Санат: Әлем
-

Жамбыл облысында шағын және орта бизнес 3,1 трлн теңгенің өнімін өндірді
Жамбыл облысында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі өтті. Ауқымды шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі. Өңір басшысы өз сөзінде ел Президенті кәсіпкерлікті дамытуға әрдайым айрықша көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті. – Мемлекет басшысы өз Жолдауларында шағын және орта бизнестің…
-

Абай облысында жас жол инспекторларының слеті өтті: балалар ересектерге өмірді бағалауды үйретуде
Өткен жылдың өзінде ғана Абай облысында жол-көлік оқиғаларынан 12 бала қаза тапқан. Сондықтан бүгінде балалар қауіпсіздігі тақырыбы жай ғана ресмилік емес, адам өмірімен тікелей байланысты маңызды мәселе болып отыр. Осыған орай өңірде жас жол инспекторларының облыстық слеті — ЖЖИ өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Заң және Тәртіп — қауіпсіз балалық…
-

«Есептегі тұлға»: Абай облысында 946 есептегі тұлға тексерілді.
Абай облысының аумағында 18–22 мамыр күндері «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіп жатыр.Оның басты мақсаты – есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларының дұрыстығын тексеру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі әрекеттерін күшейту, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алу. Іс-шара барысында барлығы 946 есептегі тұлға тексерілді. Оның ішінде: 65 тұлға әкімшілік бақылауда тұр;138 тұлға шартты мерзімінен бұрын…
-

Полицей-кавалеристің бір күні: Ел Тыныштығы Жолындағы Ат Үстіндегі Қорғаушылар
Атты полиция — бұл тек ат үстіндегі патруль емес, ел тыныштығының тірегі. Күн сайын олар қоғамдық орындарда кезекшілік жасап, тәртіп пен қауіпсіздікті күзетеді, кез келген төтенше жағдайға дайын болады.Жалпы Абай облысын атты полицияның отаны деуге болады. Өйткені 1918 жылы 12 тамызда Семей жерінде алғашқы атты Алаш милициясы құрылған. Бүгінде полиция қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай,…
-

Семейде көпқабатты тұрғын үйдегі қауіпті қоқыс үйіндісі жойылды
Семей қаласында полиция қызметкерлерімен коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер және әлеуметтік қолдау ұйымдарының бірігіп, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірін қоқыстан тазарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Тексеруге тұрғындардың жағымсыз иіс, антисанитариялық жағдай және өрт шығу қаупіне байланысты түскен көптеген шағымдары себеп болды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пәтерде ұзақ уақыт бойы қоқыс пен қажетсіз заттардың жиналып қалғанын…
-

«Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның міндеті, полицияның – басты жауапкершілігі»
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияровтың басшылығымен «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның жауапкершілігі» атты форум шеңберінде әлем чемпиондары, танымал спортшылар және құқық қорғау органдарының өкілдері Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне экскурсия ұйымдастырылды. Бұл – ғасырлар куәсі, Қазақстандағы ең алғашқы педагогикалық оқу орындарының бірі.Колледждің тарихы 1903 жылы Семей қаласында мұғалімдер семинариясының ашылуымен басталды.…
-

Әлем чемпиондары, Олимпиада жүлдегерлері мен полиция қызметкерлері балалар қауіпсіздігі үшін бірікті: Семейде жастар болашағына арналған ауқымды форум өтті
Семейде Абай облысы Полиция департаменті ұйымдастырған өңірдегі ең ірі жастар форумдарының бірі — «Заң мен Тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі» форумы өтті. Ауқымды диалог алаңы әлем чемпиондарын, Қазақстанның танымал спортшыларын, құқық қорғау органдарының өкілдерін, педагогтерді, студенттер мен оқушыларды бір мақсатқа — өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз әрі салауатты болашақ қалыптастыруға жұмылдырды. Форум тек танымал спортшылармен…
-

Болашақ журналистер мен заңгерлер полицейлермен кездесті
Солтүстік Қазақстан университетінде журналистика және құқықтану мамандығында білім алып жатқан студенттер полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Журналистік ортада бұл бөлім баспасөз қызметі ретінде танымал. Кездесуді «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Татьяна Морозова ұйымдастырды. Студенттерге СҚО ПД-ның медиасаламен өзара іс-қимылына жауапты қызметкерлер — полиция подполковниктері Әдемау Меңдібаева мен Юрий Клыков қатысты. Айта кету…
-

Қазақстан тағы бір спорт түрінен әлем чемпионатын қабылдайды
Елордада күрес түрлерінен 2026 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бұл – Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделі мен ірі жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру әлеуетін айқындайтын маңызды шешім. Олимпиада бағдарламасына енген күрес түрлерінен әлем чемпионатын елімізде өткізу туралы шешімді халықаралық Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы қабылдады. UWW өкілдері Қазақстанға бірнеше мәрте арнайы келіп, елдегі спорт инфрақұрылымының…
-

2026 жылдың 21 мамырында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Қонаев қаласында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.
2026 жылдың 21 мамырында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Қонаев қаласында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған экологиялық іс-шараға Департамент қызметкерлері де белсенді қатысып, қаланы абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаны көркейту жұмыстары атқарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1227045?lang=ru
-

2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында «ФАЙЗУЛАЕВА НАРМИНА ХАБИБКЫЗЫ» ЖК ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды
2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында «ФАЙЗУЛАЕВА НАРМИНА ХАБИБКЫЗЫ» ЖК ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1227046?lang=ru
-

2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының ШЖҚ «Аудандық ауруханасы» МКК ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды.
2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының ШЖҚ «Аудандық ауруханасы» МКК ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1227048?lang=ru
-

Таза Қазақстан: Ақтөбеде мектеп оқушылары көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуда
Ақтөбе қаласындағы Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында «Эко-city – таза болашақ аумағы» қалалық экологиялық марафоны аясында аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан “Таза Қазақстан” жалпыұлттық қозғалысының бір бөлшегі саналатын іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау және табиғатты қорғау бастамаларын қолдау. Экологиялық…
-

Бүгін «Аманат» партиясының бастауыш партия ұйымдары (БПҰ) арасында өткен дәстүрлі спорттық спартакиада жан-жақтан келген ұйымдар бас қосты.
Салауатты өмір салтын насихаттау және партия мүшелерінің арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында «Аманат» партиясының бастауыш бөлімшелері арасында дүбірлі спартакиада өтті. Спорттық шараға аймақтағы ең белсенді бастауыш ұйымдардан жасақталған 21 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыс бағдарламасына спорттың бірнеше түрі енді: Эстафеталық таяқшамен жүгіру – командалық рух пен жылдамдықты көрсетті; Допты алып жүгіру – өзара…
-

Қарағандыда алғаш рет Халықаралық шағын театр формалары фестивалі өтеді
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын I Халықаралық шағын театр формалары фестиваліне шақырады. Шығармашылық іс-шара 4–7 маусым аралығында Музыкалық комедия театры мен «Буратино» студиясының алаңдарында өтеді. Көрермендер эксперименталды театр мен камералық өнердің ерекше атмосферасына ене алады. Фестивальде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан театр ұжымдары өз қойылымдарын ұсынады. «Шағын театр формасы – әрбір деталь, әр қимыл мен сөз…
