Санат: Алматы
-

Шардарада өнерге қанат бітірген жаңа орталық ашылды.
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара қаласындағы А.Иманов көшесі бойынан ашылған жаңа өнер орталығына арнайы барып, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды білім ордасы.ның тыныс-тіршілігімен және үйірмелер жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Өнер орталығында қазіргі таңда домбыра, қобыз, фортепиано, вокал, хореография, бейнелеу өнері, қолөнер және театр үйірмелері тұрақты жұмыс жүргізуде.…
-

«Сәукеле–2025» жобасы аясында Гиннес рекордтар кітабының арнайы төсбелгісі табысталды.
«Сәукеле–2025» республикалық жобасының жүзеге асуына белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жобаның халықаралық деңгейде танылуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Гиннес рекордтар кітабының арнайы төсбелгісімен марапатталды. Гиннес рекордын орнатуға атсалысып, арнайы төсбелгі иегері атанғандар қатарында Азенова Шырынкүл, Абдуллаева Таңшолпан, Ақтаева Гүлмира, Балтабай Қалзейнет және Турабаева Құттықыз бар. Осыған орай аудан әкімі Арман Қарсыбаев марапат иелерін…
-

Үкімет жобаны жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетеді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Almaty SuperSki тау шаңғысы кластері жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Kazakh Tourism Development компаниясының басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев жоба аясында күніне 10 мың адамнан асатын 60 шақырым тау-шаңғы трассасы, заманауи 11 аспалы жолын, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланып отырғанын айтты. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ғалымдармен…
-

ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Әуезов ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандарында «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді. Іс-шара барысында нысандардағы көрнекі ақпараттардың, маңдайшалардың, жарнамалық материалдардың және өзге де мәтіндердің заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптарын…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арыс қаласы әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағытындағы төртінші блоктың мазмұны, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және «2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі…
-

Абай облысының делегациясы Алтай қаласына келді
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков бастаған өңір делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласына келді. Делегация мүшелері ертең «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық өңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысады. Жүзден астам адамнан құралған делегация құрамында мемлекеттік қызметкерлер, аудан әкімдері, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, білім, кәсіпкерлік, туризм саласының өкілдері…
-

Шардарада жазғы демалыс маусымы басталып, қауіпсіздікке басымдық берілді.
Шардара қаласының су қоймасы жағалауындағы жазғы маусымдық шомылу рәсімін ашу салтанатында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасполатұлы құттықтау сөз сөйлеп, жазғы демалыс маусымын тиімді әрі қауіпсіз өткізуге шақырды. Ол өз сөзінде тұрғындарға және аудан қонақтарына жағымды демалыс тілеп, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау – басты талаптардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, басқа көршілес…
-

Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев ақын Маралтай Райымбекұлын қабылдады
Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Маралтай Райымбекұлын қабылдап, шығармашылық жетістіктерімен құттықтады. Кездесу барысында аудан әкімі ақынның ұлттық әдебиетке қосқан сүбелі үлесін жоғары бағалап, оның шығармашылығы қазақ руханиятының дамуына зор әсер етіп келе жатқанын атап өтті. Сіз қазақ поэзиясында өзіндік үні мен дара қолтаңбасы қалыптасқан, ұлттық рух пен тектілік мұратын…
-

Оқушыларға арналған дене шынықтыру сабақтары Almaty SuperSki жаңа курортының аумағында өткізіледі
Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Almaty SuperSki ауқымды жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба жыл бойы жұмыс істейтін туристік дестинацияға айналып, тау демалысын барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімді етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Kazakh Tourism Development LTD компаниясының бас директоры Ержан Еркінбаев мәлімдеді. Оның айтуынша Almaty SuperSki тау курортында барлығы 60 шақырым тау-шаңғы…
-

ТАЗА ШАРДАРА
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Өзіңнен баста» экологиялық челленджі ұйымдастырылды. Челлендж аясында белсенді жастар қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыру. Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ борышы. Табиғатты аялау арқылы болашақ ұрпаққа таза әрі…
-

Жас талантқа қолдау, ұстазға құрмет:
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара ауданында жас таланттарды қолдау мен ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған тағылымды кездесу өтті. Республикалық «Ақылдым» балалар журналы мен «Ақсұңқар» өнер-шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Қазақ авторлары» фестивалінің жеңімпазы Ақылжан Алмасұлы мен оның жетекшісі Қанжігітова Ұлдар Мамырқызын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Фестивальдің финалдық кезеңінде өзінің шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленіп, Бас жүлдені иеленген Ақылжан…
-

11 мың шақырым жол және жаңа әуе бағыттары: Қазақстанда туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымы жаңғыртылуда
Үкімет отырысында туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі шаралар қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың мәліметінше, биыл жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырым автожолда жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Рахман қайнары, Кендірлі, Баянауыл, Зеренді және Көлсай туристік аймақтарына апаратын бағыттар да қамтылған. Мысалы, Алматы – Өскемен трассасының толық аяқталуы жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқартты.…
-

Қазақстанның ұлттық парктеріне барушы туристер саны 3,7 млн адамға дейін өсті
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің табиғи аумақтарына ел азаматтары мен шетелдік қонақтардың қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, 2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға 2,8 млн адам келген, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамға жетті. Осылайша, өсім 900 мыңға жуық келушіні құрады. Бүгінгі таңда негізгі әлеует ұлттық…
-

105 елдің азаматтары Қазақстанға электрондық визалар бойынша кіре алады
Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.…
-

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Әрбір азамат өмірге келген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен үздіксіз байланыста болады. Баланың тууын тіркеу, білім алу, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмекке жүгіну, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер-мұның барлығы азамат пен мемлекеттің күнделікті өзара әрекеттесуінің нақты көрінісі. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасы қоғам мен мемлекет арасындағы сенім деңгейін айқындайтын негізгі өлшемдердің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету…
