Санат: Әлем
-

Солтүстік Қазақстан облысында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті.
2026 жылғы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында және Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың велосипедтер мен самокаттарды басқару кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ балаларда жол жүрісі қағидаларын сақтаудың орнықты дағдыларын қалыптастыру болды. Акцияға 4-7 сынып оқушылары, сондай-ақ облыстың…
-

Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
1) Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарна…
-

Достық үйінде өңірдің түкпір-түкпірінен келген 135 делегаттың қатысуымен облыстық ардагерлер кеңесінің IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті
Конференция жұмысына облыс әкімі Асайын Байханов пен Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев қатысты. Өңір басшысы аға буынның қоғамдық өмірдегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесін ерекше бағалады. Облыста 126 мыңнан астам егде жастағы адам тұрады және 672 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Соңғы жылдары зейнетақының орташа мөлшері 40%…
-

2026 жылғы 28 сәуірде “БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат” тақырыбында “Ашық есік күні” өтті
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ дәстүрлі түрде “Ашық есік күні” онлайн-кездесуін өткізді. Оның аясында қатысушыларға invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы ұсынылды. Іс-шара барысында Қор мамандары жаңа порталдың салымшылар үшін жасалған таптырмас мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Қатысушыларға зейнетақы қаражатының бір бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру арқылы өз жинақтарының кірістілігіне дербес ықпал етуге құқылы…
-

Елімізде археология саласын реттеу мен тарихи-мәдени мұраны қорғау ісіне қатысты енгізілген өзгерістер талқыланды
Астанада тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстардың сапасын арттыру, саладағы жауапкершілікті күшейту, ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету, лицензиялау мен цифрландыру мәселелерін талқылады. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының, ҚР Ұлттық…
-

Тәртіп тазалықтан басталады: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзу жолдары жүйелі түрде кесілуде
Тәртіп тазалықтан басталады: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзу жолдары жүйелі түрде кесілуде Шығыс Қазақстан облысында елдімекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, абаттандыру қағидаларын сақтауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі негізде өткізілуде. Акция аясында 16 мобильді топ жұмыс істеуде. Олардың құрамына аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Жедел басқару…
-

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ
Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің кино әлемінен музыкалық кеші өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – “Тұран” сыйлығының иегері Нұрғиса Нұрбай Бас дирижері – Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Руслан Балмасов Концертте көрермен көзайымына айналған “Королек птичка певчая”, “Черная любовь”, “Ер Тугрул”, “Гобой Габриели”, “Салют, Наруто”, “Список Шиндлера”, “Гладиатор”, “Скайфолл”, “Агент 007”, “Баба Йету” және…
-

Тазалық әркімнен басталады: «Таза Қазақстан» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
«Таза Қазақстан» бағдарламасының жоспарларын іске асыру аясында және көктемгі екі айлық барысында Шахтерское ауылында «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп, ұйым қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының қатысуымен жаппай сенбіліктер ұйымдастырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1212380?lang=kk
-

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын «QOSTANAI TECH» ауқымды фестивалі айқын көрсетті. 10 мыңнан астам қатысушыны біріктірген бұл іс-шара қала кеңістігін толыққанды технологиялық алаңға айналдырып, өнеркәсіп, ғылым, білім және IT салаларының тоғысу нүктесіне айналды.Фестивальдің ашылуында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов цифрландыру мен жасанды интеллект өңір экономикасының негізгі даму бағыты екенін атап өтті.…
-

Екібастұздық жас сарбаз республикалық турнирде топ жарды
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Жас Сарбаз барысы» республикалық турнирі өтті. Байрақты бәсекеде экибастұздық оқушы айқын басымдықпен топ жарып, жеңімпаз атанды. 27–30 сәуір аралығында өткен жарыста Павлодар облысының намысын Екібастұз қаласындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Төлеген Әли қорғады. Қазақша күрестен өткен тартысты белдесулер қорытындысы бойынша…
-

ШҚО бойынша МКД қатысуымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
2026 жылғы 28 сәуірде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студент – түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс–шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты — түлектерге мамандық таңдауда және болашақ жұмыс орнын айқындауда көмек көрсету, жұмыс берушілермен ашық диалог алаңын…
-

Алдын ала лицензиялық бақылау
2026 жылғы 29–30 сәуір күндері Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары Көкшетау қаласындағы Жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде алдын ала лицензиялық бақылауды өткізді. Алдын ала лицензиялық бақылау техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мамандыққа қосымша алу үшін аталмыш колледждің берген өтініші негізінде жүргізілді. Алдын ала лицензиялық бақылау нәтижелері бойынша білім саласындағы лицензиялау мәселелерін…
-

Аудан орталығындағы аяқ су арықтарына су жіберілуде
Бүгінде аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі аяқсу арықтарына су жіберіліп, көше бойындағы ағаштарды, тұрғын үйлердің аулаларындағы бау-бақшаларды суару жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентін аяқсу арықтары арқылы суландыру жүйесін көріп, су жіберу жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда орталық Әйтеке би көшесіндегі аяқсу арықтары арқылы Желтоқсан және В. Счастнов көшелеріндегі аяқсу арықтарына арнайы…
-

2026 жылғы 6 мамырда сағат 11-00-де болатын Ақтоғай аудандық мәслихаттың 50 кезектен тыс сессиясына Хабарлама
ХАБАРЛАМА 2026 жылғы 6 мамыр Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында үлкен мәжіліс залында сағат 11-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс L (50) сессиясы шақырылады. Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі: Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 234/42 шешіміне…
-

«Бояулардағы бірлік: Аққулы жастары туған жерді суреттеді»
Аққулы ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай “Туған жерім – тұғырым” атты аудандық сурет байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл шығармашылық шараның басты мақсаты – жас суретшілердің бойындағы талантты шыңдап, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін өнер арқылы көрсету, сондай-ақ ел бірлігін дәріптеу болды. Байқауға ауданымыздың әр мектебінен және өнер үйірмелерінен…
