Санат: Жаңалықтар
-

Басшыларды тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ тізілім www.e-qazyna.kz веб-порталында «Амангелді ауданы ветеринариялық станция» және «Сарыкөл ауданының ветеринариялық станциясы» КМК басшыларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстар өткізілді Өткізілген…
-

🔹«KazTransOil» АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтті.
2026 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Сейниханов «KazTransOil» АҚ-ға барып, кәсіпорын ұжымын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтады. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және мұндай жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында еңбек қауіпсіздігі мәселесіне…
-

Ақтөбе облысында балаларды қорғау жүйесі күшейтілуде
Облыс әкімі Асхат Шахаров төрағалығымен өткен аппаратт мәжілісінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып қалада және облыс аудандарында балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің сапасын арттыру мақсатында 66 маман жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметіне бақылау күшейтілді. Басқарма мәліметінше, облыста 762 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.…
-

Криминалистің бір күні: әр іздің артында – ақиқат
Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасында таң тыныш басталғанымен, бұл тыныштықтың артында үлкен жауапкершілік жатыр. Себебі криминалист үшін әр күн – белгісіздік пен дәлдіктің, тәуекел мен кәсібиліктің тоғысқан сәті.Аға криминалист Нұрсұлтан Бартаевтың жұмыс күні де осылай басталады. Таңғы жедел жиында түнгі оқиғалар сараланып, алда тұрған міндеттер нақтыланады. Бірақ жоспарланған күн кез келген сәтте өзгеруі мүмкін…
-

Республикалық ағаш егу акциясы
Республикалық ағаш егу акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, Ақшатау кент әкімдігіне қарасты Жарылғап батыр ауылында да тал егу жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1210513?lang=kk
-

«Алғазы орта мектебінің оқушыларымен нашақорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.»
Алғазы орта мектебінде “Болашағың өз қолыңда” тақырыбында нашақорлықтың алдын алу іс- шара жоспары құрылып апталық аясында 9 сынып оқушыларымен “Есірткі – ғасыр дерті” тақырыбында танымдық сабақ өтті.Мақсаты: Оқушылардың есірткіге қарсы көзқарастарын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, қоғамға және адам денсаулығына тигізер зардабын түсіндіру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1210514?lang=kk
-

Жас жол инспекторлары (ЖЖИ) жасақтарының аудандық слеті
Бүгін Жас жол инспекторлары (ЖЖИ) жасақтарының аудандық слеті өтті. Аталған шараға Майқоңыр жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі II орынға ие болды.Құттықтаймыз!!! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-maikonyr/press/news/details/1210515?lang=kk
-

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ АРТЫП, ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ КҮШЕЙУДЕ
Шымкент қаласы инвестициялық белсенділіктің тұрақты өсімін көрсетіп, Қазақстандағы жетекші индустриялық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Қаланың дамуының негізгі қозғаушы күші – жеке капитал ағыны мен өнеркәсіп саласында ірі жобалардың жүзеге асырылуы. Қалада «Оңтүстік», «Тассай», «Жұлдыз», «Бозарық» индустриялық аймақтары және «Standard» жеке индустриялық аймағы қалыптасқан. Бұл алаңдар бүгінде инвесторлар үшін негізгі тартым орталықтарына айналды. Мұнда…
-

Ақтөбеде «Айбын-2026» бастау алды
Ақтөбе облысында «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды іс-шараға өңірдің қала және аудан мектептерінен 14–17 жас аралығындағы жас сарбаздар қатысты. Жиынның мақсаты – патриоттық тәрбиені дамыту, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және жастарды Отан қорғауға дайындау. «Айбын» жобасы биыл 12-рет ұйымдастырылып отыр және осы жылдар ішінде нағыз патриоттарды тәрбиелейтін маңызды алаңға айналды.…
-

Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің…
-

Мәслихаттың индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті
27 сәуір күні мәслихаттың индустриялық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында бірқатар бөлімдердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің 2025 жылға арналған бюджеті 78,8 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына, жолдарды күрделі және орташа жөндеуге, әлеуметтік маңызы бар қалалық жолаушылар тасымалын субсидиялауға бағытталды.…
-

Тазалық шақырымдары
Абаттандыру жұмыстары аясында тас жолдағы қоқысты тазалау жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-novoselov/press/news/details/1210522?lang=kk
-

Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін Феридун Синирлиоғлыға ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феридун Синирлиоғлы орнықты даму, климаттың тұрақтылығы, су ресурстарын тиімді басқару және өзара экономикалық байланысты кеңейту салаларындағы ықпалдастықты дамытуға ниет танытты. Президент еліміз ЕҚЫҰ-мен…
-

Зейнетақы жинағыңызды пайдалану бойынша қызмет ұсынатын делдалдарға сену – аса қауіпті!
Әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын кез келген азаматқа алып беруге делдалдық қызмет көрсетеміз деген ұсыныстар әлі де кеңінен таралуда. Мұндай қызметтер үшін алаяқтар алдын ала төлем жасауды талап етеді, оны олар көрсетілген қызметтің ақысы ретінде негізсіз сұрайды. БЖЗҚ тағы да ескертеді: біржолғы зейнетақы төлемдері делдалсыз және комиссиясыз…
-

АНОНС
2026 жылдың 30 сәуір күні сағат 10:00 Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Қарақия ауданы әкімінің аппаратына бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерінің пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады. Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 71 ғимарат, 13 кабинет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esepmangistau/press/news/details/1210526?lang=kk
