Санат: Әлем
-

Жыл басынан бері 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды
2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 101,3 мың адам қамтылып, 140,8 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Мемлекет халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және азаматтардың еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған кешенді шараларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл өңірлік жұмыспен қамту карталары, ұлттық жобалар және халықты қолдауға арналған…
-

Елордалық СОО-да тұрғындарға салық заңнамасының нормалары түсіндірілді
Елордадағы «Asia Park» сауда-ойын-сауық орталығында келушілерге Қазақстанның салық заңнамасы түсіндірілді. Акцияны қалалық Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараның басты мақсаты – халықтың елдегі салық заңнамасы туралы хабардарлығын арттыру. «Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің қай түрі онлайн форматқа көшірілгені туралы айтылды. Бұл білім адамдарға жеке уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деп…
-

Алтын Орда – Ұлы дала тарихындағы ірі мемлекет
Алтын Орда – XIII–XV ғасырлар аралығында өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі. Ол Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысына негізделіп құрылды. Мемлекеттің негізін Бату хан қалап, оның аумағы Еуразия даласының кең бөлігін қамтыды. Алтын Орданың жері батыста Дунай өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейін созылды. Бұл мемлекет қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтып, қазақ халқының қалыптасуына…
-

Ақмола облысының дағдарыс орталықтарында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 58 әйел мен бала көмек алды
Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ қоғамда отбасындағы агрессияның кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” кең ауқымды республикалық акциясын өткізу жалғасуда.Полицейлердің ақпараты бойынша, акция шеңберінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге, сондай-ақ тұрмыста құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол беретін адамдармен профилактикалық жұмысқа…
-

Қарағанды облысында жаңа экосаябақтың іргетасы қаланды
🌱 Табиғатқа қамқорлық – болашаққа деген жанашырлықтан басталады. Бүгін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы өңіріміздегі жаңа экосаябақтың іргетасын қалау рәсіміне қатысып, ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Бұл бастама республикалық Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып, қоршаған ортаны қорғау, туған жердің табиғатын сақтау және жастар арасында экологиялық…
-

ТАЗА КАЗАҚСТАН
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жданов ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау және елді мекендердің көркеюін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аталған шара барысында қоғамдық жұмыс қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдігі мамандары бірлесіп, округ аумағын абаттандыру және тазарту жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, электр желісі бағаналарын әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, округ аумағында…
-

Таза Қазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-kyzylasker/press/news/details/1224337?lang=ru
-

Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісімнен өткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шишингарин Галимжан Адильбекович «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – АҚ Басқарма мүшесі лауазымына келісіп бекітті (2026 жылғы 14 мамырдағы № 29/БВУ/Т хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1224315?lang=ru
-

Цифрлық музейлер мен жасанды интеллект: Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан – Франция 2026» музеология форумы жұмысын бастады. Іс-шара тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей ісін дамыту, инновациялар мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналды. Форумның ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге, ALIPH қорының атқарушы директоры Валери Фрелан, Еуропалық Одақтың Қазақстан…
-

Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады: – өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті…
-

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастайды
Ағымдағы жылы 25 мамыр күні сағат 10:00-де отандық ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын жеңілдетілген лизингке беру бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдау басталады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи отандық техникамен қолжетімді қаржыландыру шарттары негізінде қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық машина жасау саласын қолдауға және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға бағытталған. Бағдарлама аясында аграршылар…
-

АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
АУДАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың өкімімен біраздан бері бос тұрған ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне басшы болып Амангелдиев Сұңғат Бағдәулетұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған Серік Үсенұлы алдағы атқарар жұмыстарына, ауданның ауыл шаруашылығы саласының потенциалын арттыруда, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғарылауына үлес қосу жолында…
-

Бүгін Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерімен гүл отырғызу бойынша сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында гүл отырғызу бойынша сенбілік ұйымдастырды. 150 петунья тамыры отырғызылды. #ТазаҚазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1224437?lang=ru
-

Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, сондай-ақ Ақмола облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен кеңес
2026 жылғы 14 мамырда Ақмола облысының Әділет департаменті мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, сондай-ақ Ақмола облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен кеңес өткізді.Кеңес барысында Ақмола облысының прокуратурасынан келіп түскен іздеуде жүрген борышкерлерге қатысты атқарушылық өндірістер бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі сот орындаушыларына оны мүлтіксіз сақтау мақсатында жеткізілді.Қатысушылар жұмысты үйлестіру тетіктерін және іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыру…
-

Құрметті Алтай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға 2026 жылғы жиырма үшінші мамыр, сенбі күні, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде Алтай ауданының «Демалыс күнгі» жәрмеңкелері өтетінін хабарлаймыз.Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа және фермер қожалықтарының қолжетімді бағамен ұсынған өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.Сіздерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1224316?lang=ru
