Санат: Алматы
-

Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержанатоктархановтың автокөлік иелеріне көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі туралы өтініші
Құрметті облыс тұрғындары! Мен автокөлік иелеріне жүгінемін. Бүгінгі таңда өңірде 147 мыңнан астам автокөлік иелері тіркелген. Бұл ретте олардың 46% – ға жуығы көлік салығы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам берешегі бар. Естеріңізге сала кетейін, салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Барлық борышкерлерге хабарламалар жіберілді және әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Міндеттемелер…
-

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕОНАТАЛДЫҚ КӨМЕК САЛАСЫНДАҒЫ ІЛГЕРІЛЕУІН АТАП ӨТТІ
2026 жылғы наурызда жарияланған Дүниежүзілік банк тобының ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ, IGME ұйымдарымен бірлесіп дайындаған есебіне сәйкес Қазақстанда неонаталдық өлім-жітім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күні) 1000 тірі туғанға шаққанда 3,9-ды құрады. Бұл 2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы ең төменгі көрсеткіш. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-пен іс жүзінде теңесті, онда бұл деңгей 3,7-ні…
-

Төрт түлік түгелденді: қызылордалық полицейлер жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды
Төрт түлік – ауылдағы ағайынның негізгі күнкөрісі. Сондықтан малдың жоғалуы немесе ұрлануы ауыл халқы үшін үлкен шығын. Осындай жағдайларда полицияның жедел әрі тиімді жұмысы ерекше маңызға ие. Сыр өңірінде мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс – шарасы өтуде.Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ветеринария саласымен…
-

Біздің мақтанышымыз!
Свердлов жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Аденова Адина республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында мектебіміздің намысын абыроймен қорғады «Құқық негіздері» пәні бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 11-сыныптың 50 қатысушысы арасында Адина жоғары білім деңгейін, табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысын көрсете отырып, жүлделі 2-орынды иеленді Бұл – қажырлы еңбек пен мақсатқа деген айқын ұмтылыстың жемісі. Осындай…
-

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАР ТАПШЫЛЫҒЫ 20%-ҒА АЗАЙДЫ, АЛ ШЕТЕЛГЕ КЕТЕТІН МАМАНДАРДЫҢ САНЫ 5 ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРДЫ
Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды. Бұл шаралар дәрігерлер тапшылығын 20,4%-ға, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығын 13%-ға төмендетуге, кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін ЭЫДҰ елдері деңгейіне жеткізуге, сондай-ақ соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлерінің сыртқы көші-қонын шамамен 5 есеге қысқартуға…
-

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы А.Утеналиева мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа талаптарға сапалы әрі уақытылы бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында Арал, Қазалы аудандарында мектепке дейінгі ұйым басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында: мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі; №473 бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптары және №483 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызмет…
-

Қазақстан Халық Банк акционерлік қоғамына еншілес ұйым – «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін иеленуге рұқсат беру туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасымен «Қазақстан Халық Банк акционерлік қоғамына еншілес ұйым – «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін иеленуге рұқсат беру туралы» 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 60 қаулы қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1200784?lang=kk
-

Қауіпсіздік – бәрінен маңызды!
Жуалы ауданының аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру автокөліктерінің еркін қозғалуына кедергі келтіретін жағдайлар жиі кездеседі. Атап айтқанда, ретсіз қойылған автокөліктер мен заңсыз орнатылған шлагбаумдар төтенше жағдайда үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар төтенше жағдай кезінде әрбір секундтың маңызды екенін атап өтті. Сонымен…
-

«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды
«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді өткізу қағидаларына» сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерді өткізу…
-

Жас құтқарушылар ант қабылдады
Жас құтқарушылар ант қабылдады Атырау облысында Қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті. Жас қызметкерлер сапқа тұрғызылып, Департаменттің жауынгерлік Туы шығарылып, 3 жас қызметкер халық пен Отан алдында адал қызмет етуге ант берді. Ант қабылдау рәсімінен кейін Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев жас қызметкерлерді құттықтап, оларға батылдық пен төзімділік тілеп, халыққа адал қызмет…
-

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары енгізілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірыңғай техникалық саясаты аясында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жөнінде меморандумға қол қойылды. Қонаев қаласында, сондай-ақ Қарасай және Талғар аудандарында заманауи стационарлық ұшқышсыз ұшу аппараттары енгізілді. Олар Жедел басқару орталығынан орталықтандырылған түрде басқарылады. – Дрондар нақты уақыт режимінде ауқымды аумақтағы жағдайды бақылауға,…
-

Ашық жол- құтқарылған өмір!
ТЖД қызметкерлері полициямен бірлесіп Павлодар қаласының аулаларында рейд жүргізді. Автотұрақ ережелерін сақтауға және өрт сөндіру техникасы үшін еркін жүруді қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Сондай-ақ өрт гидранттарының жарамдылығы мен қолжетімділігі тексерілді. Тұраққа дұрыс қойылмаған көлік біреудің өмірін қиюы мүмкін. Төтенше жағдай кезінде әр уақыт бағалы. Рейд барысында “Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою…
-

ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесуі Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде жалғасты. Кездесу барысында аудан әкімі 2025 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, 2026 жылға арналған жоспарларды таныстырды. Мәдени елді мекенінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. 2025 жылы 7 жобаға жалпы 106 млн теңге қарастырылды. Атап айтқанда, елді мекенді ауыз сумен…
-

Абай облысының полицейлері мопедтерге бақылауды күшейтті: жол қауіпсіздігі – басты назарда
Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда Семей қаласында патрульдік полиция батальоны мопед жүргізушілеріне бақылауды күшейтіп, алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жаңа деңгейге көтерді. Бұл бастама – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қозғалыс мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жүргізіліп жатқан тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері мопед жүргізушілерінің қажетті…
-

Діни материалдарды заңсыз тарату: Дарын Мубаров жылына екінші рет жауаптылыққа тартылды
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін «уағызшы» деп аталатын Дарын Мубаровты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айта кету керек, бұған дейін, 2025 жылғы қазанда ол осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Осылайша, азамат бір жыл ішінде заң талаптарын қайтадан елемеген. Аталған факт бойынша басқарма…
