Санат: Жаңалықтар
-
Сарысу ауданында шаруа қожалық иелерімен дөңгелек үстел өтті
Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері шаруа қожалық иелерімен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында алыс жайылымдарда жұмыс істейтін малшыларды спутниктік байланыс құралдарымен және ұялы телефондармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, GPS құрылғыларын пайдалану арқылы адамдардың орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсету мүмкіндіктері түсіндірілді. Дөңгелек үстелде табиғи және техногендік қауіптердің…
-
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
Қазақстан Республикасында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында бірқатар маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған өзгерістер келесі нормативтік-құқықтық актілер аясында жүзеге асырылды: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы (өзгерістер мен толықтыруларымен). Жаңартулардың…
-
Е-Апостиль
Құжаттарға апостиль қою- бұл шетелде іс- әрекет етуге қажет құжаттарды ресімдеуге арналған белгілі бір заңды талаптарды орындау әрекеттер рәсімі. Азаматтар шетелге отбасы жағдайымен немесе оқуға және т.б бойынша шекарадан өткенде құжаттарға апостиль қою рәсімі қолданылады. Апостиль бір елге берілген ресми құжаттың сенімділігін басқа елдің аумағында дәлелдеу үшін қажет. Осыған байланысты апостиль халықаралық құжат алмасуда маңызды …
-
Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді – алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын…
-
Жылдың басынан ШҚО-да 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлады. Өңір тұрғындары көбінесе автокөлікке қатысты қызметтерге жүгінеді. Мәселен, көлік құралдарын тіркеу ең сұранысқа ие қызмет болып, шамамен 19 мың өтініш қабылданған. Екінші орында — Қазақстан Республикасы…
-
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аудандық мәслихат депутаттарына Алғыс хаттар
Бүгін салтанатты жағдайда, қоғам өкілдерінің қатысуымен аудан әкімі Е.Қ. Жаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан аудандық мәслихат депутаттары Р.Б. Даироваға, Ә.К. Мырзалинаға, С.С. Мұстафинге және М.А. Уәйісовке Алғыс хаттар табыс етті. Бұл жоғары марапат олардың жауапкершілігі, белсенді азаматтық ұстанымы және Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізуге қосқан елеулі үлестерінің лайықты…
-
Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың старт беру кезеңі
25 қыркүйек күні «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС-де ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінің салтанатты ашылу сәті өтті. Олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиадаға аудан бойынша 34 мектептен 392 оқушы тіркелді. Олимпиада 4 кезең бойынша өтеді. 9-11 сынып оқушылары…
-
Өскемен қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2026 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласының №1 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды. Ол Сәтпаев көшесі, 34/2 мекенжайында орналасқан. Ал, Қазақстан көшесі, 99/1 мекен-жайында орналасқан Өскемен қаласының №2 ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі —…
-
Алтай қаласында көпірлер мен су өткізгіш құбырларға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Алтай қаласында су тасқыны жағдайы қалыпты.Вторушка өзенінің тоғанының жағасында қосымша сорғы орналасқан, төтенше жағдай туындаған жағдайда, ол суды бөлек құбыр арқылы ағызып, Бажова көшесіндегі сорғы станциясының су басуына жол бермейді. Сорғы станциясындағы арнайы бөлмесінде дизель генераторы орналасқан. Ол электр қуаты өшкен жағдайда сорғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Вторушка өзеніндегі жасанды көлде қақпалар, қорғаныс тежегіштер…
-
Среднегорное ауылдық округінің аумағында су тасқыны қаупі кезеңге дайындыққа бағытталған бірқатар алдын алу шаралары жүргізілді.
Атап айтқанда жаңбыр және еріген сулардың кедергісіз ағынын қамтамасыз ету үшін су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары жүргізілді.Барлығы 3 су өткізгіш құрылысы тазартылды:– Среднегорное ауылында Заречная көшесі бойындағы Блиновский бұлағы арқылы өтетін су өткізгіш;– Среднегорное ауылында Центральная көшесі бойындағы су өткізгіш;– Андреевка ауылында Крутишка көшесі бойындағы Березовка өзені арқылы өтетін су өткізгіш.Жұмыс барысында өзен арналары мен…
-
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырыс өтті. Жиынды комиссия төрағасы Ербол Салықов жүргізді. Отырысқа облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері, облыстық ветеринария басқармасы, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшылары және осы салаға қатысты инспекция басшылары мен мамандары қатысты. Күн тәртібінде өңір аумағында…
-
Бейжіңде Қазақстан-Қытай теміржол көлігі жөніндегі кіші комитеттің 16-шы отырысы өтті
Бейжің қаласында Қазақстан-Қытай теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 16-шы отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік теміржол басқармасы басшысының орынбасары У Дэджин тең төрағалық етті. Отырыс барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалдарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру мәселелері қаралды. Тасымал көлемінің…
-
Астана мен Скопье саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді
Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары саяси консультациялардың 3-ші раунды күн тәртібінің негізгі тақырыбына айналды. Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Солтүстік Македония Сыртқы істер және сыртқы сауда министрінің орынбасары Зоран Димитровски екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын атап өтті, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Дипломаттар Президент Гордана…
-
Отандастарымыздың зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 наурызына 26,87 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,19 трлн теңгеге немесе 18,5%-ға өсті. 2026 жылдың 1 наурызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,23 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңге (15,3%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 746,91 млрд…
-
Семей қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады
Семей қаласының тұрғындары «Персоналды менеджер» қызметін пайдалана алады. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, үйде немесе кеңседе алуға болады. Бұл туралы Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы хабарлайды. Қызмет көрсетуші маман көрсетілген мекенжайға — үйге немесе кеңсеге, өтініш берушіге ыңғайлы уақытта келеді. Персоналды менеджер құжаттарды қабылдап, кеңес береді…
