Санат: Әлем
-

Қасиетті Түркістан — тарихымыздың алтын бесігі, руханиятымыздың ордасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1312747?lang=kk
-

ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНДА АМЕРИКАЛЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«ҚазМұнайГаз-Аэро» америкалық National Airlines әуе компаниясымен келісім жасасып, ұшақтарға жанармай құю қызметін көрсете бастады. Алғашқы рейс 16 қазанда Түркістан халықаралық әуежайында жүзеге асты. Гонконг – Түркістан – Амстердам бағытымен ұшқан Boeing 777 жүк ұшағына жанармай құйылды. Келісім Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Түркістан әуежайларын қамтиды. Бұл халықаралық жүк тасымалын дамытуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға…
-

ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНАТ КӨШБАСШЫСЫН ЖЕҢДІ
Түркістанның «Тұран» футбол клубы Қазақстанның бірінші лигасындағы 25-турда өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен жеңді. Чемпионат көшбасшысына қарсы өткен тартысты кездесуде жерлестеріміз маңызды жеңіске қол жеткізді. Ойынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, командаға қолдау көрсетті. Өңір басшысының футболшыларға жанкүйерлік танытуы команданың жігерін жанып, жанкүйерлерге де ерекше көңіл күй сыйлады. Кездесудің алғашқы кезеңінде…
-

Екі жүзден астам қазақстандық кейбір мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартты: шешім саналы түрде қабылданады
Қазақстанда екі жүзден астам азамат кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды алуды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, ал мұндай шешім қабылдағандардың саны біртіндеп артып келеді. Қазіргі тұрмыстық жағдайын бағалай келе, отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатынына көз жеткізген азаматтар осындай шешім қабылдаған. Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне…
-

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Тұрғындардың мәселесін шешу үшін ең алдымен олардың үнін есту маңызды. Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев «Bromelia» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуге коммуналдық қызметтер, Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы, полиция, прокуратура және құрылыс салушы «K7 Group» ЖШС өкілдері қатысты. Тұрғындар жылумен қамтамасыз ету, инженерлік желілер, өрт қауіпсіздігі, жарықтандыру, қоқыс шығару және…
-

«Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтер: 2026 жылғы 9 айдың қорытындысы»
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 31 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінгі таңда Департамент 17 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады, оның ішінде 16 қызмет зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындауға қатысты. Есепті кезеңде тағайындаудан бас тартылған электрондық істер саны 973-ті құрады.…
-

Аудан әкімінің халықпен есептік кездесулері жалғасуда
Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Приречное және Ақадыр ауылдарында тұрғындармен есептік кездесулер өткізді. Приречное ауылында Приреченский ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуге 37 адам қатысты. Кездесуде түрлі мәселелер, соның ішінде сумен қамтамасыз ету және су мұнарасын орнату қажеттілігі көтерілді. Аудан әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы В.А. Руковишниковке комиссия құрамында аталған елді мекенге барып, зерттеу жүргізуді…
-

7,4 млрд теңге инвестиция: Ақмола облысында ірі металлургиялық кешен құрылуда
Ақмола облысының Зеренді ауданында болашақта толыққанды металлургиялық кешенге айналатын өндірістік алаң қайта жанданып келеді. Жобаға қазірдің өзінде 7,4 млрд теңге инвестиция салынған. Кәсіпорында қорғасын құрамды шикізат өңделеді. Келесі кезеңде қара қорғасын, металл сүрмесі және мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр. Алдағы бес жылда инвесторлар өндіріс ауқымын кеңейтіп, жұмыс орындарының санын арттыруды көздеп отыр. «Open Minerals Group…
-

📢 Құрметті Троицк ауылдық округінің тұрғындары!
Зеренді ауданының әкімі Ә. Құрманғожин халықпен кездесу өткізеді📅 Күні: а.ж. 19 қазан🕒 Уақыты: 15:00📍 Өтетін орны: Троицк ауылы, мектеп Баршаңызды белсенді қатысып, өздеріңізді толғандырған сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1312737?lang=ru
-

📢 Құрметті Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары!
Зеренді ауданының әкімі Ә. Құрманғожин халықпен кездесу өткізеді📅 Күні: а.ж. 19 қазан🕒 Уақыты: 17:00📍 Өтетін орны: Красный Кордон ауылы, ауылдық клуб Баршаңызды белсенді қатысып, өздеріңізді толғандырған сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1312738?lang=ru
-

Туған өлкенің дамуына қосқан үлес: ауданда 8-ші шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілді
Туған өлкенің дамуына қосқан үлес: ауданда 8-ші шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілдіБүгін, 2026 жылғы 16 қазанда, аудандық мәслихаттың 8-ші шақырылымының бұрынғы депутаттарының қатысуымен маңызды іс-шара өтті. Бұл кездесу өз өкілеттігі кезеңінде ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға арналды.Кездесу барысында аудан әкімі Н.Унербаев халық қалаулыларына белсенді азаматтық ұстанымдары мен жемісті жұмыстары…
-

Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесті
Бүгін, 16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірден Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енген мүшелермен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және алдағы міндеттер талқыланды. Өңір басшысы Халық Кеңесі мүшелерінің қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу және азаматтардың қоғаммен байланысын жандандырудың…
-

Ақмола облысында Қазақстандағы алғашқы 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы ферма ашылды
Ақкөл ауданының Еңбек ауылында «Еңбек» ЖШС-ның 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы фермасы жұмысын бастады. Бұл – осындай ауқымдағы және роботтандыру деңгейі жоғары Қазақстандағы алғашқы кешен. Мұнда негізгі өндірістік үдерістер автоматтандырылған, ал адамның тікелей қатысуы барынша азайтылған. Роботтандырылған жүйелер сиырларды сауу жұмыстарын атқарса, арнайы жабдықтар малды азықтандыру мен оларды күтіп-бағуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Жаңа кәсіпорынның…
-

Облыс орталығында Риддердің өткені мен болашағы таныстырылды
Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Риддер қаласының мәдени күндері өтіп жатыр. ШҚО филармониясындағы көрме мен концертті тамашалауға тұрғындармен бірге Шығыс Қазақстан әкімі Нұрымбет Сақтағанов та барды. Риддер – өндірісімен ғана емес, бай тарихымен, қайталанбас табиғатымен және талантты адамдарымен ерекшеленетін шаһар. Көрмеде оның бүгінгі тыныс-тіршілігі, дәстүрі мен даму бағыттары паш етілді. Қонақтарды…
-

Елордалық саябақта ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды
Астананың Орталық саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жаңа тренажерлердің арқасында арбаға таңылған адамдар ашық ауада оңалту жаттығуларын жасай алады. Саябақта мынадай тренажерлер пайда болды:• аяқты қалпына келтіруге арналған тренажер;• қолға арналған тренажер;• Бубновскийдің кроссовері. Жаңа спорт алаңы Орталық саябақта, амфитеатр мен «The St. Regis Astana» қонақүйінің…
