Санат: Жаңалықтар
-
ШҚО-да 100-ге жуық жаңа мектеп автобустары сатып алынады
Шығыс Қазақстан облысында мектеп автобустарының паркі жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді. Оның айтуынша, лизингтік бағдарлама аясында 100-ге жуық жаңа мектеп автобустарын сатып алу жоспарлануда. «Өңірдегі мектеп автобустарының басым бөлігі ескірген. Көліктердің көпшілігі 2007 жылдары алынған, сондықтан бұл мәселе көптен бері шешуді талап етіп келген», –…
-
Қызмет алуды бұрынғыдан да икемді әрі ыңғайлы ететін экстерриториялық қызметтер
Цифрлық шешімдердің дамуы мемлекеттік қызмет көрсету форматын түбегейлі өзгертіп келеді. Елде цифрландыру бағыты аясында азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған түрлі сервистер қарқынды дамуда.📍Солардың бірі – қызмет алуды бұрынғыдан да икемді әрі ыңғайлы ететін экстерриториялық қызметтер. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1193224?lang=kk
-
Абай облысында прокуратура бюджет қаражатының заңсыз төленуін тоқтатты
Бородулиха ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерінің жолын кесті. Анықталғандай, әкімдік қызметкерлеріне негізсіз материалдық көмек көрсетілген. Қолданыстағы қағидалардың талаптарын бұза отырып, жергілікті органдар бюджет қаражатының үнемделген есебінен қызметкерлердің мерейтойлық күндеріне байланысты 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық көмек төлеген. …
-
Ай сайын 600 мың теңгеден астам: Атырау облысында инвесторлар үшін электр энергия тарифінің негізсіз көтерілгені анықталды
Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар өнімдер саласындағы жобаларды іске асырып жатқан инвесторлар үшін электр энергия тарифінің негізсіз көтерілгені анықталды. Атырау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлестіру барысында құны 10 млрд теңге болатын құс фабрикасын салып жатқан «Atyrau Chicken» ЖШС құқығын қорғап қалды. «Атырау Жарық» тарифтерді қолдану кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілер үшін заңда…
-
Абай облысында 400-ге жуық баланың қатысуымен қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Абай облысында өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жолда өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру бағытында қауіпсіздік сабағы өтті. Семей қаласының №51 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылған бұл профилактикалық кездесу бастауыш сынып оқушыларына арналды және 400-ге жуық бала қамтылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас жеткіншектерге жол қозғалысы ережелерін ерте жастан бастап…
-
12 ақпан күні Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынга өкілі Амангелді Аблолов аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың қабылдауында болды.
12 ақпан күні Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынга өкілі Амангелді Аблолов аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың қабылдауында болды. Кездесу кезінде өңірдің экономикалық даму қапқынымен бірге ауыл тұрғындарының әлеуметтік ахуалы туралы әңгіме қозғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193230?lang=kk
-
“Нұрбала” балалар орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударды
Мойынқұм ауданында ерекше балаларға арналған “Нұрбала” балалар орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударып, өз жұмысын жаңаша форматта жалғастыруда. Жаңа нысан орталық қызметінің сапасын арттырып, тәрбиеленушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жуырда медиа орталық ұжымы арнайы барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Сапар барысында жаңа ғимараттың талапқа сай жабдықталғаны, балалардың жан-жақты дамуына барлық мүмкіндік қарастырылғаны анық байқалды. Жаңа…
-
Абай облысында жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 26 358 азамат анықталды
Абай облысының Полиция департаменті жыл басынан бері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Жүргізілген бақылау нәтижелері қоғамның назарын жолдағы қауіпсіздік мәдениетіне аудару қажеттігін көрсетеді. Ағымдағы жылдың басынан облыс аумағында қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер мен жолаушылардың саны 26 358 фактіге жетті. Бұл жағдай тек әкімшілік құқықбұзушылық болып қана қоймай, сонымен бірге адам өміріне…
-
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы жас қызметкерлердің алғашқы шенін салтанатты түрде табыс етті
Ішкі істер министрлігінің оқу орталығында кәсіби даярлықтан өткен 45 жас қызметкерге алғашқы арнайы атақтар табысталып, олардың құқық қорғау саласындағы қызмет жолына ресми қадам басуы айрықша аталып өтті. Бұл күн – олардың өміріндегі маңызды белес қана емес, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты миссияның бастауы болды. Салтанатты рәсім барысында департамент бастығы полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров…
-
Абай облысында жыл басынан бері 932 дебошир анықталды.
Абай облысында құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында полиция органдары жүйелі әрі нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері өңірде барлығы отбасылық тұрмыстық қатынастар саласында 1022 құқық бұзушылық фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде 932 дерек отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге тиесілі. Сонымен қатар, 92 жағдай бойынша қорғау нұсқамасын бұзу фактілері анықталды. Аталған…
-
Қарағанды облысында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы қорытындыланды.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 1-бағыты – тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Осы бағыт аясында көрнекі ақпаратты дұрыс жазу, оны мемлекеттік тілде ресімдеу және түсіндіру-консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру көзделген. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан өңіріміздің шағын және орта бизнес нысандарындағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың…
-
Астанада ерекше балалардың концерті өтті
Астанада 2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні аясында қайырымдылық іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ерекше балалардың шығармашылығын қолдауға бағытталған шараны Нұра ауданының әкімдігі Astana Opera мемлекеттік опера және балет театры, Abaqus-Daryn қоры және Болат Өтемұратов қоры бірлесіп ұйымдастырды. Astana Opera театры ғимаратында ерекше балалардың қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, ол…
-
Семей қаласында табиғатты қорғау полициясы қоғамдық орынды ластаушының жолын кесті.
Семей қаласының полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғандарды анықтау және табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерді тоқтату мақсатында арнайы рейд өткізді. Аталған іс-шара барысында қоғамдық орындар, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ ұйымдарға тиесілі іргелес аумақтар жан-жақты тексерілді. Тексеру кезінде санитарлық жағдайға, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесіне және іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарының…
-
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет берілді. Министр адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырды. Мемлекет басшысына еңбек…
-
Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Б. Бердалин Қызылжар ауданы Якорь ауылындағы ветеринариялық пунктке жұмыс сапарымен барды
2026 жылғы 2 сәуірде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бейсенбайұлы Бердалин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қызылжар ауданы Якорь ауылында салынған ветеринариялық пункттің жұмысымен танысуға барды. Аталған нысан 2025 жылы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту туралы тапсырмасын орындау жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған жол картасын іске асыру аясында тұрғызылды.Ветеринариялық пункт…
