Санат: Әлем
-

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымның жетегіне ерген 83 адам сотталды. Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам…
-

Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде: 25,0 млн тоннасы шөп (101,9%), 1,9 млн тоннасы пішендеме (112,9%), 3,9 млн тоннасы құрама жем (71,7%), 2,0 млн тоннасы сүрлем (102,3%), 4,8 млн тоннасы сабан (101,7%). Жоспардың орындалуы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, Ұлытау…
-

Сахнада жасанды интеллект: Қорғаныс министрлігі Республика күніне арналған бірегей концерт өткізді
Астанада Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның сахнасында Республика күніне орай «Жасанды интеллект және шығармашылық синергиясы» атты концерт өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұйымдастырған бұл жобаның ерекшелігі – ұлттық өнер мен заманауи технологиялардың үйлесімінде болды. Концерт тарихында алғаш рет жүргізуші рөлін жасанды интеллект атқарды. Жобаның авторы Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның…
-

Республика күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті
Көлік министрлігінде Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ұжымға құттықтау сөзін сөйледі. Ол көлік саласы экономикалық өсудің драйвері әрі елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды фактор екенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан өңірдің жетекші транзиттік-логистикалық хабына айналып келеді. Елде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде…
-

Қызылордалық өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ерлігі, жанқиярлығы және жоғары кәсіби шеберлігі үшін ТЖМ-нің 20 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.Олардың арасында Қызылорда облысы ТЖД №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Қуанышбек Жаңабаев та бар. Ол ҚР Президенті Қ.…
-

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Бүгін 25 қазанда Ақтаудағы Мемлекеттік ресми рәсімдер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру салтанаты шарасы өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері, жастар, түрлі сала мамандары, әскерилер мен қала тұрғындары қатысты. Ұлттық мереке барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге шырқады. Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды Республика күнімен…
-

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Республика күнімен құттықтауы
Ардақты ағайын, қадірлі маңғыстаулықтар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – халқымыздың тарихындағы айрықша күн. Бұл – Қазақстанның дербес мемлекет ретінде өз жолын айқындап, тәуелсіздік пен егемендікке нық қадам басқан сәт. Республика күні – халқымыздың бірлігі мен елдік рухының, азаттыққа деген ұмтылысының мерекесі. Тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси тұрғыдан орнығып, экономикалық және әлеуметтік жағынан…
-

Салтанатты жиын ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде Республика күні мерекесі қарсаңында департамент қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, ерекше нәтижелерге қол жеткізген бірқатар Әділет департаментінің қызметкерлері және облыстың заң қауымдастығының өкілдері марапатталды. Мерекелік шараның мазмұнын департамент қызметкерлерінің балаларының орындауындағы концерттік бағдарлама толықтырды. Жас бүлдіршіндердің өнері қатысушыларға көтеріңкі…
-

ШҚО-да Республика күніне орай салтанатты шара өтті
Бүгін облыстық филармонияның концерт залында Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» атты салтанатты шара өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. «Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан әлемдік аренада танымал, саяси және экономикалық тұрғыда тұрақты, дамудың жаңа, әділ кезеңіне қадам басқан елге айналды. Біздің барлық жетістігіміз халқымыздың берекесі мен қажырлы еңбегінің нәтижесінде мүмкін болғанын…
-

Вице-министр Рахымжан Исақұлов Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын Бакуде ұсынды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріРахымжан Исақұлов Баку қаласында өткен Түркімемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің 2-ші кездесуіне қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация саласындағыынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Рахымжан Исақұлов баяндама жасап, Қазақстанның өнеркәсіптік бастамаларын, инновациялық экожүйені, цифрландыруды және шығармашылық экономиканы дамыту бойынша бастамаларын атап өтті. Іс-шараны Әзербайжан Республикасының Экономика…
-

Жасанды интеллектті дамыту – Қазақстан мен Канаданың ортақ басымдығы
Оттава, 2025 жылғы 24 қазан – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан мен Канада: цифрлық әріптестік және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды іске асыру және Канадамен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздестіру мақсатында ұйымдастырылды. Қазақстанның Канададағы Елшісі Д.Құсайынов өз сөзінде еліміздің жасанды интеллектті дамыту саласындағы негізгі басымдықтары мен…
-

TURKISTAN MARATHON-2025: 26 ҚАЗАНДА ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖОЛДАРДЫҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ЖАБЫЛАДЫ
2025 жылдың 26 қазанында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен төртінші халықаралық Turkistan Marathon өтеді. Марафонға Түркі халықтарының марафон альянсына (TAN) мүше және оған 20-дан астам елден 3000 қатысушы келеді, олардың ішінде 2900-ы – өзге қалалар мен елдерден арнайы келетін спортшылар. 26 қазан күні сағат 7:20-ден 14:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жол учаскелерінде көлік…
-

ТҮРКІСТАНДА 200 ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АУМАҚ КӨГАЛДАНДЫРЫЛАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әбілсейіт Байсейітұлының төрағалығымен қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру мәселелері бойынша жиын өтті. 2025 жылы Түркістан қаласында 214 625 дана ағаш және бұта көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 84 075 данасы көктем мезгілінде, ал 134 250 данасы күзгі маусымда егілмек. Көгалдандыру жұмыстары жалпы 190 гектар аумақта жүргізіліп, 25 көше бойын, 11 демалыс…
-

Түркістан қаласында мереке күндеріне арналған азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Жәрмеңкеге қала мен облысқа қарасты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңкеде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік түрлері нарық бағасынан төмен бағада сатылады. 25 қазан / 10:00 — Достық үйінің автотұрағы 26 қазан / 09:00 — Ынтымақ аллеясы Барша тұрғындар мен қала қонақтарын мерекелік жәрмеңкеге шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1093281?lang=kk
-

Мажарстандағы қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Республика күнін мерекеледі
Будапешт, 2025 жылғы 24 қазан – Будапешт қаласында Мажарстандағы Қазақстанның Елшілігінің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараға жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері қатысты. Мерекелік шараның ашылуында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы құттықтауы сөзін сөйлеп, осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Егемендік декларациясының тарихи маңызына тоқталды. Елші осы…
