшылармен қатар, жүгіруді енді бастаған әуесқойларға да өз мүмкіндігін…
-

Кемсітушілік – адамның ұлтына, жынысына, жасына, мүгедектігіне немесе басқа да белгілеріне байланысты оның құқықтары мен мүмкіндіктерін негізсіз шектеу
Кемсітушілік – адамның ұлтына, жынысына, жасына, мүгедектігіне немесе басқа да белгілеріне байланысты оның құқықтары мен мүмкіндіктерін негізсіз шектеу. Роликте кемсітушіліктің не екені, одан қорғайтын ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттар, сондай-ақ құқықтарды қорғау тетіктері түсіндіріледі. Егер құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге немесе оның Қарағанды облысы бойынша өкіліне жүгінуге болады. https://www.instagram.com/p/DebXWzjukox/…
-

Байзақ ауданында кәсіпкерлікті дамытуға және өндірістік әлеуетті арттыруға басымдық беріледі
Байзақ ауданында кәсіпкерлікті дамытуға және өндірістік әлеуетті арттыруға басымдық беріледі Кәсіпкерлікті дамыту, өндірістік әлеуетті нығайту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру – Байзақ ауданының экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруға, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға басымдық берілуде. Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев бірқатар кәсіпкерлік нысандарды…
-

Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету
2024 жылғы қараша айынан бастап «КEDEN» цифрлық жүйесінде «КБжС бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» модулі жұмыс істейді. Аталған модуль кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде және көзделген өзге де жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың тізілімдік қызметі шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді (бұдан әрі – қамтамасыз ету) тіркеуге өтініш беруді көздейді.…
-

Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Ақбұлақ ауылдық округі мен Молодежный кентінің тұрғындарымен кездесті
Кездесулер барысында тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдардың жай-күйі, елді мекендерді абаттандыру, халықты әлеуметтік қолдау және басқа да салаларға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ақбұлақ ауылдық округінде электр қуатының жиі үзілуі, жолдарды жөндеу және иесіз бос жүрген үй жануарларына қатысты мәселелер талқыланды. Молодежный кентінде тұрғындар әлеуметтік қолдау, абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жұмысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау…
-

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады. Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады. Әсіресе, бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан…
