Санат: Алматы
-

Қызметкерлер арасында семинар
2026 жылдың 20 наурызында «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеу мақсатында семинар өткізілді. Өзгертілген Заң «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы деп аталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/1185843?lang=kk
-

Абай облысында 767 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жалғасуда.Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 767 мың гектарды құрайды. Егіс құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар — 296,2 мың га; майлы дақылдар — 322,0 мың га; мал азықтық дақылдар — 137,0 мың га; картоп — 6,5 мың га; көкөніс және бақша дақылдары — 5,2 мың га. Егіс науқанын…
-

ЖАҢАРУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🌿
ЖАҢАРУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🌿 Жаңару күніне орай Шет аудандық мәдениет үйінің аумағында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, қар мен мұздары ойылып, айнала ретке келтірілді. Мұндай шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Ақпарат көзі :…
-

Экологтар арасындағы лудоман: Атырау облысының эколог қызметкері жұмыстан босатылды
Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартты. Аталған мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан. Қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылған. Сонымен қатар, заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 498- бабымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу…
-

Құтқарушылар арасында ұлттық құндылықтар дәріптелді
Батыс өңірінің жедел-құтқару жасағында «Бесікке салу» дәстүрі насихатталды. Іс-шара барысында жаңа туған сәбиді бесікке бөлеу рәсімі көрсетіліп, бесікті аластау, жабдықтау және бөлеу кезеңдерінің мәні түсіндірілді. Шарада үлкендер ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін арнады. Қатысушылар бесіктің бала тәрбиесіндегі маңызын атап өтті. Мұндай шаралар ұлттық- салт-дәстүрді насихаттап, ұжымның рухани бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1185847?lang=kk
-

20 наурыз – «Ұлттық спорт күні»
Бұл күн ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан және ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі болып табылатын дәстүрлі қазақ спорт түрлерін сақтау мен насихаттауға арналған. Бұл күні «көкпар», «аударыспақ», «қыз қуу», «теңге ілу», «асық ату» және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. Бұл сайыстар ата-баба рухын сезінгісі келетін кәсіби спортшыларды да, әуесқойларды да өзіне тартады. Ашық дереккөздердегі…
-

Қызметкерлер арасында семинар
2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 2026 жылғы 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты тиісті түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілді. Түсіндіру барысында заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, оларды ұсыну тетіктері, сондай-ақ қызметтердің қолжетімділігі, сапасы және тиімділігін арттыруға…
-

Білім беруді дамыту: халықаралық ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер
19 наурыз күні Павлодар технологиялық колледжінің базасында «Білім беру кеңістігін кеңейту: академиялық ұтқырлық — бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Маңызды кездесуге Павлодар облысының білім беру басқармасының өкілдері, Ресей Федерациясындағы А.Н. Косыгин атындағы Новосибирск кооперативтік техникумының делегациясы және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты…
-

“Kaz Drill Solution” ЖШС
Жарияланған күні Жобаның атауы 20.03.2026 Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан “Kaz Drill Solution“ ЖШС қайтарылатын келісімшарттық аумағының көмірсутектері бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы Хаттама Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/1185851?lang=kk
-

Қорғаныс министрінің орынбасары Алматы облысындағы әскери гарнизондарды тексерді
Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы министрдің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеді. Сонымен қатар басшылықтың әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жұмысы бағалады. Қорғаныс ведомствосының өкілдері Жаркент, Сарыөзек гарнизондарында әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен, казармалардың, асханалардың, тұрмыстық нысандардың жай-күйімен, сондай-ақ әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тұрмысымен танысты. Қорғаныс министрінің…
-

Шаңырақ күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері 54 жыл отасқан, полиция саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагер Есмағамбетов Марат ақсақал мен медицина саласының ардагері жұбайы Байкадамова Ирина әжеміздің шаңырағына арнайы барып, құттықтап қайтты.
Шаңырақ күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері 54 жыл отасқан, полиция саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагер Есмағамбетов Марат ақсақал мен медицина саласының ардагері жұбайы Байкадамова Ирина әжеміздің шаңырағына арнайы барып, құттықтап қайтты. Ақсақалға иығына шапан жабылып, әжемізге камзол мен ақжаулық табысталып, тәтті салынған себет ұсынылды. Берекелі отбасы бүгінде көп баланы тәрбиелеп өсіріп,…
-

Бақылау және нақты нәтиже: 2025 жылғы мемлекеттік аудит қорытындылары
Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының ашықтығы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізді. 2025 жылы 62 аудиттік іс-шара өткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде:— 35 млрд теңге қалпына келтіріліп, өтеліп, есепке алынды,— қалған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда,— мемлекеттік сатып алу және қаржылық тәртіп саласында жүйелі бұзушылықтар анықталды. Профилактикаға ерекше көңіл…
-

Ақмола облысы бойынша Омбудсмен өкілінің азаматтарды жеке қабылдауы
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Гүлнара Жанбекова азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдау барысында азаматтар сот шешімдерімен келіспеу, қылмыстық істерді тергеу, білікті медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.Әрбір жолданым бойынша арыз берушілерге қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мүмкін жолдары…
-

Пара-армрестлинг бойынша әлем кубогы
Ташкент (Өзбекстан Республикасы) қаласында пара-армрестлинг бойынша әлем кубогы өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстан (барлығы 25 ел) құрамаларын қоса алғанда, әлемнің ең мықты армрестлингтері қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы атынан республикалық делегация құрамында жарысқа «Арман» Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылар Р. Шарипов, Г.Бабий қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының спортшылары өте жақсы…
-

📢 ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен…
