Санат: Алматы
-

Миллион теңгеге Сертификат
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған облыстық «Өнер — халық қазынасы» көркемөнерпаздар байқауында Көкшетау қаласы І орын иеленіп, 1 000 000 теңгелік сертификатқа ие болды! Бұл жеңіс — мәдениет саласында еңбек етіп жүрген шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Көкшенің өнері өркендеп, биіктерді бағындыра берсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1229182?lang=ru
-

ІІМ бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигені үшін жауапкершілік туралы еске салды
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салу талабын сақтауын қамтамасыз етуді жалғастыруда. Бұл норма “Құқық бұзушылық профилактикасы” заңының 75-бабы 3-тармағында көзделген. Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады. Тыйым ауа райы жағдайларына…
-

Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады
Қазақстанда жазғы демалыс және мектеп каникулы кезеңінде көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жолаушылар сұранысының артуына байланысты ҚР Көлік министрлігі көлік компанияларымен бірлесіп сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша теміржол маршруттары мен әуе рейстерінің санын көбейтуде. Теміржол тасымалы 2026 жылдың жазғы маусымында 15 қосымша теміржол маршруты ұйымдастырылады. Қосымша пойыздар 2026 жылғы 16 маусымнан бастап…
-

«Таза қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты. Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады. Аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға…
-

⚜️Бруцеллездің алдын алу туралы
Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың зооноздық ауруы. Инфекция көзі ауылшаруашылығы жануарлары – ұсақ мүйізді мал, ірі қара мал, шошқа болып табылады. Бруцеллездің ең ауыр түрі қой-ешкі бруцеллаларын жұқтырғанда байқалады. Қоздырғыштың берілу жолдары әртүрлі: фекальді-оральді, тұрмыстық-қатынас және ауа-тамшылы. Адамдар ауру жануарларды бағып-күтуде жеке бастың алдын алу шараларын сақтамағанда, олардан алынатын шикізаттарды өңдеуде және термиялық өңдеуден…
-

Құттықтаймыз!
✨ «Достар» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Ибраева Әсем Советқызы мәдениет саласына сіңірген қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды 🏅 ✨ Бұл — Сіздің көпжылдық еңбегіңіздің, өнер мен мәдениетке деген адалдығыңыздың жарқын жемісі. Шын жүректен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен отбасылық бақыт тілейміз 🌷…
-

«Таза бейсенбі» экологиялық акция
2026 жылғы 28 мамырда Көкшетау қаласының аумағында қаланың тазалығын, абаттандырылуын және санитарлық жағдайын сақтауға бағытталған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтеді. Барлық кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ қала тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға және іргелес аумақтарды, аулаларды, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге өз үлестерін қосуға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қаламызды таза, жайлы…
-

Ақмола облысында мәдениет және өнер қызметкерлері құрметке ие болды
«Көкшетау» мәдениет сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімі өтті. Мерекемен облыстың барлық аудандарынан келген мәдениет қайраткерлерін, шығармашылық ұжымдарды және өнер шеберлерін өңір басшысы Марат Ахметжанов құттықтады. «Мәдениет – ұлттың жаны, ал өнер – өткен мен болашақты жалғайтын тірі көпір. Сіздердің арқаларыңызда дала данышпандарының ұлы мұрасы жалғасып келеді, ал біздің өңір елімізде ғана…
-

Оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы қауіпсіздігі талқыланды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуы, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздік мәселелері қаралды. Жиын басында аудан әкімі аудандағы кадрлық өзгерістермен таныстырды. Аудан әкімінің өкімімен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Ғарышбек Бауыржанұлы Нысанбаев тағайындалғанын хабарлап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Мәжілісте аудандық білім…
-

2006 ЖЫЛҒЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МҰҚТАЖ ЖАНҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
Т.Рысқұлов ауылы мектептерінің 2006 жылғы түлектері қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін тағы бір мәрте көрсетті. Тоғыз жылдан бері дәстүрге айналған игі бастама биыл да жалғасын тауып, көптің алғысына бөленді. Жүректен шыққан жақсылық жолын серік еткен түлектер баспанаға мұқтаж аудан тұрғыны, үш қыздың анасы Салтанат Тұрсынбайға аудан орталығынан тоғызыншы баспананың кілтін табыстады. Салтанат Тұрсынбай екі жыл…
-

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) қайта қарау және жаңа мөлшерлерін қабылдаудың мақсаты қандай? ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты – болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ салымшының зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен кірісті алмастыру коэффициентін кезең-кезеңімен арттыру. Бұл ретте ең төменгі халықаралық…
-

Мемлекеттік қызметте әдеп қағидаттарын сақтау мәселесі талқыланды
Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ермек Сәтбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы, қоғамдық қауіпсіздік, қызметтік тәртіп мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды. Мәжілісте аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Нұржан Тоқшылықов баяндама жасап, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау жауапты қызметтің басты қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар қоғамдық…
-

Абай облысының прокуратурасы инвесторға заңсыз айыппұл салудың алдын алды
Абай облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлестіру аясында автожанармай құю станциялары желісін салу жобасын іске асырып жатқан «Gaz&Мұнай» ЖШС-нің құқықтарын қорғады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 2,8 млрд теңгені құрайды, 184 жұмыс орнын ашу көзделген. Анықталғандай, табиғатты қорғау полициясы кәсіпорынға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама…
-

Ақмола облысында егіс алқаптарының 70%-ына дән себілді
Елдің басты аграрлық өңірінде көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда жаздық егіс 3,8 млн гектар алқапта жүргізілді, бұл жалпы көлемнің 70%-ын құрайды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Зеренді ауданындағы агроөнеркәсіптік кешен нысандарына жұмыс сапары аясында «NamysGroup» ЖШС-іне барды. Облыс және министрлік басшылығына егін шаруашылығы мен ет бағытындағы мал шаруашылығына…
-

Мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы берілетін техникалық оңалту құралдарының құнын өтеудің кепілдік берілген сомасын айқындауға енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Техникалық оңалту құралдары мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. Бұл шара ашықтықты, қолжетімділікті, тауарлар мен қызметтерді еркін таңдауды, ыңғайлылықты және оңалту құралдарын жеткізуді қамтамасыз етті. Тауарлардың құны жергілікті атқарушы органдар тарапынан кепілдік…
