Санат: Алматы
-

«Мал ұрлығы» ЖПІШ: Абай облысында сегіз қылмыстық топ анықталып, өткен жылдардағы бес мал ұрлығы ашылды
Абай облысында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Екі күн ішінде полицейлер 100-ден астам автокөлікті, мал мен ет өнімдерін сататын 28 орынды, сондай-ақ 76 шаруа қожалығын, ферманы және мал жайылымындағы қашықтағы нысанды тексерді. Тексерулер мал ұрлығының алдын алуға, жануарларды заңсыз тасымалдау деректерін анықтауға және ұрланған малды өткізуі мүмкін арналарды белгілеуге бағытталған. Жалпы, 2026 жылдың басынан…
-

Жемқорлыққа қарсы жиын өтті
Баянды ауылының әкімі аппаратының әкімі Қадырбек Құдабайұлы мекеме қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және қызметтік тәртіпті күшейту мәселелері бойынша түсіндірме жиналысы өткізді. Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын қатаң сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту және қызметтік міндеттерді сапалы орындау қажеттігі атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1310722?lang=ru
-

Шымкентте 10 миллион теңге бопсалаған екі азамат 5 жылға сотталды.
Шымкент қаласында тұрғыннан 10 миллион теңге бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрғынның арызы негізінде полиция қызметкерлері қорқыту арқылы ақша талап еткен екі азаматты жедел анықтап, қамауға алды. Сондай-ақ, күдіктілердің бірінің үйінен қаруға ұқсас екі зат пен төрт патрон тәркіленді. Жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде бопсалау арқылы алынған «Mercedes-Benz» автокөлігі мен 300 мың теңге иесіне қайтарылды.…
-

Қауіпсіздік тәжірибеден басталады: Семейде оқушылар жол қозғалысы ережелерін автоқалашықта үйренді
Жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін тәжірибе жүзінде меңгеру. Семей қаласында патрульдік полиция қызметкерлері №40 мектептің оқушыларына арналған автогородокта сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Полиция қызметкері оқушыларға жол белгілерінің мағынасын түсіндіріп, жолда кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды талқылады. Әсіресе жолдағы жағдайды дұрыс бағалап, қауіпсіз әрекет етуге ерекше көңіл…
-

Алматы қаласындағы мектепте ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты жедел шаралар қабылданды
Комитет Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары арасында жіті ішек инфекциясының топтық жағдайы тіркелгені туралы хабарлайды. 2026 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша аурудың 48 жағдайы тіркелді, оның ішінде 36 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Барлық науқас ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты. Реанимациялық көмекке мұқтаж науқастар жоқ. Ауру қоздырғышын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жалғасуда.…
-

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Oблыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер өндіретін…
-

Бес жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізушілер: Абай облысында үлгілі жүргізушілер марапатталды
Бүгін Омбы – Майқапшағай республикалық автожолында полиция қызметкерлері «Үлгілі жүргізуші» акциясын өткізді. Акция аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтап, көлік тізгінінде жауапкершілік танытатын жүргізушілерге құрмет көрсетілді. Акция барысында полиция қызметкерлері ақпараттық базалар арқылы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тексерді. Соңғы бес жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзбаған бес жүргізушіге алғыс хаттар мен «Заң мен тәртіп»…
-

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «USTAZFEST – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 5 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалын» мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай «USTAZFEST – 2026» фестивалі өтті. Мерекелік шара аясында ұстаздар қолөнер бұйымдары, химиялық тәжірибелер, STEM жобалары мен кітапхана көрмесін тамашалады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген фотозоналар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Фестивальді аудан әкімі Нұрым Бекежанұлы…
-

Есірткіге қарсы спорт: Семейде 80 жасөспірім веложарысқа қатысты
Семейде Абай облысы Полиция департаменті облыстық әкімдікпен бірлесіп, 13–14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында веложарыс ұйымдастырды. Жарысқа 80 жасөспірім қатысып, өздерінің төзімділігін, белсенділігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында есірткі қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді спортқа баулу. Спорт — денсаулыққа бастар жол, ал есірткіден бас…
-

Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі…
-

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті
Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Даулов әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.Атап айтқанда, жұмыс істемейтін және білім алмайтын жастарды анықтау, оларды қоғам өміріне белсенді араластыру, кәсіптік білім алуға бағыттау, сондай-ақ тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне назар аударылды.Сонымен қатар,…
-

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі Құрылтай отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутат Наталья Рамазанованың Цифрлық отбасы картасын қалыптастыру тетігі туралы қойған сауалына жауап бере отырып, отбасы санатын (А, В, С, D және Е) айқындау кезінде бүкіл отбасы мен үй…
-

“Ассаламағалейкум, Аяжан деші”: Семейде қонақүйде жанжал шығарған тұрғын бес тәулікке қамалды
Оқиға 12 қазан күні сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешенінде болған. Қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні қабылдаудан бас тартқан. Бұған наразы болған ол жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескертулерге қарамастан, ол қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастырған. Полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы Аяжан Жұманқұлова болып шықты. Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны…
-

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдар мен бейінді қызметтер өкілдерінен құралған мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шара шеңберінде топ бұрын отбасылық-тұрмыстық жанжалдар фактілері бойынша шақыртулар тіркелген азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барды. Азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, оларға қолданыстағы заңнаманың талаптары мен құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, әлеуметтік және…
-

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Қазіргі уақытта сол жағалауға 25 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Мұнда 136 көпқабатты тұрғын үй, 20…
