Санат: Жаңалықтар
-

Қарағанды облысында Құтқарушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Мерекелік жиында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері марапатталып, олардың мінсіз қызметі мен кәсіби жетістіктері атап өтілді. Бірқатар қызметкерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталып, кейбір қызметкерлерге кезектен тыс арнайы атақтар берілді. Бұл марапаттар – құтқарушылардың қажырлы еңбегіне, адал қызметі мен ерлігіне көрсетілген құрметтің белгісі. Олар күн сайын қауіп-қатерге…
-

Тимирязев ауданының спорт ардагерлері!
2026 жылғы 2 қазанда Тимирязев ауданында Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың ауданның қоғамдық өміріне қосқан еңбегін атап өтуге арналған ерекше күн болды. Іс-шара барысында аудан әкімі Жаров Ерлан Қайырұлы спорт ардагерлеріне белсенді өмір салтын ұстанып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі, жастарға үлгі болып, салауатты…
-

Бүгін Тараз қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтуде
Тазалық шарасына қаладағы барлық бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, ұйым өкілдері, кәсіпкерлік нысандардың иелері және жастар белсенді түрде атсалысуда. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар, аулалар және мекемелерге қарасты аумақтар тазартылып, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала аумағына тал егу жұмыстары да қолға алынған. Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір тұрғын мен кәсіпкер өзіне…
-

Қостанай облыстық ауруханасының хирургтері өңір тарихында алғаш рет құрсақ қолқасының аневризмасы бар науқасқа стент-графт имплантациясын жасады
Қостанай облыстық ауруханасының хирургтері өңір тарихында алғаш рет құрсақ қолқасының аневризмасы бар науқасқа стент-графт имплантациялау бойынша эндоваскулярлық операция жасады. Аневризманың диаметрі шамамен 6 сантиметрді құрады. Операцияны аурухананың бас директорының орынбасары, интервенциялық хирург Сергей Мусаев жүргізді. Науқас ауруханаға жедел панкреатитке күдікпен түскен. Алайда тексеру барысында облыстық аурухананың дәрігерлері басқа да қауіпті патологияны — құрсақ қолқасының аневризмасын…
-

Қазақстан ТҮРКСОЙ халықаралық жастар кездесуіне қатысып жатыр
Қазақстандық делегация 2026 жылғы 17-21 қазанда Түркияның Трабзон қаласында өтіп жатқан халықаралық жастар кездесуіне қатысып жатыр. Іс-шара Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) аясында ұйымдастырылған. Кездесу қатысушы елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және пікір алмасуға бағытталған. Іскерлік бағдарлама аясында цифрлық технологияларды дамыту, бүгінгі сын-қатерлер және мәдени құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша сессиялар өтті.…
-

Қызылордадағы түзеу мекемесіне тыйым салынған затты өткізу әрекеті әшкереленді
Қызылордада түзеу мекемесіне гамбургердің ішіне насыбай жасырып өткізбек болған. Қызылорда қаласындағы №60 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді. Атап айтқанда, 9 жылға бас бостандығынан айырылған сотталғанның інісі сәлем-сауқат арқылы гамбургердің ішіне жасырып, төрт дана насыбай өткізбек болған. Алайда мекеменің бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі мен…
-

Павлодар облысының құтқарушылар қатары жаңа қызметкерлермен толықты
Павлодар облысындағы Құтқарушылар аллеясында салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Төтенше жағдайлар департаментінің 20 жаңа қызметкері қызметке адал болуға ант берді. Жас мамандардың басым бөлігі өрт сөндіру бөлімшелеріне жұмысқа қабылданды. Алда оларды адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайларды жою және қиындыққа тап болғандарға көмек көрсету сияқты жауапты міндеттер күтіп…
-

«Біздің үйде енді 4 полицей»: Атыраулық полицейдің отбасы
Атыраулық полицей Қуаныш Әбдештің бір жасар егіз ұлдары Ернар мен Санжар полиция формасын киіп, сүйкімді кішкентай сақшыларға айналды. Қос бүлдіршіннің бұл бейнесі ата-анасына ерекше қуаныш сыйлайды. Қуаныш Әбдеш 2020 жылдан бері патрульдік полиция қызметінде еңбек етеді. Ол Халел Досмұхамедов атындағы университетте құқықтану мамандығы бойынша білім алған. Жұбайы Асылай Қайырбергенова да полиция қызметкері. Ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа…
-

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «С5+1» форматындағы министрлік кездесуге қатысты
2026 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Самарканд қ. өткен Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер ведомстволары басшылары және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысқан «С5+1» форматындағы министрлік кездесуге қатысты. Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері…
-

Шымкент полициясының жас қызметкерлері Ант қабылдады
Шымкент қаласы Полиция департаментінде жас қызметкерлердің салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға департамент басшылығы мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Жас қызметкерлер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант берді. Рәсім барысында жас мамандарға қызметтік міндеттерін абыроймен атқару, халықтың сенімін ақтау және қызметтік тәртіпті сақтау қажеттігі айтылды. Ақпарат…
-

2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің деректерін ескере отырып, халыққа атаулы әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды. Алдағы өзгерістерге байланысты өңір басшысы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева хабарлағандай, ҚР Еңбек…
-

ЕЛОРДАЛЫҚ ПАРАЖҮЗУШІЛЕР – АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында паражүзуден Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында елордалық екі спортшы – Әли Тұрғанбеков пен Сиязбек Дәлиев, сондай-ақ Наталья Звягинцева мен Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті. 4×50 метрге кешенді жүзуден аралас эстафетаның финалында қазақстандық спортшылар 2 минут 54,22 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға…
-

«Надежда» облыстық спартакиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Сертификаттар Тимирязев ауданының намысын облыстық «Надежда» спартакиадасында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында лайықты қорғаған спортшыларымызға табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ofks-timirazevo/press/news/details/1313808?lang=ru
-

Мемлекет басшысы Қазақстанның сирек кездесетін жануарларды сақтау мен көбейту жолындағы күш-жігеріне тоқталды
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазірдің өзінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеді. Елімізде киік санының көбеюін осы жетістіктердің бірі ретінде атап өтуге болады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы чех, неміс және мажар әріптестерімізбен бірге қазақ даласына Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру қолға алынғанын атап өтті. https://t.me/aqorda_resmi/36399 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-rodnikov/press/news/details/1313809?lang=ru
-

«Алтынемел – құландар мекені»: Жетісудағы туристік фестивальге бес елден қонақтар келді
Жетісу облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өткен «Алтынемел – құландар мекені» туристік және мәдени-экологиялық фестиваліне мыңнан астам адам жиналды. Қатысушылар қатарында Ұлыбритания, Үндістан, Франция, Ресейден, соның ішінде Якутиядан қонақтар, сондай-ақ Астана, Алматы, Талдықорған қалалары мен Алматы облысының тұрғындары бар. Биыл фестиваль алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Фестиваль аясында спорттық жүгіру жарыстары, этномәдени қойылымдар, ежелгі…
