Санат: Жаңалықтар
-

Нұра ауданында заманауи өнер мектебі салынып, мәдениет үйлері жаңартылуда
Нұра ауданында мәдени инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі — Нұра кентінде жаңа өнер мектебінің ашылуы болмақ. Заманауи ғимарат балалардың шығармашылық дамуына арналған орталыққа айналады. Мұнда музыка, хореография және сәндік-қолданбалы өнер бағыттары бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Мектепте 100 орындық акт залы қарастырылған, онда концерттер, қойылымдар және өзге де мәдени іс-шаралар өткізу…
-

Ұйғыр ауданында оқушыларға есірткі қылмысы мен киберқауіптердің алдын алу бойынша құқықтық сағат өткізілді
Ұйғыр ауданында Алматы облысы ПД-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жоғары сынып оқушылары үшін жастардың құқықтық сауаттылығын және цифрлық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара аудандық мәдениет үйінде педагогтар, жергілікті атқарушы органдар өкілдері және Алматы облысы бойынша есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерінің қатысуымен өтті. Кездесу барысында…
-

Шымкент қаласында “Ұлы тұлғалар апталығы” жобасы бастау алды
Шымкент қаласының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 23 сәуір күні дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету, зайырлық қағидаттарын тұрақты түрде ілгерілету, конфессияаралық келісімді және дін аралық толеранттылықты нығайту мақсатында қазақтың ұлы тұлғаларының (Қ.А.Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Аахмет Байтұрсынов, М.Х.Дулати) ұстанымдары мен құнды деректеріне қатысты тарихи-танымдық еңбектерін насихаттау бойынша қала жастарының, тұрғындарының…
-

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы бүкіл ел бойынша жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба бүгінде нағыз халықтық қозғалысқа айналды. Осы игі бастамадан қалыс қалмаған Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы сенбілікке белсене атсалысты. Спорт саласының қызметкерлері тазалық пен абаттандыру жұмыстарына ерекше ықыласпен кірісіп, бекітілген аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш…
-

Алматы облысында «Таза қазақстан» акциясы аясында жастарға арналған профилактикалық іс-шара өтті
Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында тәлімгерлер мен жас мамандардың кездесуі өтті. Іс-шара Іле өзенінің жағасында орналасқан «Көшпенділер қалашығы» аумағында өтті. Шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ нашақорлық пен киберқылмыстың алдын алу болды.Полиция қызметкерлері жастар арасындағы есірткі қылмыстарының алдын алуға ерекше назар аударды. Қатысушыларға тыйым…
-

Айналыңыздан қоқыс пен қалдық көрсеңіз, жол мен саябақтың санитарлық жағдайына көңіліңіз толмаса, Taza Qaz Bot телеграм-ботына жүгіне аласыз
Халықтан келген ақпарат чатқа өтінім түрінде түседі, операторлар ары қарай құзырлы орган өкілдеріне жүктейді. Қала тазалығы – тек коммуналдық қызметтің емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Қаланы таза ұстау – әрқайсымыздың мәдениетіміз бен жауапкершілігіміздің айнасы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1209497?lang=kk
-

Хабарландыру
Хабарландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2026 жылдың 24 мамыр күні сағат 10:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық…
-

Қонаевта құқық қорғау органдары орталық мешітте кибералаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша жұмыс жүргізді
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, сондай-ақ прокуратура өкілдерімен бірлесіп Қонаев қаласының орталық мешітінде профилактикалық жұмыс жүргізді. Профилактикалық іс-шара жұма намазы күні ұйымдастырылды. Бұл күні мешітке түрлі жастағы және әртүрлі әлеуметтік санаттағы азаматтар көптеп келеді. Осындай формат интернет-алаяқтықтың заманауи тәсілдері…
-

БҚО-да студенттермен мемлекеттік қызмет туралы мотивациялық кездесу өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысынын мәдениет, тілдерді дамыту жене архив ісі басқармасымен бірлесіп, Ж.Молдағалиев атындаты Батыс Қазакстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында студенттерімен мотивациялык кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты -тәжірбие алмасу, жас мамандарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және мемлекеттік аппаратқа білікті кадрларды тарту мен ерте кәсіптік бағдарлау институтын қалыптастыру.Кездесуге…
-

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы Зейнетақының жеткіліктілігі ұғымы Жеткілікті зейнетақы табысы – бұл адам зейнеткерлікке шыққаннан кейін бұрынғы өмір сүру сапасын сақтап, елеулі қаржылық шектеулерді сезінбей өмір сүруіне мүмкіндік беретін төлем мөлшері. Зейнетақы жүйесінің жеткіліктілігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – кірісті алмастыру коэффициенті (КАК). Бұл көрсеткіш зейнеткердің бұрынғы…
-

7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы №189 бұйрығына сәйкес, 7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні болып бекітілді.Осы орайда, облысымыздың жергілікті атқарушы органдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлеміне тоқталып өтсек.Жалпы, өткен 2025 жылы 4 531 994 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 98,5%-ы, яғни 4 464 574 қызмет…
-

Өңірде әкімдік жанындағы Ғылыми кеңестің отырысы өтті
Өңірде әкімдік жанындағы Ғылыми кеңестің отырысы өтіп, онда ғылымды дамытудың басым бағыттары мен оларды өңір деңгейінде іске асыру мәселелері қаралды. Ғылыми кеңестің жаңартылған құрамы жұмыс істейді, оның құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың және Ғылым академиясының 25 өкілі енгізілді. Өңірдегі ғылымды дамытудың негізгі басым бағыттары талқыланды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің инновациялық экономикасын қалыптастыруға…
-

«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 252 842 өтініш орындалып, жалпы сомасы 41,84 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 26,35 млн АҚШ долларына 158 774 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін…
-

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: шетелге демалысқа баратын азаматтар үшін кедендік ережелер
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті демалыс маусымы алдында өңір тұрғындарының назарын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығу кезіндегі қолданыстағы кедендік ережелерге аударады. Негізгі шектеу — қолма-қол ақша алып шығуға қатысты: Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес елден 10 000 (он мың) АҚШ долларының эквивалентінен асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын…
-

Профилирование дорог
Әбуевтің қаражаты есебінен кентішілік жолдарды бейіндеу жүргізілдіМагамед-Сали Әбуязитұлы, “1 мамыр” АШК ЖШС директоры.Әбуевке шын жүректен алғысымызды білдіремізМагамед-Сали Әбуязитұлына көмек көрсеткені, бей-жай қарамағаны және ауылымызды абаттандыруға қосқан үлесі үшін. Сіздің қолдауыңыздың арқасында жолдар ретке келтіріліп, тұрғындардың қозғалысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді. Сізге зор денсаулық, амандық және жұмыста одан әрі табыс тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-birlik/press/news/details/1209509?lang=kk
