Санат: Алматы
-

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ. Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу…
-

Ақмола облысында ЕШЕАБЖ мен МЗЖ деректеріндегі алшақтықтарды жою мәселелері талқыланды
2026 жылғы 24 маусымында Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әмренованың төрағалық етуімен Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕАБЖ) мәліметтері мен нақты міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) туралы деректер арасындағы алшақтықтарды жою мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Талқылауға облыстық ведомстволардың басшылары, өңір қалалары мен аудандарының әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ, негізгі баяндама жасаған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы…
-

Алматы облысының полиция қызметкерлері «Apport» сауда орталығында патриоттық акция өткізді
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік әрі ағартушылық акцияны Apport сауда орталығында ұйымдастырды. Іс-шара аясында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында өз өмірін қиған жандарға арналған фотокөрме ұсынылды. Келушілер қызмет жолындағы ерлік оқиғаларымен танысып, қазіргі заманғы тәртіп сақшыларының жанқиярлық еңбегі туралы мәлімет алды. Қонақтардың ерекше қызығушылығын…
-

Курорт-Бурабай теміржол вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін қайта ашылды
Ақмола облысында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Курорт-Бурабай теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин қатысты. Бурабай – Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттардың бірі, ал Курорт-Бурабай вокзалы курорттық…
-

«ӘКІМ КУБОГЫ – 2026»: ЗИЯТКЕРЛІК АЛАҢДА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАҒИДАТТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Іле ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкім кубогы – 2026» аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Зияткерлік дода мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға, шешендік қабілетін дамытуға, құқықтық мәдениетін нығайтуға және заманауи басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Турнирдің ашылуында Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Данияр Сарымбеков сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтегі білім,…
-

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында
«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы аясында өткен іс-шараға Семей қаласы мәслихаты аппаратының қызметкерлері де қатысты. Атап айтқанда, аппарат басшысы Азат Құсайынов пен құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Айбат Нығметжанов тұрғындарға құқықтық кеңес беру жұмысына атсалысып, азаматтардың сауалдарына жауап берді. Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға білікті заң көмегін қолжетімді ету және өзекті құқықтық…
-

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелері қалалық комиссия отырысында талқыланды
2026 жылғы 24 маусымында Көкшетау қаласында қала әкімінің орынбасары А.Б.Нөгертаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Қатысушылар еңбек саласының өзекті мәселелерін талқылады, ал негізгі баяндамамен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев сөз сөйледі.Кездесу қорытындысы бойынша Көкшетау қаласында әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1247719?lang=ru
-

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 5-ші өрт cөндіру бекеті ашылды
Жетісу облысының Көшкентал ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – өңірде аталған бағдарламамен ашылған 5-ші бекет, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Қанат Алтынбековтің айтуынша, шалғай жерлерде жедел әрекет ететін қызметтің болуы аса маңызды. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдай министрлігінің «Ауыл құтқарушылары»…
-

Алматы облысы аумағында «Автобус» жедел профилактикалық іс—шарасы өтуде
19–23 маусым аралығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйі, жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауы және жолаушылар тасымалы саласындағы заңнама талаптарының орындалуы тексеріледі. Бұл жұмыс «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық жүргізушілер мен тасымалдаушыларды өз міндеттеріне…
-

Белое ауылдық округі әкімдігі аппаратының мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Белое ауылдық округі әкімдігі аппаратының мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бірінші кезектегі қажетті тауарлардың ағымдағы баға жағдайын зерделеу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Мониторинг барысында округ аумағындағы сауда нысандары араланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енгізілген негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына талдау жасалды. Сондай-ақ, тауарлардың сөрелерде болуы,…
-

Қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығын әртараптандыру жобалары талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев қытайлық компаниялардың өкілдері Ван Дэфэнг, Лю Сювэй, Ван Цинцай және Бай Яньлунмен кездесті.Кездесуде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын енгізуге, суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән беріліп отырғанын атап…
-

Қарағанды облысының ветеринария басқармасының «Нұра аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына орналасуға сұхбат өткізу КЕСТЕСІ
Сұхбат өткізу кестесі № Аты-жөні Форматы Күні мен уақыты Сұхбат өткізу орны, платформасы 1 УАШЕВ РИНАТ Онлайн 30.06.2026 15:00 ZOOM платформасы 2 ОМИРБЕКОВ АРДАК Онлайн 30.06.2026 15:00 ZOOM платформасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-veterinaria/press/news/details/1247726?lang=ru
-

Бюро ресми статистика пайдаланушыларымен кезекті онлайн-сессия өткізді
Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен кезекті онлайн-сессия ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ЖОО, зерттеу қауымдастығының өкілдері және түрлі сала сарапшылары қатысты. Тұрақты онлайн-сессиялар статистика деректерін пайдаланушылармен өзара іс-қимылды дамытуға, өзекті мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог алаңын қалыптастыруға, сондай-ақ Бюро мен кәсіби қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Кездесу барысында Бюро мамандары өз…
-

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары «Ertis promenade» орталық жағалауында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді. Өңір тұрғындары келіп, сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және…
-

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АХМЕТОВ М.А. «БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕМАЛЫСТА ЖҮРГЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, СОНДАЙ-АҚ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ
Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жүкті әйелдерге берілетін кепілдіктер, жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру, еңбек шартын заңсыз бұзудан қорғау, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыста жүрген жұмыскерлердің құқықтарына қатысты негізгі нормалар түсіндірілді. Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде жұмыс орнының (лауазымының) сақталуы, жұмысқа мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігі және еңбек құқықтары бұзылған жағдайда…
