Санат: Жаңалықтар
-

Семей қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта алғашқы құрылыс нысандары басталды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласында бой көтеретін жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта басталған құрылыс нысандарында болды. Облыс орталығының жаңа келбетіне айналуы тиіс орталықтың макетін аймақ басшысына облыс әкімнің бірінші орынбасары Ербол Садыр таныстырды. Жобаға сәйкес Семей қаласының оң жағалауында аумағы 1000 гектарды құрайтын жаңа әкімшілік-іскерлік орталық салу көзделген. Жалпы тұрғын үй қоры 3 млн шаршы…
-

Жамбыл облысында жылына 60 млн инкубациялық жұмыртқа өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Жамбыл облысында «Gakku Qus» ЖШС-ның асыл тұқымды құс шаруашылығына бағытталған ІІ санаттағы өндіріс орнының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылында жүзеге асатын кәсіпорынның жалпы құны – 3,5 млрд теңге. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады: алғашқы кезеңде жылына 10 млн инкубациялық жұмыртқа өндіру жоспарланса, екінші кезеңде өндіріс қуаттылығы 60 млн данаға…
-

Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Үкімет пен қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық мәселелеріне бірнеше рет аударды. Осылайша, Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді». Түркістан газетіне берген қаңтар айындағы сұхбатында Президент тағы да: Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала…
-

Жолаушыларды ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына қайта конкурс өткізу туралы хабарландыру
2026 жылдың 14 мамыр айында сағ.15.00-де Ертіс ауылы Бөгенбай көшесі 99, 7 кабинет мекенжайы бойынша өтетін жолаушыларды және жүктерді тасымалдайтын, маршруттардың қызметтерінің құқығы туралы «Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» КММ конкурс жариялайды. Конкурсқа келесі маршрут қойылады: – Қызылқақ ауылы – Ертіс ауылы – Қызылқақ ауылы; Конкурсқа жеке меншік нысанына қарамастан автокөлік…
-

ШҚО-да мүгедектік алуға үміткер науқастарды сырттай куәландыру жобасы жүзеге асырылуда
Шығыс Қазақстан облысында мүгедектікке үміткер азаматтарды «жекелеген деректері жасырылған» форматта куәландыру жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл – 2021 жылдан бері енгізілген сырттай проактивті куәландыру жүйесі. Жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыруға бағытталған. ШҚО бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья…
-

2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады. Бұл шара еліміздің 11 өңіріндегі аграрлық сектор өкілдерін қамтиды. Атап айтқанда, бағдарлама Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дәнді және…
-

«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады. Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет: 1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы…
-

Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді
Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, инженерлік желілерде жүргізілген жұмыстардан кейінгі аумақтың жағдайы, жекелеген учаскелерде жол жабындысын қалпына келтіру және асфальт жабынын төсеу қажеттілігі бойынша өтініштер айтылды. Барлық өтініштер мұқият қаралып, соған сай жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар…
-

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш бірлескен бизнес форумға қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш Астанада екі елдің іскер топтары өкілдерінің басын қосқан «Қазақстан-Чехия» бизнес форумына қатысты. Жиында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, сондай-ақ машина жасау, көлік, энергетика, ІТ, авиация өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды. Форумға қатысушыларға арнаған алғысөзінде ҚР Премьер-министрі…
-

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты қолдайды
2026 жылғы 27 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) штаб-пәтерінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл – ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ең маңызды халықаралық келісімдердің бірі, ал оның Шолу конференциясы қазіргі таңда халықаралық шиеленістің өсуі, өңірлік қақтығыстар және қару-жарақты бақылау жүйесінің әлсіреуімен сипатталатын аса күрделі жағдайда өтуде.…
-

Олжас Бектенов Чехия Премьер-министрі Андрей Бабишпен екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанаға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишпен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік-логистикалық, цифрлық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Чехия Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $705 млн-ды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13%-ға ұлғайды, Чехиядан тікелей…
-

Қазақстан делегациясы субұлттық әріптестікті дамыту мақсатында Юта штатына жұмыс сапарымен барды
Солт-Лейк-Сити, 2026 жылғы 28 сәуір – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, бизнес және жоғары білім саласының өкілдерінен құралған делегация 2026 жылғы 24-29 сәуір аралығында Юта штатында жұмыс сапарымен болды. Сапардың мақсаты – Астана мен Вашингтон арасындағы стратегиялық диалог аясында Қазақстан мен Юта штаты арасында тікелей екіжақты әріптестікті дамыту. Бағдарламаның басты іс-шарасы 27 сәуірде Юта штатының Капитолий…
-

Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде
Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданды. Құжатта алғаш рет полиция, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері мен қорғаншылық органдарының жауапкершілік аясы нақты бөлінген. Енді бала құқығының бұзылуы туралы кез келген ақпарат белгіленген мерзімдер мен…
-

Қазақстан және ЕҚЫҰ ДИАҚБ демократиялық реформалар саласындағы диалогты жалғастыруға дайындығын растады
Астана, 2026 жылғы 28 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Астанаға ресми сапармен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен демократиялық институттарды нығайту, сайлау процестерін жетілдіру, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау салаларындағы одан әрі ықпалдастықтың перспективалары қаралды. Тараптар…
-

ТАЗАЛЫҚ — ТАБАЛДЫРЫҚТАН: КЕЛЕС ЖҰРТШЫЛЫҒЫ «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА» ҮЛЕС ҚОСТЫ
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында Келес ауданында «Жасыл болашақ» акциясы өтті. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара халықтың экологиялық мәдениетін арттыруды және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуды көздейді. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тікелей қатысуымен басталған бұл игі шараға 15 мыңға жуық аудан тұрғыны, мемлекеттік…
