Санат: Әлем
-

Газет
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1226079?lang=ru
-

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында (ЖМБМК) ЕГКН жүйесі арқылы жер учаскесін рәсімдеу сұрақтары қарастырылды. Жеке тұрғын үй құрылысы мақсатындағы жер учаскесінің ауданы 0,1 га (10 сотық) аспауы керек. Одан басқа, тұрғындар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру өтініштерімен, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелерімен жүгінді. ҚР Жер кодексінің 109 бабына сәйкес, қалалардағы жерлер бас жоспарға,…
-

Отбасындағы құқықтық тәртіп
«Қайнар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі “ Отбасындағы құқықтық тәртіп” тақырыбында ата аналармен кездесу өткізді. Отбасындағы құқықтық тәрбие — бұл балалар мен жасөспірімдердің құқыққа сенімін қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және заңнаманың әділдігін үйрену. Құқықтық сананы тәрбиелеу мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандырудың…
-

Жаңасемей ауданы мәдениет үйінің қызметкері Томирова Шынар Қалымжанқызы Руханият–2026 мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі үшін Абай облысы әкімінің сыйлығына ие болды
Мәдениет пен руханият саласындағы жемісті еңбегі, шығармашылық бастамалары және қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді атсалысқаны үшін «Көрінбейтін кейіпкер» аталымымен марапатталды. Бұл – мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген зор құрмет пен жоғары баға. Шынар Қалымжанқызын марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, мол жетістік және еңбегіне толағай табыс тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1226082?lang=ru
-

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары және оларды дайындаған ұстаздармен кездесті. Жиынды Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасының жеңімпазы, ҰБТ-дан 140 балл иегері Қанат Нұрғанат жүргізді. Ол өңір басшысына дарынды жастармен кездесуге уақыт бөліп келгені үшін алғыс білдіріп, бүгінгі жеңістердің артында…
-

Жуу және дезинфекциялау құралдарын тұрмыста қауіпсіз қолдану бойынша ұсынымдыр
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1226084?lang=ru
-

Басқарма басшылығы интернет алаяқтық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шагиров Азиз Алиевич Қызылорда қаласындағы Торғай-Петролеум АҚ мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында соңғы уақытта кең таралған интернет-алаяқтық түрлері, атап айтқанда жалған банк қызметкерлері арқылы қоңырау шалу, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы күмәнді сілтемелер жіберу, онлайн несие рәсімдеу және жеке…
-

Қауіпсіз жаз: Мамлютка қаласында қоғамдық орындарға жоспарлы дезинсекция жүргізілуде
Қауіпсіз жаз: Мамлютка қаласында қоғамдық орындарға жоспарлы дезинсекция жүргізілуде Іс-шаралар қан сорғыш жәндіктердің санын азайтуға және қала тұрғындарының демалысы үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Өңдеу жұмыстары саябақтарда, демалыс аймақтарында, сондай-ақ балалар ойын және спорт алаңдарында жүргізіледі . Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-mamlyut/press/news/details/1226027?lang=ru
-

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Бұл — еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке. Мәдениет халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігін арқау еткенін бәріміз жақсы білеміз. Мәдени және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерей үстем болары айқын. Сіздер осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келесіздер.…
-

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының жанындағы кеңес және алқа мәжілісі өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысының жанындағы кезекті кеңес және алқа мәжілісі ұйымдастырылды. Жиынға басқарма басшысы Нұрбек Әбубекұлы, басшының орынбасарлары, білім басқармасының қызметкерлері, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, басқармаға қарасты мекемелердің директорлары қатысты. Күн тәртібінде білім беру саласының өзекті мәселелері қаралып, аудандардағы білім ұйымдарының қызметіне жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындылары…
-

Ұшу кестесі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-transport/press/news/details/1226031?lang=ru
-

Нұрдәулет Қилыбай мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде әнші Тамара Асарды қабылдады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Тамара Асарды қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі мәдениет саласының дамуы, шығармашылық ұжымдардың жұмысы және ұлттық өнерді қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мәдени инфрақұрылымды жетілдіру мен жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру бағыттарына назар аударылды. Аймақ басшысы әншіні Қазақстанның халық әртісі атағын алуымен құттықтап, бұл…
-

СЕНЕК АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
21 мамыр күні Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму шежіресі тағы бір маңызды оқиғамен толықты. Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шалғайдағы елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл нысанның іске қосылуы-аймақ үшін стратегиялық маңызы зор қадам. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Сайранұлы Әрінов арнайы қатысып, жаңа…
-

Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірдегі эпизоотиялық ахуал бойынша кеңес өтті. Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың мәліметінше, аймақты ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылға 16,3 млн вакцинация және 5,3 млн диагностикалық манипуляция өткізу көзделген. Жыл басынан бері 5,9 млн вакцинация мен 1,7 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді. Қазіргі таңда облыс…
-

Еңбек министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке көмекшілер жұмысының ашық әрі икемді моделін енгізуде
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны жариялады. Жаңа бастама мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау жүйесін неғұрлым икемді, ашық және заманауи форматқа көшіруге бағытталған. Негізгі мақсат – ескірген бюрократиялық рәсімдерден бас тартып, көмекші мен қызмет алушы арасындағы өзара байланысты толықтай цифрлық жүйеге бейімдеу. Жобадағы басты жаңашылдықтардың…
