Санат: Жаңалықтар
-
СТЕПНОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «АУЫЛДАР КҮНІ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ
СТЕПНОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «АУЫЛДАР КҮНІ» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ Степной ауылдық округінде ауыл тұрғындарының басын қосқан «Ауылдар күні» мерекелік шарасы ұйымдастырылды.Мерекелік жиын ауылдың бірлігі мен берекесін арттырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мерекелік шара ән мен күйге ұласып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Тұрғындар жылы лебіздерін білдіріп, ауылдың өсіп-өркендеуіне, елдің амандығы мен берекесінің артуына тілектестік танытты. Ақпарат көзі…
-
Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтауы керек: Денсаулық сақтау министрлігі оқу жылы қарсаңында ата-анаға ұсынымдар берді
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін ата-аналарға балалардың қалыпты ұйқы режимін алдын ала қалпына келтіру ұсынылады. 6–12 жастағы мектеп оқушылары тәулігіне 9–12 сағат, ал 13–18 жастағы жасөспірімдер 8–10 сағат ұйықтауы қажет. Толыққанды демалыс баланың зейінін шоғырландыруына, жаңа ақпаратты жақсы меңгеруіне және оқу күні бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтауға көмектеседі. Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау…
-
Қиғаш өзенінің бойындағы «Lotus Fest» фестивалі басталды
15–16 тамыз күндері Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінде ерекше табиғат аясында өтетін «Lotus Fest» фестивалі өз жұмысые бастады. Фестиваль қонақтарын туристік сайыстар, «Lоtus Run» марафоны, балалар ойын алаңы, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама,фотозоналар,сауда саттық павилиондары, қолөнер жәрмеңкесі, фуд корттар күтеді. Ең бастысы – Қиғаш өзенімен қайықпен серуендеп, табиғаттың сирек кездесетін ғажайыбы –…
-
Жетісу облысының прокуратурасы мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдың толық өндіріліп түсуін қамтамасыз етті
Жетісу облысының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде тағайындалған әкімшілік айыппұл мөлшері ұлғайтылды. Панфилов аудандық сотының қаулысымен халықаралық мультимодальды логистика саласында қызмет атқаратын АҚ-ның филиалы ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабының…
-
Қазақстанда Қожанасыр туралы халықаралық фильмнің түсірілімі аяқталады
Қазақстанда «Молла Насреддин: Друг тяжелых дней» халықаралық тарихи көркем фильмінің түсірілім жұмыстарының соңғы кезеңі басталды. Жоба түркі әлемінің алты елінің киногерлерін біріктіріп отыр. Бұған дейін түсірілім тобы Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанда жұмыс істеді. Фильмнің соңғы көріністері Алматы облысында, Алматы және Түркістан қалаларында, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында түсіріледі. Жоба 2023 жылы…
-
СҚО-да полицейлер жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін ұстады
12 тамызда Мамлютка аудан орталығына қарай келе жатқан жүргізушілер полицейлердің қуғынына куә болды. Қызметтік екі көлік ақ түсті «Нива» автокөлігін қуды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Полицейлер 42 жастағы жүргізушіні Воскресеновка ауылының маңында ұстады. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабынан «қорқып», бой тасалауға тырысқан. Полицейлердің заңды талабына бағынбағаны үшін оған 3 тәулікке дейін әкімшілік…
-
Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерге балаларға стоматологиялық көмектің нақты қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдің басшыларына балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Мектепке дейінгі жастағы балаларға және ем алуға талон алу кезінде кезектерді жоюға ерекше назар аударылды. «Біз үшін ең бастысы – есептілік те, қағаз жүзіндегі көрсеткіштер де емес. Әр көрсеткіштің артында нақты бала және нақты отбасы тұр. Егер ата-ана…
-
Таразда Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды
Халықаралық археологтар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Тараз археологиясы: Қарахан мемлекетінен қалған нумизматикалық жәдігерлер» атты көрме ашылды. Көрмеге Тараз қаласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында табылған, Қарахан мемлекеті кезеңіне жататын 104 нумизматикалық жәдігер қойылды. Олардың қатарында тиындар мен басқа да археологиялық олжалар бар. Ұсынылған жәдігерлер ортағасырлық кезеңдегі ақша айналымы мен сауда-экономикалық байланыстарды зерделеуге…
-
59 медаль және 16 рекорд: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар командасы Ташкентте өткен Азия чемпионатындағы жарысты жоғары нәтижемен аяқтады. Қазақстандық ауыр атлеттер құрлық додасында 59 медаль, оның ішінде 19 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұлттық құрама спортшылары 16 рекорд — 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа…
-
Елорданың мәдениет қайраткерлері Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай челлендж бастады
Бүгін, 15 тамызда қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай елорданың мәдениет қайраткерлері шығармашылығына арналған музыкалық челлендж бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың танымал шығармаларын орындап, әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдап жатыр. Челлендж композитордың шығармашылық мұрасы арқылы әр буын өкілін тоғыстырады. Оның туындылары бүгінде қазақтың музыкалық мәдениетінің…
-
«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН МАҢЫЗДЫ БАСҚОСУ
Ауданымызда ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған «Тұзданған топырақ жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің тиімді жолдары» тақырыбында «Дала күні – 2026» ғылыми-практикалық семинары өтті. Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Биыл аудан аумағындағы егістік көлемі 70 518 гектарды құрап отыр. Осыған байланысты жердің құнарын сақтау, су ресурстарын тиімді пайдалану, өнімділікті арттыру және…
-
ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА
Түркістанда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен Халықаралық жастар күніне орай «Түркістан жастары: бір толқында!» атты мерекелік кеш өтті. «Жібек жолы» саябағында өткен шарада жастардың өнері, спорттағы жетістіктері мен шығармашылық әлеуеті көрініс тапты. Кеш бағдарламасында би және музыкалық қойылымдар, сән көрсетілімі, акробатикалық шоу және түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен мерекелік отшашу ұсынылды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жастарды…
-
СПОРТ КҮНІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ
Елімізде жыл сайын тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде «Спорт күні» мерекесі атап өтіледі. Осыған орай, Түркістан облысында Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға өңірдің спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар, дене шынықтыру саласының мамандары және спорт жанашырлары қатысты. Іс-шара барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты Спорт күнімен құттықтап, өңірде бұқаралық және кәсіби спортты дамыту…
-
ТҮРКІСТАНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР КЕҢЕЙІП, ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «TURAN» арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарын аралап, өндірістік жобалардың іске асу барысы мен құрылыс қарқынын және аумақтарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Алдымен ламинат өндіруге бағытталған құны 5 млрд теңге болатын «Qaz Natural Laminat» ЖШС-нің өндірістік нысанында болды. Бірінші кезеңі іске қосылған кәсіпорын қазір өндірісті кеңейтуге бағытталған екінші…
-
Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы өтуі жөніндегі хабарлама
Талас аудандық мәслихат депутаттарының НАЗАРЫНА Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс LX сессиясы 2026 жылғы тамыз айының 18-ші жұлдызы күні сағат 16:00 де , тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы 15: 00 де өткізіледі. Күн тәртібінде: Талас аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №50-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Талас аудандық…
