Санат: Алматы
-

Ақмола облысында гид-экскурсоводтарға арналған семинар өтті
Ақмола облысында өңірдің туризм басқармасы ұйымдастырған гид-экскурсоводтарға арналған екі күндік оқыту семинары өтті. Іс-шара облыстың түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, кәсіби біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Семинар аясында қатысушылар мамандықтың негізгі дағдыларын талқылады: экскурсия жүргізу техникасы, аудиториямен жұмыс істеу әдістері, Ақмола облысының өлкетануы, сөйлеу мәдениеті және экскурсияға қатысушылардың тәртіп ережелері. Семинарды гидтер одағының…
-

Қарағандыда Назарбаев даңғылында жаңа жылдамдық өлшегіш іске қосылды
Қарағандыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қаланың орталығында, Назарбаев даңғылы, 32 мекенжайында жаңа жылдамдық өлшегіш орнатылып, 16 сәуірден бастап іске қосылды. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық — сағатына 40 шақырым. Жүргізушілерден белгіленген талаптарды сақтап, айыппұлдардан аулақ болу және жолда қауіпті жағдайлар туғызбау сұралады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-ortau/press/news/details/1203162?lang=kk
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру
2026 жылғы 23 сәуір сағат 10:00-де Жетісу облысы Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесі, 26, мекен-жайында (502 кабинет) «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа…
-

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Түркістан қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды: Лот № Сауда павильондарының (әлеуметтік дүкендердің) орналасқан жері Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) көлемі 1 Түркістан қаласы, 1 шағын аудан,…
-

«Менің Ақтөбем» қалалық байқауына өтінім қабылдау басталды
Ақтөбе қаласында тұрғындардың белсенділігін арттырып, қаланың көркеюіне үлес қосуға бағытталған «Менің Ақтөбем» атты байқау басталды. Байқауға ауласын күтіп-баптап, көгалдандыру мен тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізіп жүрген кез келген тұрғын қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс тек үздіктерді анықтап қана қоймай, қала аудандарындағы оң тәжірибелерді кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылады. Алдын ала аудандық кезең 2026…
-

Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады. Қабылдау барысында жер мәселесі, футбол алаңы, жол жөндеу жұмыстары, Асқаров көшесінде орналасқан балаларды дамыту орталығы мен Асқаров көшесі, №4 үй арасындағы тұйық көшенің жолын жөндеу, талкесу және кесілген бұтақтарды жинау, қоқыс жәшігі, қоғамдық көлік жүргізушілерінің әрекеттері, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көлікте тегін жүруі және әлеуметтік…
-

Шымкентте полиция пиротехниканы заңсыз сату фактілерін анықтады
Шымкент қаласында рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сақтау талаптарының өрескел бұзылуымен байланысты заңсыз сату фактілерін анықтады. Екі кәсіпкер әйел пиротехникалық өнімдерді сатумен айналысқан. Алайда өнімдер қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қойма орындарында сақталған. Пиротехникалық бұйымдар белгіленген нормалар сақталмай, тиісті жағдайлар қамтамасыз етілмеген күйде орналастырылған. Бұл олардың өздігінен тұтанып кетуіне әкеліп,…
-

ҚР АШМ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Қырғыз Республикасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантиніне жауапты құрылымдары басшыларының үшінші кеңесіне қатысты. Кеңесте Қазақстан тарапынан ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Иргибаев болды. Жиналғандар ұйым аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейтудің негізгі факторларының бірі ретінде фитосанитарлық әріптестікті дамыту мәселесін талқылады.…
-

Басшылық етпеген ЭНСБ
«Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ-мен 2026 жылдың 13 сәуірінде «Аққулы ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (категория E-R-3) әкімшілік мемлекеттік лауазымы бос орнына ішкі конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысу үшін өтініштер түскен жоқ. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аталған лауазым бойынша ішкі конкурс өтпеген болып танылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1203150?lang=kk
-

«Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында семинар өткізілді
2026 жылғы 14 сәуірде Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ» АҚ Қызылорда жол дистанциясы (ПЧ-57) жұмысшыларына семинар өткізді. Семинар мақсаты — жұмысшылардың денсаулығын сақтау және жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіптік және созылмалы аурулардың алдын алу, еңбекке жарамсыздық шығындарын азайту. Салауатты жұмыс орны — денсаулықты нығайтуға, жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға, сондай-ақ жұмыс…
-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сарқан ауданы, ауылдық, қалалық округ әкімдерінің аппараттарында және аудандық бөлімдерде 2026 жылғы 4-29 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сарқан ауданы, ауылдық, қалалық округ әкімдерінің аппараттарында және аудандық бөлімдерде 2026 жылғы 4-29 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:1) мемлекеттік мекеменің…
-

Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) Шамкенова Айымгуль Канапияновна Жіберілді Персоналды басқару бойынша бөлімінің басшысы С. Амиржанова…
-

АҢДАТПА Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы
2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында, Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті аумақтық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жоспарлы ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 4 мамыр мен 31 мамыр аралығы. Талданатын қызмет кезеңі: 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 4…
-

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ
Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1. «Аққулы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) Шамкенова Айымгуль Канапияновна Аққулы ауданы әкімінің аппараты, отырыс залы, 20.04.2026 16:00 …
-

Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат
№35 «Ертегі» балабақшасында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Ұлттық мұра – ел аманаты» атты тағылымды іс-шара өтті. «Таза Қазақстан» – тек экологиялық акция ғана емес, ол тазалықты кең ұғымда түсінуді көздейтін, сана мен руханиятты да жаңғыртуды мақсат ететін маңызды бастама. Іс-шара 150 ата-ананың қатысуымен өткен әсерлі флешмобпен басталып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Бұл көрініс ата-ана…
