Санат: Әлем
-

Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР САМБОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ Ақтау қаласында 17-22 мамыр күндері аралығында самбо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшы қыздары жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Жарыс қорытындысында Ханшайым Тұрдыбай мен Балнура Жұмабаева Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Айша Жүсіпәлі қола жүлдені қанағат тұтты. Аталған жарыс 22 мамырға дейін…
-

Аудан әкімінің міндеттерін уақытша атқарушы М.Шайжанов Қоскөл ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырды.
Аудан әкімінің міндеттерін уақытша атқарушы М.Шайжанов Қоскөл ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған әкімді таныстырды. Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 мамырдағы №10 шешіміне сәйкес Қоскөл ауылдық округінің әкімі лауазымына Мусағалиев Әділет Хайратұлы сайланды.Мусағалиев Әділет Хайратұлы 1987 жылғы 17 қарашада Қоскөл ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Егіндікөл жалпы орта мектебін тәмамдаған. 2005-2009 жылдары Жәңгір…
-

Астанада жаңа туған баланы заңсыз бергені үшін анасы ата-ана құқықтарынан айырылды
Астана қаласының прокуратурасы жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдауды қамтамасыз етті. Анықталғандай, елорданың 19 жастағы тұрғыны делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жасалған жалған суррогат ана болу шарты негізінде өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыпты жұпқа ақшалай сыйақы үшін берген. Соттың 2025 жылғы 23…
-

Мемлекет басшысы Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға берік негіз қалағанын айтты. – Қарым-қатынасымызды дамытудағы күш-жігеріңіз ерекше маңызға ие. Сізді Қазақстанда сенімді дос және халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде таниды. Кенияны экономикалық тұрғыдан өркендетуге, елді жаңғыртуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды реформаларыңыз құрметке лайық, – деді Қазақстан…
-

«Спорт-нашақорлыққа қарсы» тақырыбында өткен турнирге 700-ге жуық спортшы қатысты
Атырау облыстық Кёкушинкай каратэ-до Намыс федерациясының ұйымдастыруымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» тақырыбы аясында каратэден ашық турнир өтті. Турнирге төрт мемлекеттен құралған 700-ге жуық спортшы қатысып, тартысты додада бақ сынады. Турнирге Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Габитов пен жедел уәкіл полиция майоры Айбол Ідірісов арнайы қатысты. Басты мақсат – спорт…
-

Бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай қаласының Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шарипова Сания және «Қостанай қаласы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Турлубекова Наталья қатысты. Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың отырысында алдын ала қаралып, сессияға бекітуге енгізілген 2 мәселе бекітілді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке…
-

Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержан Тоқтархановтың өңір тұрғындарына мобильді аударымдар туралы үндеуі
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Мобильді аударымдарды тексеру тақырыбы көп сұрақ туындатып жатыр. Сондықтан нақты түсіндіріп өтейін, алаңдауға негіз жоқ: жеке шоттар бірден бұғатталмайды. Естеріңізге саламын, мемлекеттік кірістер органдарының бақылауына мына үш жағдай қатар келгенде ғана ілігесіз: Біріншісі – сіздің шотыңызға жүзден аса түрлі адамнан ақша түссе. Екіншісі – бұл жағдай қатарынан үш ай қайталанса. Және…
-

Алматы облысында полицей түнгі өрт кезінде 90 жастағы әжейді құтқарып қалды
Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері Жасұлан Нұрасылов түнгі уақытта болған өрт кезінде батылдық танытып, адам өмірін аман алып қалды. Оқиға түнгі сағат шамамен 03:00-де болған. Полиция қызметкері көрші үй аумағынан шыққан өртті байқап қалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуелі үйдің жапсарлас құрылысы өртеніп, кейін жалын жазғы ас үйге тараған. Сол сәтте…
-

14.04.2026. Бекітілген кестеге сәйкес Қаражал қалалық мәслихатының депутаттары сайлаушылармен есептік кездесу өткізді.
14 сәуір күні бекітілген кестеге сәйкес Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы З. Оспанова «Ақнұр» дүкенінің алаңында, сондай-ақ А. Такибаев өз округіндегі хоккей корты алаңында сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық мәслихат депутаты А. Ким де қатысты. Кездесу барысында тұрғындарға мәслихат депутаттары ретінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді. Сайлаушылардың алдағы уақытта орындалуға тиісті талап-тілектері мен ұсыныстары тыңдалып, олардың…
-

Маңғыстауда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды
Маңғыстауда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды Бүгін, 20 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде өңірдің 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, салықтық түсімдер жоспары және жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту шаралары қаралды. Жиында өңір экономикасының негізгі бағыттары бойынша оң динамика қалыптасқаны айтылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, есепті…
-

Судағы қауіпсіздік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-kyzylasker/press/news/details/1224429?lang=ru
-

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады»
«Өйткені бұған атүсті қарауға болмайды. Олай болған жағдайда әлемдік тарихтағы осындай бірегей құбылысқа қатысты ұстаным өзгереді. Ал ол мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін. Өкінішке қарай, әлемдік маңызы бар ірі тарихи оқиғаларды бұрмалаған мысалдар қазір де кездеседі. Геосаяси ахуал құбылып тұрған бүгінгідей заманда соғыстардың қасіретті хронологиясына байланып қалмай, адамзат тарихындағы жасампаз кезеңдер мен диалог алаңдарының…
-

Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ге жуық дерегі анықталды
Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтары көп шоғырланатын демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттады. Шара барысында азаматтарға табиғатты таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, белгіленбеген жерлерде…
-

Қаракөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сармағамбетова Нұргүл Шортанбайқызын алғаш мемлекеттік қызметке қабылдануымен құттықтап, мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргіздім.
Қаракөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сармағамбетова Нұргүл Шортанбайқызын алғаш мемлекеттік қызметке қабылдануымен құттықтап, мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргіздім.Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, атап айтқанда заңдылықты сақтау, халыққа адал қызмет ету, ашықтық пен әділдік қағидаларын ұстану мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас…
-

Баутино ауылының әкімі сайланды
Баутино ауылының әкімі сайланды “Қазақстан Республикасының сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабына, Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Жеткізгенов Еркебұлан Қуанышқалиұлы Баутино ауылының әкімі лауазымына сайланды. Еркебұлан Қуанышқалиұлы 1985 жылы 6 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Ш. Есенов атындағы технология және инжиринг университетінің “құқықтану”, 2018 жылы осы университеттің “экономика және бизнес”…
