Санат: Алматы
-

Абай облысы: тұрғындарға «Заң және Тәртіп» жобасы аясында құқықтық көмек көрсетілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1237254?lang=kk
-

Батальон командирінің орынбасары сарбаздың қаза болуына әкеп соққан қызметке салғырт қарағаны үшін сотталды
Алматы гарнизонының әскери сотында Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздың қаза болу фактісіне қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. 2025 жылғы 23 қыркүйекте жеке құрамның қарумен жұмыс істеу барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, оның салдарынан оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер Сейтқали Ә., қайтыс болды. Іс бойынша қадағалауды жүргізу барысында әскери прокурорлар қайғылы…
-

Қазақстанның туристік саласы мемлекетке 630 млрд теңгеден астам салық түсірді
Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті. Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы. Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристердің шығындары $2,9 млрд құраған. Бұл ретте туристік салаға тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен…
-

Instagram әлеуметтік желісіндегі @mkd_turkistan_oblysy парақшасында «Мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Құрметті оқырмандар! Instagram әлеуметтік желісіндегі @mkd_turkistan_oblysy парақшасында «Мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі» тақырыбында тікелей эфир өтеді. 🗓️ Күні: 09 маусым 2026 жыл⏰ Уақыты: 16:00 Спикер:Тұрсынханов Шахан Мұқанұлы — Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бөлім басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1237259?lang=kk
-

Ағымдағы жылдың 05-14 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 05-14 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында Еңбекші ауданы аумағында тізімдік есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша профилактикалық аралау жұмыстары ұйымдастырылып, олармен жеке түсіндіру және профилактикалық сұхбаттар өткізілуде. Сұхбат барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен…
-

Байқоңыр – Қазақстан туризмін дамытатын орталықтардың бірі болмақ
Туризм және спорт министрлігі Байқоңыр кешенінің туристік әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Құжат халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім қалыптастыруға және саланың тұрақты дамуына қажетті жағдай жасауға бағытталған. Тұжырымдаманы іске асыру аясында шетелдік туристер үшін рұқсат беру рәсімдері жеңілдетілді. Қазіргі…
-

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын кешенді жүзеге асыру мәселесіне арналған кеңес өтті. Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Қорғаныс, Ішкі істер…
-

Декларацияланбаған валютаны алып өтудің жолын кесу шаралар туралы
ҰҚК Шекара қызметі шетелге ақша қаражатын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Биыл 2 маусымда Атырау облысы «Құрманғазы» өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған. Сонымен қатар, осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетел ұсталды. Материалдар…
-

Конкурс
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2026 жылғы 23-24 маусымда сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Каспий теңізінің резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды. Конкурс ҚР АШМ 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізілетін…
-

📍 Маңғыстау облысында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар өтті.
Маңғыстау облысында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар өтті. Семинар барысында мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері, қазақ тілінің цифрлық әлеуеті, ғылым мен білім саласындағы тілдің орны, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету тетіктері және инновациялық жобалар кеңінен талқыланды. Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев пен басқарманың бас маманы…
-

Талдықорғанда 100-ден астам отбасы апатты тұрғын үйлерден жаңа қонысқа көшті
Жетісу облысында апатты тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, облыс орталығы Талдықорған қаласында бірінші кезең аясында 18 апатты көпқабатты тұрғын үйдегі 119 пәтердің 101 иесі барлық жағдайы жасалған жаңа пәтерлерге қоныс аударды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалған 18 пәтер бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.…
-

ОА ДСБ “Үржар ауданының ауданаралық ауруханасы” ШЖҚ КМК және ОА ДСБ “Мақаншы ауданының ауруханасы” ШЖҚ КМК Абай облысы бойынша №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі бірлесіп, семинар-кеңес өткізді
2026 жылғы 02-05 маусым аралығында №1 МӘС бөлімі Үржар және Мақаншы аудандарының тұрғындары арасында “мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау” мемлекеттік қызметін көрсету мақсатында көшпелі отырысын өткізді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Төрағасының 27.03.2026 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес,…
-

“Чурсинов Е.В.” ШҚ мектептің ауласын (қазандық маңы) шлак пен қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novonezhin/press/news/details/1237739?lang=ru
-

9 маусым — Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күні
9 маусым — Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күні Қостанай қаласында Қостанай облысы Полиция департаментінің Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) базасында Арнайы мақсаттағы бөлімшелер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға департамент басшылығы, қызмет ардагерлері және арнайы бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Жеке құрам алдында құттықтау сөз сөйлеген Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ханат Амагелдинұлы…
-

Аманкөл ауылдық округінде тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті
Бүгін аудан әкімі мен Аманкөл ауылдық округінің әкімі округке қарасты елді мекен тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында аудан мен ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттер таныстырылды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер, ұсыныстар мен пікірлер талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді. Кездесу ашық диалог форматында…
