Санат: Жаңалықтар
-
Облыс әкімі Бесқарағай ауданының жаңа әкімін таныстырды
«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес 2026 жылдың 31 наурызынан бастап Ділдар Қалиқанұлы Қалиқан Бесқарағай ауданының әкімі болып сайланды. 29 наурызда Бесқарағай ауданында өткен аудан әкімін тікелей сайлау қорытындысында Ділдар Қалиқан басым дауыспен жеңіске жетті. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін оны аудан активіне таныстырды. Былтырдан бастап «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес облыстық маңызы бар…
-
«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 252 842 өтініш орындалып, жалпы сомасы 41,84 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 26,35 млн АҚШ долларына 158…
-
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды
Бесқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды. 2026 жылдың 31 наурызда Бесқарағай ауданы активінің кеңесі өтті , онда Бесқарағай ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Баталов Бауыржан Жекенұлы сайланған әкім Қаликан Ділдар Қалықанұлына куәлік табыс етті. Бесқарағай ауданының тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Қалиқан Ділдар Қалиқанұлы 2026 жылғы 31 наурыздан бастап…
-
“Таза Қазақстан”
“Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасын іске асыру аясында “Тойсай” ЖШС техникасын тарта отырып, нопокров мектебінің маңындағы, сондай-ақ тұрғын үй секторы ауданындағы Финская көшесіндегі су өткізу жолдарын Жедел тәртіппен тазарту жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар су бұру арналарының өткізу қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптарды сақтай отырып, толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. Қабылданған шаралар аумақтардың су басуына жол…
-
Б.Момышұлы ауылында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Б.Момышұлы ауылы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі, балаларды қараусыз қалдырмау, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының алдын алу және автокөлік өрттерінің себептері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарға тұрмыстағы өрттің алдын алу шараларын кеңінен түсіндірді. Әсіресе электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, пеш пен газ жабдықтарын…
-
Сарысу ауданында шаруа қожалық иелерімен дөңгелек үстел өтті
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері шаруа қожалық иелерімен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында алыс жайылымдарда жұмыс істейтін малшыларды спутниктік байланыс құралдарымен және ұялы телефондармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, GPS құрылғыларын пайдалану арқылы адамдардың орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсету мүмкіндіктері түсіндірілді. Дөңгелек үстелде табиғи және техногендік қауіптердің…
-
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында бірқатар маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған өзгерістер келесі нормативтік-құқықтық актілер аясында жүзеге асырылды: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы (өзгерістер мен толықтыруларымен). Жаңартулардың…
-
Е-Апостиль
Құжаттарға апостиль қою- бұл шетелде іс- әрекет етуге қажет құжаттарды ресімдеуге арналған белгілі бір заңды талаптарды орындау әрекеттер рәсімі. Азаматтар шетелге отбасы жағдайымен немесе оқуға және т.б бойынша шекарадан өткенде құжаттарға апостиль қою рәсімі қолданылады. Апостиль бір елге берілген ресми құжаттың сенімділігін басқа елдің аумағында дәлелдеу үшін қажет. Осыған байланысты апостиль халықаралық құжат алмасуда маңызды …
-
Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді – алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын…
-
Жылдың басынан ШҚО-да 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлады. Өңір тұрғындары көбінесе автокөлікке қатысты қызметтерге жүгінеді. Мәселен, көлік құралдарын тіркеу ең сұранысқа ие қызмет болып, шамамен 19 мың өтініш қабылданған. Екінші орында — Қазақстан Республикасы…
-
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аудандық мәслихат депутаттарына Алғыс хаттар
Бүгін салтанатты жағдайда, қоғам өкілдерінің қатысуымен аудан әкімі Е.Қ. Жаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аудандық мәслихат депутаттары Р.Б. Даироваға, Ә.К. Мырзалинаға, С.С. Мұстафинге және М.А. Уәйісовке Алғыс хаттар табыс етті. Бұл жоғары марапат олардың жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы және Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізуге қосқан елеулі үлестерінің лайықты…
-
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың старт беру кезеңі
25 қыркүйек күні «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС-де ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінің салтанатты ашылу сәті өтті. Олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиадаға аудан бойынша 34 мектептен 392 оқушы тіркелді. Олимпиада 4 кезең бойынша өтеді. 9-11 сынып оқушылары…
-
Өскемен қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2026 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласының №1 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды. Ол Сәтпаев көшесі, 34/2 мекенжайында орналасқан. Ал, Қазақстан көшесі, 99/1 мекен-жайында орналасқан Өскемен қаласының №2 ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі —…
-
Алтай қаласында көпірлер мен су өткізгіш құбырларға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Алтай қаласында су тасқыны жағдайы қалыпты.Вторушка өзенінің тоғанының жағасында қосымша сорғы орналасқан, төтенше жағдай туындаған жағдайда, ол суды бөлек құбыр арқылы ағызып, Бажова көшесіндегі сорғы станциясының су басуына жол бермейді. Сорғы станциясындағы арнайы бөлмесінде дизель генераторы орналасқан. Ол электр қуаты өшкен жағдайда сорғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Вторушка өзеніндегі жасанды көлде қақпалар, қорғаныс тежегіштер…
-
Среднегорное ауылдық округінің аумағында су тасқыны қаупі кезеңге дайындыққа бағытталған бірқатар алдын алу шаралары жүргізілді.
Атап айтқанда жаңбыр және еріген сулардың кедергісіз ағынын қамтамасыз ету үшін су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары жүргізілді.Барлығы 3 су өткізгіш құрылысы тазартылды:– Среднегорное ауылында Заречная көшесі бойындағы Блиновский бұлағы арқылы өтетін су өткізгіш;– Среднегорное ауылында Центральная көшесі бойындағы су өткізгіш;– Андреевка ауылында Крутишка көшесі бойындағы Березовка өзені арқылы өтетін су өткізгіш.Жұмыс барысында өзен арналары мен…
