Санат: Алматы
-

Кеген аудананың тұрғындары мен қонақтары! “Таза Қазақстан” Республикалық акциясы аясында өткізілетін экологиялық акцияға шақырамыз! Біздің мекен – Біздің тазалық! Туған өлкемізді бірге абаттандырайық!
Кеген аудананың тұрғындары мен қонақтары! “Таза Қазақстан” Республикалық акциясы аясында өткізілетін экологиялық акцияға шақырамыз! Біздің мекен – Біздің тазалық! Туған өлкемізді бірге абаттандырайық! https://www.instagram.com/reel/DXdvvm2DbJn/?igsh=NDlyamdwcTh6MXF5 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1206934?lang=kk
-

Семинар-кеңес өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1206935?lang=kk
-

Батыр Теңізбай – VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Джиу-джитсудан Ұлттық құрама спортшысы Батыр Теңізбай -62 кг салмақта 3-орын алды. Қола жүлдеге таласта 2 отандасымыз – Батыр мен Мансұр Хабибулла күш сынасты. Жекпе-жекте алғашқысы басым түсті. Айта кетейік, бүгін тағы Жібек Құлымбетова (-52 кг) және Ажар Салықова (-63 кг) қолаға таласады.…
-

Кредиттік картаны қалай қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға болады?
Кредиттік карта қысқа мерзімді кредит бере отырып, сатып алынған заттар үшін төлем жасауға мүмкіндік береді. Артық шығындарды болдырмау үшін ақшаны белгіленген мерзімде қайтару маңызды. Кредиттік картаны дұрыс пайдалану қаражатты үнемдеуге және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі. 1. Берешекті грейс-кезеңде өтеңіз Грейс-кезең – бұл жұмсалған ақшаны пайызсыз қайтаруға болатын мерзім (әдетте 30-60 күн). Негізгі қағида – қарызды…
-

«ТАЗА АУЛА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Успен ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Таза аула» экологиялық акциясы өтті. Бұл игі әрі маңызды іске ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, сондай-ақ ауданның белсенді тұрғындары атсалысып, бәрі бірге көшелерге шығып, елді мекендерді тазалап, ауылдарымызды көркейтіп, жайлы әрі әсем етуге үлес қосты. Акция барысында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аумақтар…
-

Қала тұрғындарына арналған жексенбілік велошеру өтеді. 🚴♂️
Қала тұрғындарына арналған жексенбілік велошеру өтеді. 🚴♂️ Жиналу уақыты: 08:00Басталу уақыты: 09:00Өтетін орны: «Қызғалдақ» сарайыҚашықтық: 15 шақырым 🔹Велошеру бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. 🔹Велосипеді жоқ тұрғындар үшін велопрокат қызметі ұсынылады:Мекенжайы: Тәжібай Ата көшесі, 10/3Байланыс: +7 702 915 9898 Баршаңызды белсенді демалысқа шақырамыз! 🚴♀️ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sport/press/news/details/1206919?lang=kk
-

Жасыл болашақ – өркениет бастауы
Алтықарасу ауылында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында демеушілік көмегімен жеміс – жидек ағаштары отырғызылды. Бұл шараға барлық мекемелер қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене атсалысып , болашаққа зор үмітпен қарап, жақсы ізгі ойларын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir-altykarasu/press/news/details/1206921?lang=kk
-

Азия жағажай ойындары: Қазақстан әйелдер командасы топтық кезеңде жеңіске жетті
Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындары өтіп жатыр. Бүгін жағажай волейболынан әйелдер командалары топтық кезеңді бастады. Қазақстан-1 командасы (Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко) Өзбекстан жұбын жеңді. Есеп: 2-0. Қазақстан-2 командасы Астана уақытымен сағат 10:00-де Моңғолиямен ойнайды. Сонымен қатар ерлер арасында Қазақстан-1 жұбы бүгін 2-турда Шри-Ланкамен шеберлік байқасады. Матч Астана уақытымен сағат 12:00-ге жоспарланған. …
-

СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың суға кету оқиғаларының алдын алу мақсатында су айдындарында кешенді тексеріс жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздік шарасын қадағалау барысында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев қала аумағындағы бірқатар су нысандарын арнайы аралап, олардың қауіпсіздік жағдайымен танысты.…
-

VI Азия жағажай ойындары: Жағажай волейболынан Қазақстан командалары жарысты сәтті бастады
Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындары өтіп жатыр. Бүгін жағажай волейболынан ерлер командалары арасындағы алғашқы ойын болды. Топтық кезеңде Қазақстан-1 жұбы (Сергей Богату мен Кирилл Гурин) Лаосты 2 сетте жеңді. Ал Қазақстан-2 жұбы (Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мұхаммад) Корея спортшыларынан басым түсті (2-0). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1206924?lang=kk
-

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес
Алмалы ауданы әкімінің аппаратында Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарды ұстануы және адал басқару қағидаларын нығайту бағытында дәріс өткізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы…
-

Жыл басынан бері 2,6 мыңнан астам жас маман жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды.
2026 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша жастар практикасы бойынша 2 655 жас маман жұмысқа кірісті. Биыл бұл бағыт бойынша барлығы 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жастар практикасы бойынша қамтылғандардың ең көбі Түркістан (754 адам), Ақтөбе (197 адам), Алматы (168 адам), Қызылорда (165 адам) облыстарында…
-

Қазіргі уақытта республикалық кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі “Ashyk AMANAT”
Қазіргі уақытта республикалық кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі “Ashyk AMANAT” аналитикалық цифрлық платформасын әзірледі. Платформа кейіннен мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел шешу үшін кәсіпкерлердің оларды толғандыратын мәселелер бойынша өтініштерін жинауға арналған. Қазіргі уақытта платформаны сынақтан өткізу жоспарланған. Бұл ретте оны әлеуметтік желілерде және бизнес-чаттарда ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет. Өтініштер бизнестің түрлі салалары мен бағыттарынан ұсынылуы…
-

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қоршаған ортаны қорғау және экологияға жауапты министрлерінің екінші кездесуі
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелеріне жауапты министрлерінің екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің өкілдері, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиев және ұйымның бақылаушылары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы, жердің тозуы, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және Арал теңізінің тартылуы салдарынан…
-

Қазақстанның Құрметті журналисті, “Құрмет” орденінің иегері Нұрғожаев Жақыпжан Мысабекұлының 80 жасқа толуына орай, Кеген ауылының кіре берісіне билборд орналастырылды.
Қазақстанның Құрметті журналисті, “Құрмет” орденінің иегері Нұрғожаев Жақыпжан Мысабекұлының 80 жасқа толуына орай, Кеген ауылының кіре берісіне билборд орналастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1206903?lang=kk
